Қазақ тілінен дарынды балалармен жұмыс жоспары

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Ембі қаласы №2 орта мектеп

 

 

 

 

 

   

 

 

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Курантаева Эльвира Магауевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        2012-2013 оқу жылы.

Түсінік хат.

   Бұл бағдарлама қазақ тілі грамматикасы бойынша білім беру үшін құралған. Қазақ тілінің бағдарламасының оқу материалдары дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді.Грамматиканы жақсы меңгеру үшін оқушылардың жазу, оқу, сөйлеу сауаттылығын жетілдіру, өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын дамытуға жол аша отырып оқыту.    Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.Оқушының жеке адами қасиеттерін, тілдік қабілеттерін арттыру көзделеді.Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге тәрбиелейді. Тіл мен сөйлеу адамның болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші.Оқушының коммуникативтік дағдыларын, жеке тұлғаның мәдениетін дамытады.Сауатты сөйлеу қабілетін практика арқылы дамытуды қажет етеді.  Нәтижесінде оқушының қазақ тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.Бұл бағдарлама орындалу үшін грамматикалық тұлғаларын айыру қажет. Ол үшін грамматикалық материалдарды таңдау принциптерін ұстану шарт:

1. Сөйлем құрастыруға қажеттілігі.Қарым-қатынасқа қажетті грамматикалық форма, құрылым пайдалана отырып, сөйлеуге керекті сөйлем түрлерін құрастыру.

2. Жиі қолдану принципі .Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстарды таңдау.

 3. Өнімділік ұстанымы .Грамматикалық құбылыс пен лексикалық материал байланысы, өмірде жиі кездесетін лексиканы қалыптастыру. Сөз қоры тақырыптық ұстаным арқылы құралады, ол грамматиканың ең қажетті деген формаларын таңдауға әсер етеді.

4. Тіркесу ұстанымы.Сөз тіркестерінде жиі кездесетін грамматикалық формалар таңдау.

5. Түсініктілік ұстанымы.Грамматикалық форманы игерудегі қиындықтарды еске алу. Әр кезеңде, әр деңгейде қиын материалды жоғары сатыға көтеру, немесе тереңдету деңгейінде қалдыру.

6. Оқу материалын тереңдету, баптау.

— оқушылардың есінде лексикалық минимумын (қорын) сақтау;

— жаңа сөздердің жасалуын түсіндіруіне дағдыландыру;

— сөздердің жазу және айтылу техниканы меңгеріп алу;

 Осылай оқушылар сөздерді – сөз тіркестерді – сөйлемдерді меңгере алады, ауызекі сөйлеу тілінде және жазбаша практикада пайдаланады. Оқу сапалы және нәтижелі болу үшін жаңа технологияға сүйену керек. Педагогикалық технологияның дидактикадан айырмашылығы «нені, қалай, не үшін?» оқытамыз деген сұрақтар туғызады. Оқу барысында күткен нәтижені алдын ала жоспарлап, оқу процесін сол бағытқа икемделуі тиіс.

 Теория мен практиканың бірлігін нығайтумен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашады.

 

 

 

 

Жоспардың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Оқушының қазақ тілін оқыту процессінде тілдің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсіну, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, іскерліктерін жетілдіру.Тіл қызметін жүйелі меңгеру үшін, грамматика бойынша білік дағдыларды жетілдіру. Оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.

 Негізгі міндеттері:

   Оқушылардың грамматика ерекшеліктерін дұрыс пайдалану арқылы өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсалуына мән беру;

-оқушылардың қызығушылығын көтеру, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін қалыптастыру;

— дүниежүзілік халық мәдениетінің құндылығын меңгеру арқылы мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;

— оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, олардың өзара тіл байлығын кеңейту;

  іс-қағаздары үлгілерін сауатты жазуға дағдыландыру, жазба тіл мәдениетін қалыптастыру;

— оқушының пікірталас мәдениетіне баулу;

  шешендікке мүмкіндік туғызу;

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Ш. К. Бектұров,А. Ш. Бектұрова. Алматы, 2002.

2. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы.Ж. Дәулетбекова, Г. Махамбетова. «Жеті жарғы» 2003.

3.  Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1996.

4.  Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Р. Әміренова, Ж. Мұсаұлы. Көкшетау, 2003.

5.  Қазақша сөйлесейік. К. Сариева.Алматы, 1992.

6.  Қазіргі қазақ тілі. Ж. Мұсаұлы.Алматы, 2004.

7.  Қазақ тілін үйренеміз. Н. Оралбаева, Х. Есенов.Алматы, 2000.

8.  Тест жинақтары. Талапкер 2002, Алматы, 2005.

9.   Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. Алматы, 2002.

Пәнаралық байланыс.

әдебиет пәнімен байланысы; орыс тілі грамматика салыстырумен байланысы; тарих пәнімен байланысы, есеп пәнімен байланысы; табиғаттану пәнімен байланысы;

Күтілетін нәтижелері.

— оқушы өз біліміне сеніп, оны әрі дамытады, өзіндік ізденіс, шығармашылық деңгейге көтеріледі;

— жұппен, топпен, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады;

-қазақ тіліндеде еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады;

-өз көзқарастарын қазақ тілінде еркін білдіреді;

— сөйлеу дағдыларын меңгереді;

-мәтіндерді түсініп, өз көзқарас негізінде баяндай біледі.

 

Тақырыбы     

 

Сағат саны          

 

Теориялық әдісі

Практикалық әдісі    

 

Мерзі-мі

1.

Кіріспе сабағы

1

Қазақ тілінің сипаттары.

Сөйлеудің, диалогтің, монологтің түрлерін құрастыру

 

2.

Сөздің тура мағынасы және ауыспалы мағынасы

1

Көп мағыналы сөздердің ауыспалы мағынадағы сөздерден айырмашы-лығы.

Көркем әдеби шығармалар мен газет-журнал бетіндегі көпші-лік мақа-лалардағы ауыспалы мағынадағы сөздердің қол-данылуы.

 

3.

Сөздердің мағыналық топтары

1

Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер)

Синоним,антоним,

омонимды салыстыру

 

4.

Фонетика

1

Үндестік заңы.

Фонетикалық талдау,

буын түрлерін ажырату

 

5.

Морфология

1

Зат есім. Сын есім.

Морфологиялық талдау

 

6.

Сан есім. Есімдік.

1

Сан есімнің сөз табы

жүйесіндегі орны, рөлі, ерекшелігі.

Есімдіктердің құрамдық, тұлғалық ерекшеліктері.

 

7.

Етістік.

1

Мағыналық бірлігі, жасалу жолдары.

Етістіктің сөз табы жүйесіндегі рөлі, орны

 

8.

Етістер

1

Етістіктің түрленуі.  Етістіктің шақтары

жасалу жолдары.

 

9.

Үстеудің түрлері

Добавить комментарий