Главная Контакты

Навигация

Календарь

«    Декабрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 


Выдача свидетельств

Материалы на сайте публикуются БЕСПЛАТНО, выдача свидетельств ПЛАТНО(1000 тенге).
Акция: Если ваша публикация наберет 100 лайков(учитываются все кнопки), то свидетельство будет выдано бесплатно!
Продукция от компаний LR

Cайт бесплатных объявлений

Требования к публикациям

Поменялась форма для получения свидетельства просьба всем заново скачать, заполнить и отправить нам на почту.
Неполные материалы не будут опубликованы.
В материале обязательно укажите класс и предмет.
Материалы состоящие только из вложенного файла будут долго проходить модерацию.
Правильно заполняйте форму для получения свидетельства. Не правильно заполненные формы оставляются на дополнительную проверку и будут занимать много времени. Не забывайте указывать в форме ссылку на Вашу публикацию и e-mail.

Енжар дыбыстар

3-01-2013, 13:59 | Раздел: Школа / 6 | Просмотров: 1 888

Енжар дыбыстар

 

Біз белсенді және белсендірек дыбыстарды қарастырдық. Енді оларды өшіріп, енжар дыбыстарды көрсетейік.

Кесте.

Енжар дыбыстар

 



 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде енжар дыбыстарға езулік «ә» және еріндік «о/ө», «ұ/ү» ( «у»-дан өзге) дыбыстары жатады. Енжар дыбыстар қызыл түстпен берілді: олар 1-буыннан әрі жүрмейді. Дауысты «у» белсенді және барлық көріністе жазылады. Бірақ құрамында енжар «ұ/ү» дыбыстары болғандықтан, осында қарастырамыз. Бұл «ұ/ү», «у» дыбыстарының емлесі буын түрлерімен байланысты. Буын дыбыстарын шартты түрде былай белгіледік: А – дауысты, В – дауыссыз.

1. «А», «ВА» – ашық буын (Мысалы: ә-ке, жә-не).

2. «АВ», «АВВ» – тұйық буын (Мысалы: ұл, ұлт).

3. «ВАВ», «ВАВВ» – бітеу буын (Мысалы: бұл, бұлт).

Бұл буын түрлерінде «у» болмайды.

Сөз соңында «ұ/ү» болмайды, тек «у» болады.

Ескерейік:

1 Енжар әріптер 1-буында дауыссыздың алдында жазылады. Мысалы: әне, және, ол, өс, құн, күн.

Енжар дыбыстар 2-буыннан бастап кірме сөздерде кездеседі. Мысалы: кінә, күнә, сірә.

2 Енжар дыбыстар сингармонизм заңына бағынады. Мысалы: ұлы, бұлар, дұрыс, жолдар, осында жуан; әне, әрине, және, бүгін, күнде, көрді, сөйле жіңішке.

3 Еріндік «о/ө», «ұ/ү» 1-буында тұрып, кейінгі «ыі» (кейде «е») дыбыстарының айтылуын өздеріне ұқсатады. Яғни, соңындағы «ы/«е» дыбыстары еріндік түрде айтылады. Мысалы: «осы» – «осұ», «ұлы» – «ұлұ», «өсім» – «өсүм»,«күні» – «күнү», «бөлек» – «бөлөк». Бірақ бұл ықпал «а» дыбысына жүрмейді – ол өзгермейді.

Енді енжар дыбыстарды жекелей қарастырайық.

«Ә»

Әдетте «ә» жуан «а» дыбысының жіңішке жұбы саналады. Бірақ «ә» 1-буыннан соң кездеспейді. Практикада «а» дыбысының жіңішке жұбы ретінде үнемі «е» дыбысы жүреді. Мысалы: ана, ене, аналар, әжелер, атаға, әкеге.

Жазылу емлесі:

«Ә» әрпі тек 1-буында дауыссыздың алдында жазылады. Өзге жағдайда кірме сөздерде кездеседі: «сірә», «кінә», «күнә».

Ескерейік:

1. «Ә» дыбысының соңғы көрінісі қазақтың екі сөзінде ғана кездеседі: «мәна», «жәну».

