Денсаулық әліппесі!

Денсаулық әліппесі!

Мақсаты: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына денсалықты күтуді, тазалық, тамақ гигиенасын сақтау спортпен шұғылдануды, ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, салынған суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:
Мұғалім: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі.
Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Денсаулық әліппесі» деп аталады.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы отандық денсаулық сақтау жүйесінің бетін «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дегенді басшылыққа алған.

Тазалық-саулық негізі. Тазалықтың ғылыми атауы- гигиена. Гигиена –тазалық ережелері мен талаптар жиынтығы.Адам денсаулығын айқындайтын өзекті фактор – ол оның өмір сүру салтының сипаты.
Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралар. Бұл –тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, аяқ –киім кию, уй ішінде тазалық сақтау.
Тамақтану. Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Тамақтану туралы ғылымды нутрициология дейді.
Таңертенгі ас – күндізгі бөліктің 30-35%;
Түскі дәм – 40-50%;
Кешкі дәм – 20-25%.
Жақсы ұйықтау үшін кешкі дәмді ұйықтар алдында 1,5-2 сағат бұрын ішкен жөн.

Спорт сенің жан досын.
Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.

«Егер тән ауырса , көңілдің күрт түсуі-табиғи құбылыс. Сондықтан алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды».
Тән мен жан сабақтас, екеуі бірінен-бірі айырғысыз. Тәнсіз жан жоқ, жансыз тән тұра алмайды. Олар өзара бір-біріне байлаулы, бірінің жайына бірі қарайды, біріне келген кемшілік біріне білінбей қоймайды. А.Байтұрсынов өз еңбектерінде тек тән мен жан байланысын көрсетіп қоймай, дене тәрбиесіне керекті мәселені атап көрсетті:
1. Мерзіммен күн тәртібін сақтау, таза ауа, тамақ, сусын.
2. Тән қызметі дұрыс болу үшін дене шынықтыру, гимнастика, ат спорты, ұлттық қимыл ойындары.
3. Дененің әртүрлі мүшелерінің қызметін дұрыс басқару, дұрыс атқару, тамақ қорыту, қан айналу.т.б.
Жаманнан жирен. Қазіргі кезде арақ, темекі, наша біздің қас дұшпанымыз, дүние жүзінде қаншама адам денсаулығын жалмап жатыр. Ендеше осы «Жаманна жирен» деп айтылу себебін, мағынасын 5 «Б» сынып оқушылары дайындаған «Ақырын жүріп, анық бас!» көрінісі арқылы түсіндіріледі.
Көрініс. Ақырын жүріп, анық бас!
Гүл – Балғабаева Ақмерей, Оқушы – Алдасүгіов Ақмырза, Темекі – Құлмағамбетов Ерзат, Арақ – Убайдулла Әйгерім, Наша – Амандық Бекжан.

Мұғалім: «Парасатты пікір – денсаулық кепілі» деген сияқты, ата-бабамыздың өткір нақылдары бар, ендеше осындай нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерге тоқталайық.
1) Денсаулық — зор байлық.
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
7) Ауруын жасырған өледі.
8) Сырқат — тән жарасы, қайғы – жан жарасы.
9) Денің сау болса, жарлымын деме.
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
Денсаулыққа қатысты сөздерді әрдайым дұрыс жазуымыз керек, олай болса мына берілген әріптерді толықтырындар.
1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)
5. Г…и…на (гигиена)
6. ту…ку….ез (туберкулез)
7. тұ……у (тұмау)
8. д… ау…. қ (денсаулық)

Мұғалім: ситуациялық сұрақтарға жауап беру
1) таныс баланың күнде ішімдікті қолданбай тұра алмйтынын білсең не істейсің?
2) Достарың арақ іш, ішпесең бізге жолама десе, сенің қайтарар жауабын?
3) Сен ақшадан қысылған сәтте Есірткіні сатсаң, көп ақша береміз десе не істер едің?
4) Сен ақшаға қатты қиналып жүрдің, жолдан есіртке таптың, оны қайтесің?
Хормен: Кімде – кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата- анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл боламын десе – арақ ішпесін өз ортасына қадірлі адам боламын десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе – нашаға әуестенбесін!
Мұғалім:
Сонымен оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатының барысында жас жандарыңды неден аулақ ұстауға тырыстыңдар?
«Бірінші байлық – денсаулық» дейді қазағымыз,Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деген қанатты сөз және бар.Ендеше сағат бойы талқыға салынған денсаулық туралы, тазалық, спорт, тамақ гигиенасы туралы жадымыста сақтап, арақ, темекі, нашақорлықтан жандарыңды аулақ ұстаңдар.
Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!

Добавить комментарий