\»Ақыл.Білім.Бақыт\»

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Ембі  қаласы, №2 орта мектеп.

 Қазақ тілінен ашық сабақ.

Тақырыбы:

\»Ақыл. Білім. Бақыт\» 

 Пән мұғалімі: Курантаева Эльвира Магауевна.

  2012-2013 оқу жылы.

 

Тақырыбы: «Ақыл. Білім. Бақыт.»

Мақсаты:

1.Оқушыларға ақыл, білім, бақыттың байланысы туралы түсінік                               беру.

2.Оқушылардың құрмалас сөйлем, фонетика туралы алған білімдерін дамыту.

3.Адамгешілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыс, ой толғау, жазбаша жұмыс, жұптық жұмыс.

Көрнекілігі: тақта, бор,интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу).

2.Өткен тақырыпты қорыту(«Ғалым болу арманым»)

3.Үй тапсырмасын тексеру (Білім туралы мақал-мәтелдер жазу)

4.Жаңа сабақ (Мәтінмен таныстыру)

5.Сөздік жұмысы, сөйлем түрлерін анықтау, фонетикалық талдау, топтастыру.

6.«Қазымыр оқушы ойыны».

7.Тест сұрақтары мен жауаптары.(Жұптық жұмыс)

8.Қорытындылау, бағалау.

                            1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу).

                                       2.Өткен тақырыпты қорыту.

     Ғалым (араб.: عالِم — а́лим) — сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.

  Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

                                        3.Үй тапсырмасын тексеру.

                             (Білім туралы мақал-мәтелдер жазу)

1.Оқу  — білім азығы

Білім – ырыс қазығы.

2.Білім басы — бейнет, соңы — зейнет.

3.Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

4.Білімдіге дүние жарық.

   Білімсіздің күні кәріп.

5.Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

4.Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы ребус түрінде  берілген.

 

 

 

Келесі слайдта бұл 3 атау баспалдақ ретімен орналастырылған.Не себепті Ақыл бірінші сатыда тұр? Бұлардың арасында қандай байланыс бар?

                                   

Мақалдарды баспалдақ сатысы бойынша көшіріңдер

 


Көп жасаған білмейді,

көп көрген біледі.                         

  Бақыт — қолға қонған

   құс  .

  Ақылды арын қорғайды,

 Сараң малын қорғайды.


 

 

                                                (Мәтінмен таныстыру)       

                                                            Ақыл, Ғылым, Бақыт.

      Ақыл, Ғылым, Бақыт — үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті: Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың, — депті.

       Екінші Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен бірік, сонда абыроймен ұзақ жасайсың, — депті

Үшінші Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ, бірақ Ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, Ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.

    — Барыңдар, Ақыл, сен адам бол, Ғылым, сен ат бол, Бақыт сен қамшы бол. Үшеуің біріксең ешбір мұң-мұқтаждарың болмайды, — депті.

5.Сөздік жұмысы, сөйлем түрлерін анықтау, фонетикалық талдау, топтастыру.

 

       сарапшы                            предатель

     тұрақсыз                            не выбирая

     опасыз                                непостоянный

      таңдамай                           эксперт 

      тізе қосу                              гнев

      әлек                                     нужда

      ашу                                       присоединиться

     мұң-мұқтаж                        хлопоты

 

Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың. (шартты бағ.сал.құрм.с)

Ақылмен бірік, сонда абыроймен ұзақ жасайсың. (шартты бағ.сал.құрм.с)

Дүниеде адамзатқа ақылдан артық дос жоқ, бірақ ол ашу үстінде орнын беріп шығады  да кетеді. (қарсылықты  бағ.сал.құрм.с)

 

Ақкекіре, қызғалдақ, бәйшешек, раушан, қалампыр, түймедақ, сәлдегүл сөздеріне фонетикалық талдау жасату.

Оқушыларға тілек. Бір-бірімізге  гүл шоғын сыйлап,ақылды, білімді, бақытты болайық!

Ақыл. Білім. Бақыт дегенде қандай ойлар келеді?

 

 

                    Ақыл.                                    Білім.                                  Бақыт

 6.«Қазымыр оқушы ойыны».

Оқушылар 5 минут ішінде Ақыл. Білім. Бақыт  туралы сөйлемдер құрады. Ең көп сөйлем құрған оқушы «Қазымыр оқушы» атағына ие болады.

    Тест сұрақтары мен жауаптары.(Жұптық жұмыс)

Оқушылар дәптерлерімен алмасып бір-бірін бағалайды.

1. Зат есімді табыңыз.

А) Ұлттық В) Төрт С)  Қызыл Д) Немере Е) Кетті

2. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз

А) Мер – еке В) Қар – т С) Рақ – мет Д) Нүк – тен – і Е) Бер — ік

3.Тура мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз

А) Басым  ауырды В) Таудың басы С) Бұлақтың басы

Д) Жыл басы Е) Істің басы

4. Көп мағыналы сөзді белгілеңіз.

А) Кітап В) Аяқ С) Гүл Д) Уһ Е) Өзен

5.Мақал-мәтелдің жалғасын табыңыз .Жақсы сөз — …….

А) Жылан інінен шығады В) Қызыл тіл С) ТілдеД) Жарым ырыс

Е) Атылған оқ

6. «Момын» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.

А) Қой аузынан шөп алмас В) Тас жүрек С)  Бетінен оты шығу

Е) Жұмған аузын ашпау Д) Төбе шашы тік тұру

Кілті:

1-Д; 2-С; 3-А; 4-В; 5-Д; 6-А

 

Үйге: «Бақыт деген не?» тақырыбында эссе жазу.

Дарындыларға: бақыт туралы өлең жаттау.

Үлгермеушілерге: бақыт сөзін септеу, тәуелдеу, фонетикалық талдау жасау.

8.Қорытындылау, бағалау.

 

 

 

 

Добавить комментарий