Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы

Жезқазған қаласы, № 13 орта мектебі 

Пән мұғалімі: Есенова Жұлдыз Советқызы

Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы.

Мақсаты: Н. Тілендиевтің
шығармашылығымен таныса отырып, оның мән мағынасын ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: Н. Тілендиевтің әндерін
жаттап, музыкалық теориялық білім беру.

Тәрбиелік: Н. Тілендиевтің
шығармашылығын түсіндіре отырып, музыка өнерін құрметтеуге, қастерлеуге
тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармаларды тыңдата
отырып, есту қабілетін, ән салу шеберлігін, аспаптық музыкаға деген
қызығушылығын дамыту.

Сабақтың түрі: Лекция-концерт.

Құрылғы: Суреттер, ямаха, үнтаспа,
баян т.б аспаптар.

 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тақырыптың мәнін ашу.

3. Тыңдау.

4. Қатысушылардың өнері.

5. Лекция-концерттің
қорытындысы.

 Н. Тілендиев «Әлқисса» күйімен ашылады. Сіздердің
алдарыңызда өнер көрсеткен мектебіміздің «Домбыра
дастан »
және « Жас толқын »
домбырашылар ансамблі.

 Мәдени орталық бірлестігінің апталығы аясында,
музыка пәні бойынша композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына
арналған лекция – концертіне хош келдіңіздер.

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев – қазақтың әйгілі күйші сазгері,
дирижеры, атақты домбырашы. Ол 1925 жылы Алматы облысындағы Іле ауданына
қарасты Шилікемер ауылында дүниеге келген. Мәскеудің

П.И. Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін бітірді.
Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында ( 1953-1961), қазақтың
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (
1961-1964 ) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген « Отырар сазы » халық аспаптары
оркестрінде ( 1981-1998 ) бас дирижер қызметін атқарды.

 («Ата толғауы » күйін « Отырар
сазы » оркестрінің орындауында тыңдату.)

Қазақ
үшін дирижерлік – таңсық өнер. Соның алғашқы қарлығаштары кімдер дегенде ең
алдымен ауызға аларымыз – Нұрғиса Тілендиев.

Нұрғисаның өнерге деген құштарлығына ата-анасы
ықпал еткен. Әкесі Атабай – күйші, анасы ән айтуды жақсы көрген. Ол бес жасынан
бастап, домбырада ойнап, он екі жасында оркестр құрамында болған. « Солақайдың сойылынан сақтан » дегендей,
Нұрғиса Тілендиев солақай домбырашы болған. Ол 500 ден астам музыкалық төл
туындылардың авторы. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен », « Менің
Қазақстаным
»,

Қ. Қожамяровпен бірлесіп жазған « Алтын
таулар
» операсын және оркестр үшін жазған шығармаларын атауға болады. Оның
« Аққу », « Аңсау »,

« Арман », «Ата толғауы », « Әлқисса »,
« Қорқыт туралы аңыз », « Көш керуен », « Махаммбет » сияқты күйлерімен « Саржайлау », « Алатау», « Ақжайық », « Ақ құсым »,
« Өз елім » сияқты ондаған әндерін
жұртшылық сүйіп тыңдайды. Қырықтан астам пьессаға және жиырмадан астам
фильмдерге музыка жазған. Нұрғиса Тілендиев сондай-ақ

« Қыз жібек », « Менің атым Қожа », « Қарлығаштың құйрығы неге айыр », « Ақсақ құлан » фильмдеріне, Абайдың
кейбір өлеңдеріне музыка жазған.

Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлығымен Н. Тілендиевке 1998 жылы жоғары ерекшелік дәрежесі — « Халық қаһарманы » атағы берілді.

Бүгінде
ұрпақтар сабақтастығын паш етіп, оркестрге Н. Тілендиевтің қызы- Динара
Тілендиева жетекшілік етеді. Оркестр Қазақстанның қалаларында ғана емес,
сонымен қатар алыс жақын шет елдерінде көптеген концерттер беруде.

Ғасырлар
қойнауынан ата бабаларымыздың ең асыл мұрасындай бүгінгі күнге дейін үзілмей жеткен киелі
өнеріміздің бірі ән-күй өнері. Құрметті ұстаздар! Мектебіміздің хор және
домбыра үйірмесіне қатысып жүрген оқушылардың өнерін тамашалаңыздар.

