Ақпараттық технологияларды математика сабағында қолдану

Ақпараттық технологияларды математика сабағында қолдану

Жакешқызы Гүлнар Жаппарова ШҚО. Аягөз ауданы.
Шынқожа ауылы,математика пәнәнің мұғалімі
“Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін  келтіреді:
бірі- математикамен шұғылдану,
екіншісі-одан сабақ беру”
С.Д.Пуассон.
ХХІ ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу  ғасыры.     Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек.Бүгінгі басты мәселеміз-білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы-білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану.Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Оқыту үрдісінде – ақпараттық технологияларды білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, өзімнің тәжірибемде математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудамын.Виртуалды ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып жалпы орта мектептің 5–кластарына арналған  математика пәніндегі негізгі ұғымдардың бірі – «ондық бөлшектер» тақырыбына арналған сабақ үлгісін ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы:  Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;
2. Дамытушылық: Белсенділіктерін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Көрнекіліктері: сабаққа қатысты сызбалар, компьютер, интерактивті тақта,кубик.
Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, ой-толғаныс,  дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, кубизм стратегиясы, іскерлік ойындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару. 

  1. Балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: Білім \» әлемінде \» Жағалау\» бар, сол жағалауды құтқарып, білім алуымыз керек.

Балалар бізге бір тапсырма келді. Соны оқып, тапсырманы орындайық.
Қымбатты балалар!
“Ондық бөлшек” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды  апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек.
Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!
Ендеше балалар көңіл-күйіміз қалай екен? Тамаша әлде жақсы немесе жабырқау ма?

  1. Жорық қағазын көріп алайық.Интерактивті тақта арқылы көрсету

«Тренинг» айлағы.
«Біліктілік» айлағы.
«Жаңа сабақ »айлағы
«Есте сақта»айлағы
«Сиқырлы балық»айлағы
«Ойлау»айлағы
Өтілген тақырыптарды есімізге түсірейік:
 Жай бөлшектерді қосу және азайту.
\"\"  

Жай бөлшектерді көбейту және бөлу
\"\"
ІІ. «Тренинг» айлағы Қандай математикалық амалдарды білесіңдер?
Жақшаны ашу, бөлшекті қысқарту, бөлшектерді қосу және азайту, бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру, ұқсас мүшелерді біріктіру, бөлшектерді бөлу және көбейту.
Қандай түрлендіру  орындалған?
Бөлшекті көбейту, бөлшекті қысқарту, бөлшектерді қосу, бөлшектерді азайту.
ІІІ. «Біліктілік» айлағы. Слайд арқылы көрсету
Өрнектерді өз бағандарына жаз.Екі мысал орындау

Графикалық диктант:  ____-  иә,     ^  — жоқ

  1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.
  2.  \"\"
     бөлшектері қысқарылмайтын бөлшектер.
  3. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады
  4. 15 минут сағаттың     \"\"
     бөлігі
  5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.

Жауабы:
\"\"

IV «Жаңа сабақ» айлағы
Сабақ тақырыбы жазылып, мақсаты айтылады. Ондық бөлшектер  ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза  білуге жағдай жасау;
Бөлімі онға еселік болатын сан  ондық бөлшек деп аталады.
Ақпараттық технологияларды математика сабағында қолдану

Бөлімдері 10, 100, 1000 және т.с.с болатын бөлшектерді

\"\"

жазуға болады.

Оқылуы:
\"\"
нөл бүтін оннан бес

 

 

Жай бөлшекті немесе аралас санды ондық бөлшек түрінде жазу үшін:

  1. Керек жағдайда бөлшектің алымындағы цифрлар саны мен бөліміндегі нөлдер санын теңестіру;
  2. Бүтін бөлігін жазу;
  3. Бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен айыру үшін үтір қою керек;
  4. Бөлшек бөлігінің алымын үтірден кейін жазу керек.

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.
Мысалы: 5,128, мұндағы 1, 2, 8 цифрлары –ондық таңбалары
Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады.
Мысалы: \"\"

 

V «Есте сақта» айлағы
Тарихи деректерге тоқталу.
Ондық бөлшек орта ғасырда араб математиктерінің және олармен бір уақытта Ежелгі Қытайда пайда болған. Еуропа ондық бөлшектерді Нидерланды математигі және инженері Симон Стевин (1548-1620) 1585 жылы “Оныншы” кітабын жарыққа шығарғанда қолнысқа енгізген. Бұл кітап Еуропаға кең тараған. 1585 жылы оны автор француз тіліне аударған. Ал 1608 ж кітап ағылшын тілінде жарық көрген.
VI «Сиқырлы балықтар әлемі»
Есептер шығару: ауызша  №934 , жазбаша: №938
№939, №940
№938
1,2       3,75          9,018         6,0708

№939

\"\"

№940
\"\"

Үлгерімі төмен оқушыға тапсырма:
1. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңдар:

1,7

 

          =

\"\"

0,37

 

5,03

 

0,103

 

2. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңдар:

1,7

 

          =

\"\"

2,32

 

1,817

 

0,2

 

3.    4,648  санында қанша ондық таңба бар және оны көрсет.
4. сөйлемдегі кезедесетін санды жаз.
Күн сәулесі Жерге сегіз бүтін оннан бес минутта жетеді.
Дарынды оқушы №956, №959
VII «Демалыс сәті» балалар енді кішкене демалып алайық,
Көзге арналған жаттығу жасау
VIII «Ойлау» айлағы.
Ондық бөлшек дегеніміз не?
Бөлшектің ондық жазылуында қанша цифр болуы мүмкін?
Ондық таңба деген не?
ІХ. Ұйге тапсырма №936 №941, №942 (жұптары) «Ондық бөлшек» туралы тарихи деректер.
Х  Қорытынды: «Ондық жағалауы»
Мақсатымыз қандай еді?
Сыннан өтуге не көмектесті?

Добавить комментарий