Көгершін – бейбітшілік құсы

Көгершін  –   бейбітшілік құсы

Солтүстік Казақстан облысы

Ақжар ауданы

Кеңащы орта мектебі

2013-2014 оқу жылы

Касенова  Асылтас  Толегеновна

Кеңащы орта мектебінің

музыка пәнінің мұғалімі.

 

Музыка – 4 сынып.

Сабақтың тақырыбыКөгершін  –  бейбітшілік құсы

          Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлай қабілетін арттыру, музыканы тыңдау, орындау арқылы оның мағынасын түсіндіру, бейбітшілік, бейбітшілік пен достық туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Білімділігі: музыкалық сауаттылыққа үйрете отырып, әнді таза, сауатты айтуға үйрету.

Дамытушылығы: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту. Сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелігі: ұқыпты, жинақы, талғампаз да, қанағатшыл, таза да, әдемі болуға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: плакатқа жазылған қанатты сөздер, суреттер, үнтаспа, караоке, сурет дәптері, қарындаш, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ: Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі ақырын ойнап тұрады.

Балалар, біз күнделікті өмірде бір-бірімізбен сөйлесеміз, пікір алысамыз, әңгімелесеміз. Егер бізге мынадай сұрақ қойса:

  1. «Бейбітшілік құсы» деп қандай құсты айтады? Сендер оған қалай деп жауап берер едіңдер?
  2. Көгершін
  3. Ал көгершін екенін қалай дәлелдейміз,  оған қандай сипаттама айтар едіңдер? балалар ойланып қалады.

Көгершін — дүниежүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік белгісі. Бейбітшілік нышанын басқа құстарға телитін халықтар да бар. Мысалы, жапондарда ақ тырналар  – бейбітшілік белгісі. Сондықтан олар ақ тырналарды қағаздан жасап , бір — біріне сыйлайды, яғни бақыт пен жақсылық  әрдайым өзіңмен бірге болсын деген ақ ниеттерін білдіреді. Үнді халықтары үшін бейбітшілік белгісі — тауыс құсы.  Ал қазақ халқында шынайы тазалықтың, сұлулықтың, бақыттың белгісі — аққу.

Балалар, бүгін біз бейбітшілік туралы екі түрлі ән мен танысамыз. Ондағы көгершін — бейбітшілік құсы, бейбітшілік символы. И.Дунаевскийдің  «Летите, голуби!» әнін жер шарының барлық халықтары біледі, нәзік лирикалы, сазды айтылатын ән. (мұғалім оқушыларға әннің сөзіне назар аудартады. Үнтаспадан музыка ойнатылады)

Үнтаспадан  А.Жұбановтың  «Ақ көгершін»  әні орындалады.

Мұғалім: Балалар, бұл ән бізге таныс па? — «Ақ көгершін»  әні

Дұрыс айтасыңдар. Бұл ән  А.Жұбановтың  «Ақ көгершін»  әні .

Ән баяу, кең сазды, әннің әуені сөзімен үйлесім тапқан.

Ахмет Жұбанов — академик, профессор, өнертану ғылымының  докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы.

Көгершін — көп халықтарда бейбітшіліктің рәмізі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.

Егер бір күні кенеттен құстар ұшпай , сайрамай қалса не болар еді? Кең дала меңіреуленіп, ауыл маңына малдар жайылмаса,  олардың мөңіреген, маңыраға үндері бір мезетте өшсе, суда балықтар құрыса, қандай жағдай туар еді?  «Хиросима» балетінен Тайоның белгілі бір уақыт ішінде бәрінен айырылғанын еске түсіріп көрейікші. Иә!…Жалғыздық кез келген адамның басына түседі. Үнемі мынаны еске алып отыру керек: біз айналаны қоршаған табиғаттың бір бөлшегі болып табыламыз. Сондықтан табиғатты қорғау білуіміз керек. Сонда ғана бүкіл жер беті керемет гүл бақшаға айналып, құлпыра түседі. Сол сияқты «Ақ көгершін» әні бейбітшілік, бақыт, көктемгі күн сияқты жарқын сәтті суреттейді. «Ақ көгершін»өзінің қанатымен бізге бақыт әкеледі. Оқушылар «Ақ көгершін» әнін караокемен қосылып айтайық. Ал енді балалар осы екі әнге сипаттама беріп көрейікші. Бір-бірінен айырмашылығы бар ма?

