Главная Контакты

Навигация

Календарь

«    Август 2014    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031


Выдача свидетельств

Свидетельства на материалы опубликованные с 01.06.2014 по 31.08.2014 года будут выдаваться БЕСПЛАТНО

Новинки кино

Реклама

Требования к публикациям

Поменялась форма для получения свидетельства просьба всем заново скачать, заполнить и отправить нам на почту.
Неполные материалы не будут опубликованы.
В материале обязательно укажите класс и предмет.
Материалы состоящие только из вложенного файла будут долго проходить модерацию.
Правильно заполняйте форму для получения свидетельства. Не правильно заполненные формы оставляются на дополнительную проверку и будут занимать много времени. Не забывайте указывать в форме ссылку на Вашу публикацию и e-mail.


Қолөнердегі бұйымдардың тұрмыста пайдалануы

7-11-2012, 11:58 | Раздел: Мақалалар | Просмотров: 1771

 

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,

Басықара ауылы №182 мектептің

Технология пәнінің мұғалімі

Ағыбаева Жаңагүл Әбдіғалымқызы

 

 

Жоспар

 

 

І. Кіріспе:  «Халық қолөнері  асыл қазына»

 

ІІ. Негізгі бөлім: а) Қолөнер – тәрбиенің құнды құралы.

 

                              б) «Қолөнердегі бұйымдардың тұрмыста пайдалануы»

 

ІІІ. Қорытынды: «Ұлттық қолөнер – қасиетті еңбек»

 

 

І. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысы мен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүниежүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрымысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй  интерьерінде,  киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекелегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіп отыр.

Мысалы, қолөнердегі бұйымдардың пайдалануы жөнінде қысқаша мағлұмат берейік.

ІІ. а) Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының бір бөлігі – ұлттық қолөнер. Мектеп оқушыларына халық өнерінің тарихи жолдарынан білім беру, өнер жолдарымен таныстыру, шығармашылық бағыттар мен шеберлік тәсілдерін түсіндіру, ертеде өткен дарын иелерінің сіңірген еңбектері мен шығармаларын, олар жасаған шеберлік дәстүрдің үлгісін бүгінгі күннің кәдесіне жарату ұлттық өнердің тарихи саласын айрықша өркендетеді.

Дәстүрлі қолөнер үлгілерін үйрету – оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.

Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Сәндік қолөнерге үйреткенде шеберлердің туындыларына талдау жасап, еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, оқушылардың қызығушылығы мен ой - өрісін ояту қажет.

Қолөнердің тәрбиелік мәні – оқыту кезеңінде өнерге деген, өзіне деген, еңбектенуге деген көзқарасын, білімін, іскерлігін нығайту. Технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәрбиелеудің бір жолы – эстетикалық тәрбие.  «Эстетика» - грек сөзінен аударғанда «әдемілік, әсемділік, сұлулық» деген мағынаны береді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие ісіне ерекше көңіл бөлген дұрыс. Қазіргі кезде ұлттық қолөнер оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің бірден – бір құралына айналуда.

Мектептегі еңбек сабағында шәкірттерге қолөнер арқылы жан – жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды баулу адамзат қоғамында бұрын – соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.

б) Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кесте тігудің де бірнеше түрлері бар. Тышқан із, біз кесте, шым ши, шынжыр тігіс, толқынды тігіс. Бұл кесте тігістерімен орамалды, кимешектерді әр түрлі суреттеді кестелеп тігеді. Ол үшін арнайы кергіш қолданады. Әр түрлі жіптермен кестелейді. Кестенің тағы бір ерекшелігі – ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес домалақ жылтыр материалмен орындау. Ұсақ моншақты бисер деп атаған. Бисермен тек киімді ғана, жаулықтарды неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Бисердің тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп ұсақ моншақпен түстес болу қажет.

Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі – жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағыны да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдалы да, сонымен қатар зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы төзімді келеді. Ал гигиена тұрғысынан қарағанда  - шаң, ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ қазақтың киіз басу өнері жойылған жоқ.

Сырмақ – халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші, әрі өнер туындысы.

Сырмақ – киіздерді біріне – бірін ойыстырып жасаған, не үстіне матадан ою басқан, тігістеріне жиек басып сырылған әшекейлі бұйым. Ол біріншіден, одан денсаулығына пайдалы, екіншіден, үйге жиһаз ретінде сән береді. Ұзатылған қызға жасау ретінде дайындаған. Көлемі жағынан сырмақтар төрт түрге бөлінеді. Бірінші – көш сырмақ. Бұл сырмақ көшкенде жүк артылған түйенің немесе арбаның үстіне жабуға арналған. Екінші – төсеніш сырмақ. Мұндай сырмақ киіз үйдің төріне сай жарты дөңгелек болып жасалынады. Үшінші – от алды сырмақ. Бұл сырмақты сыйлы қонақтар келгенде жалпы төсеніштердің үстіне, көрпешенің астына жаяды. Төртінші, төсек сырмақ немесе төсеніш алды сырмақ деп аталады.

Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі – тұскиізді арнайы басылған ең жақсы киізден жасалады. Оған әрі тығыз, әрі жұқа ақ жүннен басылған киіз таңдалып алынады. Тұскиізді әр түрлі қалың барқыт маталардан да тігуге болады.