2. «Ә» жіңішке дыбыстармен үндеседі. Мысалы: «әнші», «әке», «әже», «тәте», «сәлем», «кінә».

3. «Ә» 1-буыннан кейін араб, парсы тілінен  кірген сөздерде кездеседі. Мысалы: «сірә», «кінә», «күнә», «жүдә».

«О/Ө»

Жазылу емлесі:

«О/ө» әріптері тек 1-буында дауыссыздың алдында жазылады. Өзге жағдайда кірме және біріккен сөздерде кездеседі. Мысалы:  орын, осы, қол, жол, орта, беторамал, өрік, көмек, Естөре.

«О/ө» әріптерінің жазылу емлесі 1-буында мынадай түрде кездеседі:

1. «А», «ВА» – ашық буын (Мысалы: о-ра, бо-ра, ө-те, тө-те).

2. «АВ», «АВВ» – тұйық буын (Мысалы: ол, оң, өс, өң, өрт).

3. «ВАВ» – бітеу буын (Мысалы: бол, сол, бөл, сөл).

Ескерейік:

1 «О/ө» әріптері 1-буында дауыссыздың алдында жазылады. 2-буыннан бастап кірме сөздерде кездеседі.

2 «О/ө» әріптері сингармонизм заңына бағынады.

3 «О/ө» әріптері ылғи 1-буында тұрып, кейінгі «ы/(кейде «е») дыбыстарының айтылуын өздеріне ұқсатады. Яғни, «ыі», «е» дыбыстары еріндік түрде айтылады. Мысалы, «осы» – «осұ», «ұлы» – «ұлұ», «күні» – «күнү», «бөлек» – «бөлөк».

«Ұ/Ү»

«Ұ/ү» және «у» әріптерінің жазылу емлесі буын түрлерімен байланысты. Сондықтан буын түрлерін еске түсірейік:

1. «А», «ВА» – ашық буын (Мысалы: ұ-на, сұ-ра, ү-шеу). Мұнда «у» болмайды.

2. «АВ», «АВВ» – тұйық буын (Мысалы: ұл, ұлт, үн). Мұнда «у» болмайды.

3. «ВАВ», «ВАВВ» – бітеу буын (Мысалы: бұл, бұлт, гүл, сүрт). Мұнда «у» болмайды.

Демек, сөз соңында «ұ/ү» болмайды, тек «у» болады.

Ескерейік:

1 «Ұ/ү» әріптері 1-буында дауыссыздың алдында жазылады. 2-буыннан бастап кірме сөздерде кездеседі.

2 «Ұ/ү» әріптері сингармонизм заңына бағынады.

3 «Ұ/ү» кейінгі «ыі» (кейде «е») дыбыстарының айтылуын өздеріне ұқсатады. Яғни, «ы/і», «е» дыбыстары еріндік түрде айтылады. Мысалы, «ұлы» – «ұлұ», «үкім» – «үкүм», «күрек» – «күрөк».

«У»

Сингармонизм заңы бойынша екі дауысты қатар келмейді. Бірақ дауысты «у» өзге дауыстылармен қатар келе береді. Өйткені дауысты «у» құрамында екі дыбыс (ұу/үу) бар. Бұл құрамда «у» дауыссыз. Сондықтан сингармонизм заңы бұзылмайды.

Мысалы: «уыс» – «ұу-ыс», «уақ» – «ұу-ақ»

Жазылу емлесі:

1. Сөз басындағы «А», «ВА» буын түрінде ”у” жазылады. Мысалы: у, шу. Мұнда «ұ/ү» болмайды.

2. Дауыстыдан соң дауыссыз ”у” жазылады. Мысалы: ау, тау, санау, сұрау. Мұнда «ұ/ү» болмайды.

3. Сөз соңында әрқашан «у» болады, «ұ/ү» болмайды.

 

Сұрақ, ұсыныс болса, «Комментарий» бөліміне салыңыз, хабарласамыз.

Кәкімбек.

скачать dle 10.6фильмы бесплатно
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.