Мемелкеттік тілдің көптілде білім берудің негізі ретінде қолданылуы

Мемлекеттік  тілдің көптілде  білім берудің  негізгі  ретінде  қолданылуы

 

Бүгінгі таңда еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев отандық білім берудің  алдында  жоғары  талап қойып отыр.

Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі —  өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқы ассамблеясының 12 сессиясында «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең болмағанда үш тілді білуі тиіс, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алуы керек» деп, Еуропа елінің студенттері мен оқушыларының бірнеше тілді меңгеріп, сол тілдерде еркін қарым-қатынас жасай алатындығын атап өтті. Сондықтан үш тіл білу – қазіргі заман талабы.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп, дамиды, әр ұлттың тілі – оның бакыты мен тірегі. «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін, сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашан да білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

Сондықтан, мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғни полимәдениетті тұлға қалыптастыру керек.

Білім берудің маңызды стратегиялық міндеті бір жағынан үздік қазақстандық білім дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан мекетеп бітірушілердің халықаралық біліктілік  сапасын, лингвистикалық білім жетілдіру, ең негізгісі  мемелкеттік және шет тілдерді қамтамасыз ету болып табылады.

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Н.Назарбаев «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан  бүкіл әлемде  халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс.Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын  тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», -деген болатын  /1/

Көптілдік қоғамдағы келісімді нығайтудың факторы, жаңа әлеуметтік –экономиалық ортадағы маңызды аспектісі, «ашық ойлаудың» мықты  әлеуметтік –экономикалық   әсері екенін, сонымен қатар бәсекеге қабылетті , көпмәдениетті  жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі, білім  беруді жетілдірудің басым бағыттары болып табылады.

Бүгінгі  таңда «Тілдердің  үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында қоғамдық өмірдің барлық салаларында  қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету , ресми тіл, ұлтаралық қатынас тілі ретінде  орыс тілінің  функцияларын сақтау, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу ретінде ағылшын тілін дамыту жөніндегі шаралар кешені  қолға алынып отыр.

Отандық білім беру жүйесін халықаралық стандартқа сай бейімдеу, көп тілді білім беру жүйесін қалыптастырып, дамытуды талап етеді. Әрине, бұл арада мемелкеттік тіл-қазақ тілінің мәртебесін көтеруге айрықша көңіл бөлуіміз қажет.Өзге тілді дәрісханаларда мемлекеттік тілді оқытудың басты мақсаты-тіл үйренушілердің қатысымдық біліктілігін қалыптастырып, сөйлеу қабілетін дамыту. Оқытудың міндеті –әр оқушыға терең білім беру, олардың ойлау қабілетін арттыру. Осы мақсатқа жету үшін талмай іздемпаздықпен еңбек  ету бар қауымның негізгі міндеті мен мақсат мүддесі болмақ.Тілді оқытудың  түрлі әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану арқылы оқушылардың білім алуға ынта-ықыласын оятып, жауапкершілігін күшейту көзделеді.

Сондықтан әр оқушының бойына жаңа, тың серпеліс туғызатындай  әдістерін тауып, әрқилы  әрекеттер арқылы олардың ақыл-ойын ұштау, жетілдіру көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіру-әр оқытушының міндеті.

Әрбір мұғалім, әсіресе қазақ тілі пәнінің мұғалімі, сабақ жүргізу барысында жаңа технологияларға сүйене отырып тың идеялар мен проблемалық ой тудырып отырса, оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арта түседі.Мұндай күрделі мәселені шешуге үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылардың бірі болып табылатын  балабақша-орта мектеп-орта арнаулы оқу орны- жоғары оқу орындарда қазақ , орыс ,ағылшын тілі пәні жүйелі түрде сатылап, бір-бірімен байланыстыра оқытылмаса дұрыс нәтижеге қол жеткізе алмаймыз.

Шығармашылық-бұл адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі, адамның ақиқат өмірді тануға ұмтылуы, ізденуі. Оқушылар талантының табиғи нышандарын  ұштап, дамытуға  олардың пәнге деген қызығышылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға , сенімдерін қалыптастыруға , ұжымдық және жеке іс-әрекеттер тәсілдерін үйрету арқылы біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау қажет.

Жалпы білім беретін мектептерде қазақ, орыс, ағылшын тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Пәндердің негізгі мақсаты –мектеп оқушыларын қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу,түрлі халықтардың әдет-ғұрпын,тарихын танып –білуге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.Мұның өзі –оқушыларға интернационалдық, патриоттық тәрбие беру жұмысына да тікелей көмегін тигізеді.Бұл мақсатқа жетуде оқыту үдерісін оңтайландырудың маңызы зор, өйткені ол сабақтың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін кенеді түрде жүзеге асыруды көздейді.

 Үш тілді меңгерту біздің мектепте тек сабақтармен ғана шектелмейді, сонымен қатар сабақтан тыс шараларды өткізгенде оқушыларды үш тілде қатар сөйлетіп,  тілдерді   үйренушілердің  біліктілігін қалыптастырып, сөйлеу қабілетін дамытады, тіл үйренудегі қызығушылықтарын арттырады. Атап өтсек, келесі іс-шараларды, мысалы Тұңғыш Президет күніндегі  ғылыми- тәжірибелік конференция, іскерлік ойындар, сынып сағаттары, Тілдер мерекесіне арналған іс-шаралар, «Брейн-ринг» сайысы , сахналық көрініс сайысы,қалалық сайыстар  ) оқушылар  үш тілде өткізіп, өздерінің  тілдік білімдерін көрсетіп, ал тыңдап отырған оқушыларды  өздері қатарлы тіл үйреніп, өздерінің құрбылары сияқты шараларға қатысуға ынталандырады.

Біздің мектепте гимназиялық сыныптардың ашылуына байланысты жеткілікті дәрежеде политілділікті іске асыру мүмкіндігі туды.Гимназиялық сыныптарда екі шетел тілін ( ағылшын және неміс), мемлекеттік тіл мен орыс тілін меңгеруге қосымша сағаттар бөлінеді, үйірмелер мен арнайы курстар жүргізіледі.Бұл бізге сабақтарды бірнеше тілде өткізуге, аа екі шетел тілін ( ағылшын және неміс), мемлекеттік тіл мен орыс тілін меңгеруге қосымша сағаттар бөлінеді, үйірмелер мен арнайы курстар жүргізіледі.Бұл бізге сабақтарды бірнеше тілде өткізуге, ал біздің  оқушыларға коммуникативтік біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.

Мысалы, 6 гимназиялық сыныпта «Менің досым» тақырыбыга өткізілген сабақ.Сабақта инновациялық технологиялар  қолданылды, оқушылар топпен жұмыс істеді, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сабақта интерактивті тақта қолданылды.Балалар бірнеше тілдегі білімдерін қолданып, постер құрғанын атап өткім келеді.Жұмыстарын үш тілде ұштастырып қорғау-жалпы орта білім беретін мектептерде политілді қолданудың тиімділігін растайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» Астана, 2012, 27 қаңтар

2. Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасы.Астана, 2007 ж.

3.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.  №1 (64) Білім беру саласында сурет арқылы –үштілділдікті  дамыту тәсілі.

4.Сулейменова Галия Мейрамбековна. Үш тілді меңгеру- полимәдениетті тұлға  қалыптастыру кепілі.

Добавить комментарий