Тұскиіз тігу үшін неше түрлі ою - өрнектерді салады. Безендіріп әшекейлеу үшін түсті барқыт, жібек, шұға тағы басқа маталардың бетіне ою - өрнек тігіледі немесе әр түрлі жіптерден ілмек бізбен тоқиды.

Қазақстанның әр облысында жергілікті қалыптасқан дәстүр бойынша оюды әр түрлі формада жасайды.

Жиектелген көздің жауын алатын сан өрнекті термелер мен қақпа алашалар әлі күнге тұрмыс сәні. Әр түрлі жүннен немесе әр түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрнекпен тоқи алатын төсеніш. Алаша екі түрлі әдіспен тоқылады. Бірі – түрлі түсті жіптерді жабыстыра тоқып, жолақ жасау, екіншісі - әр түрлі тін жіптерді санап отырып, теріп тоқу арқылы көп мәнерлі өрнектер түсіру. Алғашқы жолақ алаша деп, соңғысын терме алаша деп, кейде кілем алаша деп те атайды. Алаша – қазақ тұрмысында ең көп кездесетін мүлік.

Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде  де маңызы жойылған жоқ. Кілем – арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, өте тығыз тоқылатын аса бағады бұйым. Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі. Кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің қолданылуы жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі десек, артық айтылған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын шаң - тозаңнан тез тазартылатын аса бағалы мүлік.

Ши жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөлінеді. Ақ ши, ораулы ши, шым ши. Ақ ши оралмай құр өзі тоқылады, оны күнделікті жұмысқа, киіз басуға, құрт, ірімшік кептіруге пайдаланған.

Өн бойы түгел оралған шиді шым ши деп атайды, оны киіз үйге, ас –су, ыдыс – аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Ал өн бойы тұтас емес, әр жерінен аралатып оралған шиді ораулы ши дейді.

Киіз үйдің ішін әсемдеуле шидің алатын орны ерекше. Ши тоқуға қажетті заттар: шиден жасалған бұйымдар, түрлі түсті жіптер, эскиз жобалар, ораулы ши, қайшы, арқалық (станок). Шиді көші – қон жағдайында алып жүруге қолайлы болған.

Қазақ халқы көшпенді ел болған. Жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп, үнемі ат үстінде жүрген. Сол кездерде көлікпен зат және тамақ алып жүргенде қоржын пайдаланған. Қоржын ұлттық бұйым. Қоржынның бірнеше түрлері бар. Тоқыма қоржын – жүннен иіріп, терме етіп тоқылған, тоқылу әдістеріне байланысты түкті, түксіз тоқылған қоржындар; киізден өрнек салып тігілген қоржын; матадан тігілген қоржындар. Қазіргі кезде қоржындарды матадан кестелеп немесе ою - өрнек бастырып және түрлі суреттер салып астарлап тігеді.

Құрақ – қазақ халқының қолөнерінің ең көп таралған түрі. Кезінде оны ата - әжелеріміз бірден пішіп құрастыра білген. Құрақ - әр түрлі мата қалдығынан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі – геометриялық фигуралардың үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа – қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Құрақтан әр түрлі құрақ көрпеше, дорба, тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсеніш тіккен. Қазіргі кезде де қолданыстан шыққан жоқ, оны диванға, орындыққа төсеніш ретінде пайдалануға болады. құраққа қойылатын талап біреу. Ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.

Құрақтың да бірнеше атаулары бар. Мысалы: жұлдызша құрақ, қайшы құрақ, шатыр құрақ, тырна құрақ, қарсы құрақ, ботагөз құрақ, ши құрақ, жауқазын құрақ, доп құрақ, майда құрақ тағы басқа.

Құрақ құрау эстетикалық талғамды қажет етеді.

ІІІ. Қорытынды.

Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келе жатқан ұлттық өнерінің асыл тарихын рухани көне керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау, өскелең өмір талабы болып отыр. Ата – бабамыздың рухани мұраларын жоғалтып алу тіпті қиын емес. Ал оны жандандыру, жаңаша құрастыру көп жағдайда қолдан келе бермейді.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді өткен ғасырларда жоғалтып ала жаздап, еліміз егемендік алғалы өз мәдениетімізді, дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордаларына бірте – бірте тамаша үлгілері мен еніп, оқушыларға жан – жақты білім мен тәрбие берумен қатар, жаңаша еңбек етуге толықтырып отыр. Бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Ұлттық педагогиканы насихаттау үшін шәкірттерге білім мен өнеге берудің тиімділігін көрсету қажет.

Қыз бала балабақша, мектеп қабырғасынан бастап, қолөнерге бейімделіп, оның жасау технологиясын жетік игерсе, ол алдағы өмірінде кез – келген уақытта қажетіне жаратары сөзсіз. Қолөнер – қыз баланы әсемдікке баулып, өз ұлтының мәдени мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, дәріптеуге, ұлттық дәстүрді сыйлауға тәрбиелейді. Сонымен қатар үнемділікке, үй тұрмысына қажетті бұйымдарды дайын күйінде сатып ала салмай, өз қалауынша өрнектеп, әсемдеп қолдан өзі жасап алып, өзінің жеке тұрмыс салтына әсемдікті енгізуге ұмтылатын қасиетке тәрбиелейді.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.