Компьютер кереметі

Утенова Замзагуль Тастемировна
ГУ \»СШ№23 имени М.Козыбаева\»

8 —сынып. Қазақ тілі .

Тақырыбы: Компьютер кереметі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сабақтың мазмұнына байланысты сөйлем, сұхбат, класстер құрастыру, дұрыс айтуға, сөйлеуге үйрету, алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.

Дамытушылық: компьютер, электронды пошта арқылы оқушылырдың танымдық қабілеттерін жетілдіру, шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, сөз байлығын молайту.

Тәрбиелік: қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, оқушыларды өз бетімен, топпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойландыру, ізденіс, әңгімелеу, интернет желісі.

Пәнаралық байланыс: информатика.

Көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

«Ой қозғау» кезеңі: оқушыларға сұрақтар бере отырып, өтілген сабақтарға шолу жасау.

Сұрақтар:

1. Компьютердің атасы кім?

2. интернет дегеніміз не? (қазақша)

3. @ — қандай белгі?

4. ru. kz. – қандай белгілер?

5. www – қандай белгі?

6. Ақпараттық іздеу порталдарын атаңыз.

7. Қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі…

8. Қалай? Қалайша? Қайтып? деген сұрақтарға қандай үстеулер жауап береді?

9. Үстеулердің қай түрлерін білесің?

10. Үстеудің орысша аудармасы…

«Ой толғау» кезеңі: жаңа сабақ.

Жаңа сөздер: елестеу – представить

басқару – возглавить

жетерлік – множество, достаточно

іске асу – претворить в жизнь

сөздерді мәнерлеп оқу, бірге оқу, тізбектей оқу, ойын «Мен бір сөзді ойладым», сөз тіркес құрастыру, сөйлем құрастыру.

«Компьютер кереметі» деген мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерліп оқып шығу, түсінгенін қысқаша айту.

Топпен жұмыс:   1 топ мәтіннен үстеулерді теріп алу, сөйлем құрастыру

2 топ – кесте бойынша мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазу

3 топ – диалог құрастыру

1 топ – кластер жасау

 «Ой тастау» кезеңі: сабақты бекіту.

Оқушылар қорытынды жасайды. ( қазақстанның болашағы – жаңа технологияларда)

Тапсырма: Интернет арқылы компьютер туралы өлеңдер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар тауып алу.

 

 

Компьютер туралы өлең

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,

Компьютер, бар сенің қасиетің.

Бір емес бірнеше іс атқарасың,

Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.

Ақпарат, ақпараттық әрекетті.

Жүзеге асырасың, бас ұрасың

Интернет желісін жүктейсің де,

Әлемдік жүйеге сен енесің

Өмірдің тулап жатқан толқынында.

Өзіңді өзгелермен бір көресің

Ақпарат, ақпараттық әрекетті

Жүзеге асырасың, бас ұрасың.

 

Бата

F бір әрқашан көмекке келсін,

F екі пәле – жаладан сақтай берсін,

CTRL, ALT, DEL үнемі жар болып, қолдай берсің,

ENTER.

Мақал – мәтелдер

1. Байт биттен құралады (Ақша тиыннан құралады)

2. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес.

3. Білмесең «анықтамадан» сұра (Білмесен білгеннен сұра)

4. Жігітті компьютеріне қарап бағала (Жігітті досына қарап бағала)

5. Антивирусы күштіні – вирус алмайды(Досы көпті жау алмайды)

6. Күлсең ескірген компьютерге күл(Күлсең кәріге күл)

Жұмбақ

Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесің шетелге де өтіп.

 

Компьютер кереметі

Қазіргі заман – технология заманы.

Бүгін төрдегі теледидарсыз, ас үйдегі тоңазытқыш, микротолқынды пеш сияқты басқа да тұрмыстағы техника мен қолдағы

ұялы телефон компьютерсіз елестеудің өзі қиын.

Бүгінгі күнде бар ісіміз компьютер көмегімен іске асады деуге болады. Қазір компьютер адам өмірін де «басқарып» отырғандай.

Осы «тамаша техника» интернет желісіне қосылған болса, онда функциялары жетерлік.

Неше түрлі ойындар ойнап, қызықты фильмдер көріп, ән тыңдап, газет-журналдар оқып, алыс-жақыннан хабар алып, жаңалығыңызбен тез бөлісіп, бүкіл әлемге интернет арқылы осы компьютеріңізбен саяхаттай аласыз. Мұның бәрі қандай керемет! Жас кезеңнен ғылыммен, зерттеумен айналысуға мүмкіндік беріледі.

 

Жаңа сөздер

Елестеу – представить

Басқару – возглавлять

Жетерлік  — достаточно

Іске асу – претворить

 

Тапсырмалар

I топ – мәтіннен үстеулерді теріп алу, сөйлем құрастыру.

II топ – кесте бойынша мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазу.

Зат ес. +Зат ес.

Сын ес.+ Зат ес.

Үстеу + етістік

Зат ес. + етістік

III топ – диалог құрастыру.

VI топ – кластер жасау.

Компьютер кереметі
Компьютер кереметі
Компьютер кереметі
Компьютер кереметі
Сабақ жоспары мен презентацияны жүктеп алу [attachment=210]
Скачать поурочный план и презентацию

Добавить комментарий