Главная Контакты

Навигация

Календарь

«    Март 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031


Выдача свидетельств

Материалы на сайте публикуются БЕСПЛАТНО, выдача свидетельств ПЛАТНО(1000 тенге).
Акция: Если ваша публикация наберет 100 лайков(учитываются все кнопки), то свидетельство будет выдано бесплатно!
Продукция от компаний LR

Cайт бесплатных объявлений

Требования к публикациям

Поменялась форма для получения свидетельства просьба всем заново скачать, заполнить и отправить нам на почту.
Неполные материалы не будут опубликованы.
В материале обязательно укажите класс и предмет.
Материалы состоящие только из вложенного файла будут долго проходить модерацию.
Правильно заполняйте форму для получения свидетельства. Не правильно заполненные формы оставляются на дополнительную проверку и будут занимать много времени. Не забывайте указывать в форме ссылку на Вашу публикацию и e-mail.

«Білгірлер» интеллектуалды ойын

14-01-2012, 13:26 | Раздел: Школа / 11 / Қазақ тілі | Просмотров: 8 004

 №16 Садовое орта мектебі

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғал імі Жазыкова Раиса Ержігітқызы

 «Білгірлер» интеллектуалды ойын

 Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: кестелер, слайдтар

 Сынып: 11

 Ойын ережесі:

1)      Сынып 2 топқа бөлінеді. Топтардың атауы, девизі болады

2)      I топ       Мемлекеттік тілді игеру-әрбір азаматтың борышы!

3)      II топ        Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде!

 4) Ойын тақтасы - слайд, онда категориялар беріледі, әр категорияда ұпайға байланысты қиын және жеңіл сұрақтар беріледі.

 5) Топтардың категориядағы тапсырманы таңдаулары жребий тарту арқылы шешіледі.

 6) Әр сұрақты талдауға 30 секунд беріледі.

 7) Сұраққа дұрыс жауап берген топ ұяшықты таңдайды.

 8) Әр үстелде сигнал картасы болады, жауап беруге дайын топ картаны көтереді.  

 9) Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз саналып, финал ойынына қатысады

I- Бөлім «Бәйге»  Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр сұрақ 1 ұпай болып есептеледі

1топтың сүрақтары

  1. Сенің Отаның қалай аталады?
  2. Қазақстан республикасының астанасы қай қала?
  3. Қазақ тілінде неше септік бар?
  4. Отан туралы бір мақал
  5. Қазақстан тарихында неше астана болған?
  6. Сен Қазақстанның қай  аймағында тұрасың?
  7. «Богатство» сөзінің аудармасы
  8. «Қара алтын»деп нені атайды?
  9. Қазақстанның жетістіктерін ата

10.  «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім?

        2 топ сұрақтары

1.Қазақстан республикасының рәміздерін ата

2.Күріштің отаны қай қала?

3.Сенің кішкентай отаның қалай аталады?

4.Тудың түсі қандай,онда не бейнеленген?

5.Бәйтеректің биіктігі неше метр?

6. «Халық»сөзінің синонимі

7. «Родина начинается семейного очага» аудармасы қалай?

8.Мемлекеттік әнұранның авторлары кімдер?

9. «Астана-Бәйтерек» монументі ненің символы?

10.Астана қаласының бұрынғы атауы

II Бәлім   «Полиглот»

1 топ.Книга, тетрадь,учитель,ученик, школа

2топ. Класс,доска,мел, библиотека, улица (сөздерді қазақ тіліне, ағылшын тіліне аудару)

IIIБөлім «Көкпар»

  Категориялар:

 Тіл                  10 20 30 40 50 60

 Фонетика   10 20 30 40 50 60

 Синтаксис    10 20 30 40 50 60

 Морфология  10 20 30 40 50 60

 Әр түрлі        10 20 30 40 50 60

 Бөлім «Тіл»:

 10 ұпай. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

 Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.  

 20 ұпай. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

ҚР-ның мемлекеттік тілі -қазақ тілі

  30 ұпай.

 Тіл туралы мақал мәтел айт

 • Өнер алды –қызыл тіл.

 *Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

 *Тәрбие басы- тіл.

 40 ұпай.

 Қазақстан халықтарының тілдері күні қашан?

Қазақстан халықтарының тілдері күні 22 қыркүйек.

 50 ұпай. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз

 1) Родина ( отан)

 2) независимость  (тәуелсіздік)

 3) суверенный  (егеменді)

 4) государство (мемлекет)

60 Ұпай. «Полиглот» дегеніміз не?

Көп тіл білген адамды «Полиглот» деп атайды

 Бөлім «Фонетика»

 10 ұпай.Буынның түрлері нешеу?