-Айырмашылығы жоқ. Нәзік,  лирикалы,  сазды айтылатын әндер.

Ерте заманнан  қалған аңыз әңгімелерге қарағанда , бір кездерде қазақтар өздерін аққу құсынан жаралғанбыз деп есептеген екен. Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары –домбыра, қобыз құрылысына өте ұқсас.  (Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі тыңдалады). Күйдің әуені өте нәзік естіледі. Күйді тыңдап отырып, еріксіз аққу құсын және сұлу қыз бейнесін елестетеміз. Аққудың қанат қағысы, самғауы мен дыбыс беріп қиқулағаны естіледі. Композитор аққу құсын қыз бейнесімен салыстырады. Н.Тілендиев –табиғаттың «үнін» музыка тіліне түсіруде ерекше шеберлік танытқан композитор. Ол халық музыкасын негізге алып, әсем сазды  «Аққу» күйін шығарды. Оның «Аққу» күйі- табиғаттағы ең бір әсем сұлулықты паш ететін күй. Аққудың самғап ұшуы мен сұлу қимылын бейнелейтін бұл күйді тек шебер орындаушы ғана ойнай алады.

Нұрғиса Тілендиев— Алматы облысының,  Ұзынағаш ауылында дүниеге келді. Ол музыкаға қабілетті отбасында тәрбиеленді. Оның әкесі керемет домбырашы, м ал анасы халық әндерін әсем орындаған. А.Жұбанов ұлы композитор, жас музыкант Нұрғисаға өзінің домбырасын сыйға тартқан.

Оқушыларға  «Ақ көгершін» ,  « Аққу» ,  «Ақ тырна» ,  құстарынан қалағандарын дәптер бетіне суретін салдырамыз.

Сабақты қорыту:

1. Бейбітшілік құсы деп қандай құсты айтады? (көгершін)

2. И.Дунаевскиийдің «Летите, голуби!» әнімен А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әндерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма? (Айырмашылығы жоқ, екеуі де нәзік лирикалы сазды айтылатын ән)

3. Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі не туралы? (Ол шағын, көркем суретті дыбысқа еліктеуші).  (Аққудың қиқуы, қанатын сабалағаны, суда жүзгені т.б. шығармалар қатарына жатады)

Көгершін  –   бейбітшілік құсы

 

Сөзжұмбақ  «Көгершін»

 

Көгершін  –   бейбітшілік құсы

  1. Жапон халқының әні? (Сакура)
  2. Бейбітшілік құсы деп қандай құсты айтады? (Көгершін)
  3. 1945 жылы Жапонияның қай қаласына атом бомбасы тасталды (Нагасаки)
  4. Көп дауысты, қайғылы музыкалық шығарма? (Реквием)
  5. Жапондардың бейбітшілік белгісі? (Ақ тырна)
  6. Жапон халқының әнінің қазақша аты? (Шие)
  7. А.Жұбановтың: «10… биі»  (Тәжік)
  8. «Біржан Сара» операсын жазған композитордың аты кім?  (Мұқан)

Үйге тапсырма: «Ақ көгершін» әнінің сөзін жаттау, суретін салып келу. Ал, енді балалар, сабағымызды аяқтамас бұрын:

  1. Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?
  2. Жақсы оқу. Үлгілі тәртіп. Үлкенді сыйлау. Талмай іздену, талаптану.

Ұлы  Абай  атамыз  айтқандай, «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан» деп елімізді өркендетуге өз үлесімізді қосайық!

Бағалау.

 

Добавить комментарий