«Ерте көктемдегі табиғаттағы құбылыстар» топсеруен

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Қызылту ауылы

№13  негізгі орта мектебі КММ

Шұбарова Сауле

«Ерте көктемдегі табиғаттағы құбылыстар» топсеруен

Мақсаты: Туған жер табиғатындағы көктемде болатын құбылыстармен, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін таныстыру.

Міндеттері:

— Экологиялық туриада әдісімен жергілікті жердің  негізгі флора өкілдерімен таныстыру;

— тарихи  оқиғаларды баяндау;

— эфемер өсімдіктер туралы мағлұмат беру;

— жануарлар дүниесімен  таныстыру;

— оқушылардың саяхаттық  мәдениетін, дамыту;

— салауатты өмір сүруге, туған жер табиғатын қастерлеуге,  өз ара сыйластыққа тәрбиелеу.

Топсеруеннің  барысы:

  1. Сағат 14.00-де  «Төсбұлақ»бұлағына тазалық акциясы өтті.
  2. Сағат 16.00-да  оқушылар мұғалім жетекшілігімен  велосипедтермен 5 шақырым жердегі «Тасбұлақ» тастарына жетті.
  3. Экологиялық туриада шарттары.

 

Екі командаға бөлу.

Бірінші  команда «Феникс» командасы.

Екіншісі «Эдельвейс» командасы.

Оқушыларға  Феникс туралы сұрақ берілді.  «Ол қиял ғажайыптағы, ертегілердегі кейіпкер құс» деп  Меруерт дұрыс жауап берді.

Эдельвейс туралы ешқай оқушы дұрыс жауап бере алмады. /Эдельвейс қазақша  Еңлікгүл деп аталатындығы биік тауларда өсетін гүл./

«Феникс» командасының топ басшысы:  Нұрболсын.

І. Теориялық тур.

Тапсырмалары мен жауаптары:

№1 3 өсімдікті көрсетіп атын ата.  Жауап: тобылғы, қына, селеу/боз/ +

№2 Мезазой заманының  куәсі болған өсімдікті ата. Ол қына  — дұрыс жауабы  папоротник

№3 Раушангүлділер тұқымдасының өкілін ата. Алма, алмұрт, бүлдірген +

№4. Жалаңаш тұқымды өсімдіктің өкілін көрсет.  Қарағай +

№5 Қой тастар қай заманның /дәуірдің/ куәсі. Кайнозой  дұрысы мұз басу дәуірінің

№6 Қоректік тізбекті құра: кесіртке – қырғи — өсімдік – жұлдызқұрт

Жауабы: өсімдік – жұлдызқұрт –кесіртке – қырғи + 4 жауап дұрыс*5 балл

= 20 балл

«Эдельвейс» командасының топ басшысы Бекзат

Топ мүшелері бірде-бір сұраққа  дұрыс жауап бермеді.

ІІ  тур.  Алау жағу жарысы.

Шарты: 2 сіріңке шиімен  алау жағу. Екі команда да бұл  сынақтан сүрінбей өтті. Алау бірінші шимен  тұтанды.

ІІІ тур.  Ән айту байқауы.

«Феникс» тобының орындауындағы ән: Кенен Әзірбаевтың өлеңіне жазылған «Бозторғай» әні

«Эдельвейс» тобының орындауындағы ән: Ескендір Хасанғалиевтің  әніне жазылған «Атамекен» әні

Екі әнді оқушылар өте жақсы деңгейде, беріліп орындады

ІҮ тур. Арқан тарту.  Мұнда Эдельвейс командасы жеңіп шықты.

Ү. Жаяу жарыс. Эдельвейс командасы  жеңімпаз атанды.

ҮІ.  Бутерброд сайысы.  Екі команданың дайындаған  дәмдері  жақсы бағаланды.

ҮІІ.  Футбол ойынында да  Эделвейс командасы ұтты.

Топсеруен соңында оқушылар  естелік фотоға түсті.  Шаңжапырақтармен танысты.

Үйге эссе жазып келуге тапсырма берілді

 

Добавить комментарий