Домбыра

11 сынып (математикалық-жаратылыстану бағыт)
Сабақтың тақырыбы: Домбыра
Сабақтың мақсаты: 1) домбыра туралы, домбыраның құрылысы туралы мәлімет беру, лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс айта, қолдана білу, септеу түрлерін ажырата білу;
2) мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, ауызекі сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту;
3) қазақ халқының музыкалық аспаптарын біліп қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
1) кезекшінің сөзі
2) Рефлексия
— Бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?
ІІ. Жаңа сабақ
1) Сабақтың тақырыбын білу үшін, мына сұрақтарға жауап беруіміз керек: 1 слайд
-Күрделі зат есім деген не?
-Күрделі зат есімнің түрлері қандай?
-Септіктің неше түрі бар?
-Септеудің неше түрі бар, қандай?
-Бәйге деген не?
— Қонақты қай жерге отырғызады?
-Бата деген не? Батаны кім береді? Батаның қандай түрлері бар?

— Бүгін сабақта қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбыра туралы әңгімелесеміз, түрлі талдаулар жасаймыз.
2) Қазір есімізге алайық:
— Қазақ халқының музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді? (төрт: үрмелі, дабылды-шулы, ішекті, сарнамалы) слайд

— Мына суреттерге қарап, аспапты атаңдар. слайд
— Енді осы аспаптар қай түрге жататынын кесте бойынша көрсетейік. слайд
3) – Жақсы, енді қазақ халқының ең киелі музыкалық аспабы – домбыра туралы әңгімелесейік. Домбыра туралы көптеген ақын-жазушыларымыз жырлаған.
— Қандай ақын-жазушыларымыз домбырада шебер ойнаған? (Ақан сері, Біржан сал, Сәкен Сейфуллин, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, т.б.)
— Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та домбырада шебер ойнайды. (слайд)
4) Оқулық мәтінімен жұмыс:
а) жаңа сөздерді оқып шығу, сөз тіркестер құру;
ә) бір оқушы мәтінді мәнерлеп оқып береді;
б) іштерінен оқып шығу;
в) сұрақтар құрып, жауап беру (оқулықтары жабық болады)
5) Домбыраның құрылысын түсіндіру. (слайд)

6) Дәптермен жұмыс
а) Бір оқушы тақтаның алдында, үш оқушы компьютерде жұмыс істейді – септеу
А.с. аспабы домбырасы
ә) Синтаксистік талдау
Домбыраны самырсын, шырша, қарағай ағаштан жасаған, ал домбыраның ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасаған. (қарсылықты салалас құрмалас сөйлем)
б) Осы сөйлемнің әр сөзін сөз құрамына талдау .
в) Морфологиялық талдау:
Домбыраны – зат есім, жалпы, негізгі, дара, ғаламзат, деректі, Т.с. жалғауы.
Жасаған – етістік, негізгі, салт, болымды, негізгі, дара, ІІІ жақ, бұрынғы өткен шақ, ашық рай, есімше түрі.
7) – Қазір көздеріңді жұмып, музыканы тыңдайсыңдар. Музыканы тыңдағанда, көз алдарына не елестейді?
ІІІ. Сабақты бекіту: Блиц-турнир . Оқушылар дайындықсыз жауап берулері керек. Блиц-турнир тапсырмалары интерактивті тақтада көрсетіледі:
1. Қазақ өзінің сезімін не арқылы баяндаған?
2. Домбыра қандай аспап?
3. Домбыраның қандай бөліктері бар?
4. Оны қандай ағаштан жасайды?
5. Жақсы музыкант болу үшін не істеу керек?
— Сабақтың басында: «Бүгінгі сабақтан не күтесің?» — деп сұрадым. Орындалды ма?
ІV. Үйге тапсырма: 52-53 бет мәтін, 1.1. тапсырма жазбаша
V. Бағалау

Добавить комментарий