Главная Контакты

Навигация

Календарь

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 


Выдача свидетельств

Материалы на сайте публикуются БЕСПЛАТНО, выдача свидетельств ПЛАТНО(1000 тенге).
Акция: Если ваша публикация наберет 100 лайков(учитываются все кнопки), то свидетельство будет выдано бесплатно!
Продукция от компаний LR

Cайт бесплатных объявлений

Требования к публикациям

Поменялась форма для получения свидетельства просьба всем заново скачать, заполнить и отправить нам на почту.
Неполные материалы не будут опубликованы.
В материале обязательно укажите класс и предмет.
Материалы состоящие только из вложенного файла будут долго проходить модерацию.
Правильно заполняйте форму для получения свидетельства. Не правильно заполненные формы оставляются на дополнительную проверку и будут занимать много времени. Не забывайте указывать в форме ссылку на Вашу публикацию и e-mail.

Мерекелеріңізбен, аяулы аналар!

21-01-2014, 09:50 | Раздел: Школа / 5 / Тарих | Просмотров: 921

 


Тақырыбы:«Мерекелеріңізбен аяулы аналар!»


Іс-шара барысы:


Музыка ойнап тұрады, сахнаға биші қыздар шығып би билейді.


. (би: Feeldens)


Мыстан кемпір: тоқтатыңдар, билемеңдер, тойлатпаңдар! Ешқандай мереке болмайды. Қайдағы 8 наурыз. Мен  қарсымын бұл мерекенің тойлануына


1-жургізуші: мыстан кемпір қалай сіз қарсысыз? Бұл біздің ақ әжелеріміздің, аяулы аналарымыздың, қызғалдақтай құлпырған аруларымыздың мерекесі емес пе?Біз қалай оны тойлатпай тұра аламыз


(биші қыздардың бәрі шулай бастайды)


2-жүргізуші: мыстан кемпір ашуланбаңызшы. Бұл сіздің де мереке ғой. Достар  мыстан әженің ренжитін жөні бар. Оны ешкім 8 наурыз мерекесімен құттықтамайды ғой. Қараңызшы мен сізді бірінші болып құттықтағым келеді. Мына гүл сізге .


1-жүргізуші. Ооо сондай жарасып кетті,Жүріңіз сіз оданда біздің оқушылардың мерекелік концертін отырып тамашалаңыз.Көңіліңізді көтересіз


Барлығы:: ия-ия жұріңіз (қыздар мыстан кемпірді отырғызады)


1-жүргізуші:Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйған  8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз!


ән: Анашым


1-жүргізуші


Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,


 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың


 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,


Кең құшағың аясындай гүл бақтың.


2-жүргізуші:


мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры Канзада Бектібайқызына беріледі.


Малинбаева Айгерімның орындауында  “Мереке” әні


2-жүргізуші: Достар айтыңыздаршы


-Өмірде ең асыл жан кім ?


1-жүргізуші: Қызығыңды да, бұзығыңды да көтеретін кім?


-үнемі жаныңда періштедей қорғаштап, демеу беретін кім?


Екеуі бірге: Әрине ана!


1-жүргізуші:Күн шуағы айналадағы әлемге қандай қажет болса,ананың аялы алақаны мен жылы сезімі сондай қажет емес пе?


2-жүргізуші: Ия , асыл  анасына, өзіне  өмір  сыйлаған   жанға.осынау мәңгілік тақырыпқа ертелі-кеш ән арнамаған, жыр жазбаған ақын мен сазгер жоқ шығар


1-жүргізуші: олай болса сахнаға мектебіміздің 7 сынып оқушысы Тұрсынайда өз анасына деген ыстық сезімін өлең жолдары арқылы білдіргісі келеді.


2-жүргізуші: Гүлсезім мен Арнастың орындауында  “Анашым” әнін қарсы алыңыздар.


1-жүргізуші: Арнас сен 8 наурызда анаңа  қандай сыйлықтар бергенді ұнатасың?


2-жүргізуші: ия, ана үшін баласы аман есен қасында жүрсе соның өзі сыйлық қой.


1-жүргізуші: Анамызға , құрбыларымызға не сыйласақта шын жүректен болуы керек.


2-жүргізуіш: мектебіміздің 7 “а” сынып оқушысы Сейтжанов Жақсылық өзіңің мерекелік жүрек жарды өлең шумақтарын сіздерге арнамақшы.


1-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де,бірегейі де біздің қазақ»


2-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші


1-жүргізуші:Біздің де аяулы ұстаздарымыз мектепте бізді білім нәрімен сусындатса, үйде ана, немересін еркелетіп, тәтті қылықтарына тоймай еркелететін ақ жаулықты әжелер.


2-Жүргізуші: осындай ұстаздарымыз                                                     апайларымызға тағы бір рет қошемет көрсетейікші достар.


1-жүргізуші: ендеше келесі әсем ән сіздердің құрметтеріңізге арналады


Сабина: Асыл әжем әні


2-жүргізуші: ұстаздар, достар көңіл күйіміз қалай?


1-жүргізуші: олай болса көңілдеріңізді одан сайын көтеретін мектебіміздің ең көңілді жігіттерін сахнаға шақырайық.


-КВН


-Қыздар тобы: Чарли


1-жүргізуші: достар таңғажайыпқа сенесіңдер ме


2-жүргізуші: олай болса сіздерді 5 сынып оқушысы Апал таңғалдырмақшы тамашалайық


 Қырғыз биі


2-жүргізуші:Дүниедегі ең кемеңгер дананы


 Ана табады, аялайды, бағады.


 Сол үшін де құдіретіне бас иіп,


 Құрметтейік қасиетті ананы,


2-жүргізуші: Аяулы ұстаздар, достар барлығымыз экранға назар аударсақ


Ұстаздарды құттықтау туралы Видео ролик


1-жүргізуші Ертегі би


(мыстан кемпірде сахнаға шығып билеп кетеді)


Мыстан кемпір: ой балалар рахмет сендерге. Мен 8 наурыз мерекесі қандай мереке екенін түсіндім. Рахмет сендерге мені осылай ерекше көңілмен құттықтағандарыңа. Мен кетейін сендер тойлай беріңдер.  Ардақты аналар барлықтарыңызға тек денсаулық, бақыт тілеймін. Өмірде осылай гүлдей жайнап жүре беріңіздер


1-жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,


 Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.


 Қалайша аяулы ана тына алармын


 Ән болып сағыныштан ақтарылмай


 


2-жүргізуші:


 Демеңіз біз өнерді аяп қалды,


 Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.


 Қош болып тұрыңыздар көріскенше


 Осымен концертіміз аяқталды.


 


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің


 М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебі» ММ


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Исмайлова


 

скачать dle 10.6фильмы бесплатно
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.