1.Ә. Еспаев «Бақытты
балалық шақ
», орындайтын Халықаралық байқаулардың жеңімпазы Мұсабеков
Мұхаммед-Азиз
.

  2.Халық әні « Қалаулым» орындайтын « Жас толқын »
ансамблі. ( бұл ансамбльдің сахнаға алғаш шығуы ).

 3.Н. Тілендиев «Құстар
қайтіп барады
» орындайтын 7 «е»
сынып оқушысы Сәбитова Сандуғаш.

 4.Орыс халық әні « Во
саду ли в огороде
» орындайтын домбырашылар триосы.

5.Н. Тілендиев « Әке туралы жыр » орындайтын 5 «ғ» сынып
оқушысы Рыспаева Ақбота.

6.Халық әні « Гүлдерайым» орындайтын « Домбыра үйренейік » ансамблі. ( бұл ансамбльдің сахнаға алғаш шығуы
).

Н. Тілендиев « Асыл әжем » орындайтын 5 «ғ» сынып оқушысы Батырбек Құралай.

7.Әбләхат Еспаев « Бейбітшілік
сақталады
»

Қайрат Жүнісов « Қазақ елі » орындайтын мектебіміздің
хоры.

Н. Тілендиев « Аққу » орындайтын « Домбыра дастан ансамблі ».

 Ашық сабағымызды қорытындылай келе оқушыларға мынандай сұрақтар қойғым
келеді.

 1. Н. Тілендиевтің басқарған
оркестрі. ( «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық
оркестр.)

2. Н. Тілендиевтің әндерін
ата? («Саржайлау », « Алатау »,

« Ақжайық», « Ақ құсым », « Өз елім »т.б. )

3. Жалпы халық аспаптар
оркестрінде қандай аспаптар болады?

( домбыра,
домбыра-прима, домбыра-бас, домбыра-контрабас, қылқобыз, қобыз-прима,
қобыз-бас, қобыз-контрабас, шертер, сырнай, гобой, флейта, сыбызғы, литавра т.б.)

4. Н. Тілендиевтің күйлерін ата? (« Аққу », «
Аңсау »,

« Арман », «Ата толғауы », « Әлқисса »,
« Қорқыт туралы аңыз »,

«Көш керуен », « Махаммбет ».
)

5. «Отырыр сазы »
оркестрінен басқа қандай оркестрлерді білесіңдер?

(«Құрманғазы», «Тәттімбет», «Дәулеткерей» атындағы
ұлт аспаптар оркестрлері және т.б. көптеген оркестрлер баршылық.)

 Нұрғиса
Тілендиев бір ғасырда бір туып, ғасырлар бойы өзінің өнерімен халқының
ортасында өмір сүрген тұлға деп ашық сабағымызды аяқтағым келеді.

Назарларыңызға көптен көп Рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 Концерттік бағдарлама:

 1.Н. Тілендиев «
Әлқисса » орындайтындар « Домбыра дастан»,

« Жас толқын » ансамблдері.

2.Ә. Еспаев «Бақытты балалық шақ», орындайтын
Халықаралық байқаулардың жеңімпазы Мұсабеков Мұхаммед-Азиз.

3. Халық әні « Қалаулым» орындайтын « Жас толқын »
ансамблі.

4.Н. Тілендиев «Құстар қайтіп барады » орындайтын 7 «е» сынып оқушысыСәбитова Сандуғаш.

5.Орыс халық әні « Во
саду ли в огороде
» орындайтын домбырашылар триосы.

6.Н. Тілендиев « Әке
туралы жыр
» орындайтын 5 «ғ» сынып оқушысы Рыспаева Ақбота.

7.Халық әні « Гүлдерайым» орындайтын « Домбыра үйренейік »
ансамблі.

8.Н. Тілендиев « Асыл
әжем
» орындайтын Батырбек Құралай.

9.Әбләхат Еспаев « Бейбітшілік
сақталады
»

Қайрат Жүнісов « Қазақ елі » орындайтын мектебіміздің
хоры.

10.Н. Тілендиев « Аққу » орындайтын « Домбыра дастан ансамблі ».

Добавить комментарий