Ар-намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан!

Тақырыбы: Ар-намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан.

Мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кенейте түсу.

Туған жерін, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру, білімдерін дамыту.

Көрнекілігі: Қазақстан әнұраны, дыбыс таспа, плакаттар, суреттер, бүктеме. Шарлар, гүлдер, мультимедиялық тақта. 

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талайқанды қырғынды, зорлық-зомбылықты көрді, қасірет шекті. Соның бірі – Алматыда болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақсы қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес.

Міне, біз бүгін тәрбие сағатымызды желтоқсан оқиғасына байланысты ой толғап, еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма жыл толуына байланысты өз үлесімізді қоспақпыз. Тәуелсіздікке арнап іс-шаралар мектебімізде жалғасып жатса, «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды көруге шақырамыз.

Әнұраным, жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым.

Мәңги бақи шырқалады

Республикам әнұраны. Дей отырып сабағымызды әнұранмен бастайық.

Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

1986 жылы 16-желтоқсанда Пленум өтіп, бірінші хатшы Қонаевты орнынан алып, Колбинды сайлайды. Пленум бұл шешімге не бәрі 18 минут жіберген. Бұл шешімге наразылығын білдірген жастар алаңға шықты.

Жастардың бұл бейбіт шеруін қуып тарату үшін күш көрсетілді. Сапер күректері, өрт машиналары, арнайы әзірленген темір таяқтар, тоқпақтар қолданылды.

 

Замира: Тұтқиылдан түскен суық мәлімет,

 Тарап елге дейді күштеп қабыл ет.

Жалын алаңға қалың жастар қаптады,

Қайды-қайда жариялылық, әділет.

 

Ақжол: Аяз қысып, төкті қыс та қаһарын,

Сиретпеді жастарбірақ қатарын.

Қайдан білсін милиция – қорғаны

Ұрып-соғып, суық сумен атарын.

 

Жәнел: Қайдан білсін аңғал, албырт жастарым

Сойыл, күрек жаратынын бастарын.

Шаштан сүйреп, әскер қорлап қыздарды

Қойдай қамап, айдалаға тастарын.

 

Нұртлеу: Тегеурінді соққылары жарақтан,

Ақша қарға судай ақты қайнап қан.

Қайдан білсін қызбаланған ерлерім

Айырылған Ләззат, Ербол, Сабирадан, Қайраттан.

 

Зарина: Шағылса да тауға тиіп жас тауы,

Ерлік еді намысқа шоқ тастауы.

Күллі әлемді шулатқан сол екі күн

Болған екен бостандықтың бастауы.

 

Ажар: Туған елім, білім алып өс енді,

Қадірлей біл ел бастаған көсемді.

Арқасында ағалардың айбарлы

Қайтардың кеп жұртта кеткен есеңді.

 

Аягөз: Біз Отанды қаралауға бармадық,

Сол үшін де қолға қару алмадық.

Қайта қолда қаруымыз сөз болып,

Біз Отандық әділетті қорғадық.

 

Замзагүл: Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір түнде

Қайғыға халық батқан күн.

 

Мұғалім: Желтоқсан оқиғасы – қазақ деген халықтың тәуелсіздік жолындағы саналы күрес еді.

Ән «Желтоқсан желі».

 

Көрініс

Қайрат пен тергеуші түрме ішінде.

Тергеуші: Сен 18-желтоқсанда сағат 10-00-де қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.

Тергеуші: Жоқ өтірік айтпа! Сен Сәтпаев пен Мира көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оның өліміне кінәлісің. Сенсің оны өлтірген.

Қайрат: Мен оны көрген жоқпын.

Тергеуші: Ақымақ! Сен өлтірген. Шындықты айт, әйтпесе атыласың. Ақтық сөзіңді айта бер.

Қайрат: Осы айтылған ақтық сөз

Туың болсың әрдайым.

Мойныма алып жаланы

Мен болайын құрбаның.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бесте жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десем алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең  атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қөш бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

 

Мұғалім: Сол желтоқсан оқиғасы қаншама ызғары естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.

 

Замира: Егеменді ел болудың белгісі-

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егемендік деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

 

Тлеухан: Қайрат Рысқұлбеков 1986 жылы Алматыдағы сәулет-құрылыс институтына оқуға түсті. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісінде белсене қатысты. Жастарды көтеріліске ұйымдастырғаны үшін кесілген өлім жазасы 20 жылға ауыстырылды. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21-мамырда Семей түрмесінде 21-ші камерада белгісіз жағдайда қаза тапты.

 

Қанат: Сабира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищесінің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. Сол жылы ол бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін , өзінің ар-намысына, анасына, атасына, масқара сөздер айтып балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай Сабира жатақхананың 5 қабатынан құлап өлді.

 

Замира: Ләззат Асанова – Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматыда Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. 1986 жылы жазалаушылардың қолынан қаза тапқан.

 

Мұғалім: Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджановалар сияқты батырларымыз бар екенін дәлелдеп берді. Сол желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

17- желтоқсан Республиканың демократиялық жанару күні деп аталды. Иә, төрткүл дүниені дүр сілкілдеткен әйгілі Желтоқсанның  арман- тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атқанына 19 жыл болды.

Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі 1991 жылдың 16-желтоқсанында жер-жаһанға жария етті.

Ал бүгінгі қазақ халқы өзінің көптеген күткен, аңсаған арманына жетті. Тәуелсіздік құтты болсын, ағайын!

 

Ажар: Туды, Қазақстан алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңын құтты болсын!

Туған күнін құтты болсын!

 

Зарина: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік ел бақыты, ертеңі.

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

 

Мұғалім: Президентіміздің жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды.

Сабира, Ләззат, Ерболдарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін көп еңбек екткен жазушы ағаларымыз: Қайымұнар Табей, Мұхтар Шаханов.

Бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров – ғарышқа ұшты. Қазақстан қарулы күштері құрылды. Тәуелсіз Қазақстан Конституциясы бекітілді. Қазақстан бүкіл әлемдік сауда ұйымына кірді. Ұлттық теңгеміз өмірге келді. Биыл 2-3 желтоқсанда  Астана қаласында Саммит өткізілді.

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың енсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Осымен «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан.» атты тәрбие сағатымызды аяқтайық.

Добавить комментарий