 Буынның түрлері үшеу:ашық,бітеу,тұйық.

 20 ұпай. Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

 Дыбыстар 2 топқа бөлінеді: дауысты,дауыссыз

 30 ұпай. Дауыссыз дыбыстардың түрлері қандай?

 Дауыссыз дыбыстардың түрлері: қатаң,ұяң, үнді.

 40 ұпай. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

Үндестік заңы екіге бөлінеді: дыбыс үндестігі,буын үндестігі

  50 ұпай. «Болашақ» сөзін аудар және неше дыбыс,буын,қандай буындар екенін айт.

60 Ұпай Үндестік заңына бағынбайтын жалғаулар мен жұрнақты ата?

 Үндестік заңына бағынбайтын жалғаулар мен жұрнақтар: -нікі, -дікі, -тікі, -хана, -мен, -бен,      -пен

 Бөлім «Синтаксис»:

 10 ұпай. Сөйлемдер қандай топқа бөлінеді?.

 Жай сөйлем,құрмалас сөйлем

 20 ұпай.Тұрлаулы мүшелерді ата

Тұрлаулы мүшелер:бастауыш,баяндауыш

30ұпай. Құрмалас сөйлемнің түрлері

Құрмалас сөйлемнің түрлері салалас,сабақтас,аралас

40ұпай. Салалас құрмалас  сөйлемнің түрлерін ата

Ыңғайлас,себеп-салдар,қарсылықты, кезектес,талғаулықты

50ұпай.Тұрлаусыз мүшелерді  және олардың түрлерін ата

Анықтауыш,толықтауыш, пысықтауыш.Тура,жанама.Мезгіл,мекен, мақсат,қимыл- сын

60 Ұпай Ілік септігі сөйлемнің қандай мүшесі болады?

Ілік септігі сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.

Бөлім «Морфология»

10ұпай.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Қазақ тілінде 9сөз табы бар.(зат есім,сын есім,сан есім, етістік,есімдік,үстеу,шылау,одағай,еліктеу сөздер)

20ұпай. Күрделі сөздерді ата.

Қос сөздер,қысқарған сөздер,біріккен сөздер,сөз тіркестері

30 ұпай.Жалғаудың түрлерін ата

Көптік,жіктік,тәуелдік,септік

40 ұпай. «Жұмысшылармен» сөзіне морфологиялық талдау жаса

Жұмыс-түбір,шы-жұрнақ,лар-көптік жалғау,мен-септік жалғау.Зат есім,туынды,дара,жалпы.

50 ұпай.»Таулы» сөзіне морфологиялық талдау жаса

Тау-түбір,лы-жұрнақ, сын есім,дара,туынды,қатыстық

60 Ұпай Қазақ тілінде жинақтық сан есімдер нешеу?

Қазақ тілінде жинақтық сан есімдер жетеу.

 

Бөлім «Әр түрлі сұрақтар»

 10 ұпай  Артық сөзді тап

 1. Тәуелсіз, егеменді, көпұлтты, кішкентай.

 2. Ту, елтаңба, астана, әнұран.

 3.Ресей, Қытай, Франция, Қырғызстан.

 20ұпай Қазақ халқының ұлы ақыны кім?

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев

30 ұпай. Тәуелсіздікке  неше жыл?

Тәуелсіздікке -20 жыл.

 

40 ұпай.Бұл жылдары не болды?   

 * 1991 ж 1 желтоқсан -(Қазақстанның тұңғыш Президенті сайланды.)

 * 1991 ж 16 желтоқсан -(Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды).

  * 1992 ж 4 наурыз - (Қазақстан БҰҰ  кірді).

 * 1992 ж 4 маусым - (Мемлекеттік рәміздер қабылданды).

 * 1993 ж 15 қараша - (Ұлттық валюта қабылданды).

 * 1995 ж 30 тамыз - (Қазіргі конституция қабылданды.)

50 ұпай Қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы  кім?

Қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы – Ыбырай Алтынсарин

60 Ұпай Қазақ халқының ежелгі баспанасы қалай аталады?

Қазақ халқының ежелгі баспанасы – киіз үй.

IV Бөлім Шығармашылық бөлім

.Әр топ тақтадан өздеріне тақырып таңдайды.Таңдаған тақырыптары бойынша әңгіме құрастырады.

Тақырыптар: «Менің отаным – Қазақстан», «Менің сыныбым», «Менің достарым», «Менің бос уақытым», «Менің сынып жетекшім», «Менің мектебім»

Сабақты  «Туған жер» әнімен аяқтау

Жеңген топты марапаттау.

 

 

 скачать dle 10.6фильмы бесплатно

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.