Главная Контакты

Навигация

Календарь

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 


Выдача свидетельств

Материалы на сайте публикуются БЕСПЛАТНО, выдача свидетельств ПЛАТНО(1000 тенге).
Акция: Если ваша публикация наберет 100 лайков(учитываются все кнопки), то свидетельство будет выдано бесплатно!
Продукция от компаний LR

Cайт бесплатных объявлений

Требования к публикациям

Поменялась форма для получения свидетельства просьба всем заново скачать, заполнить и отправить нам на почту.
Неполные материалы не будут опубликованы.
В материале обязательно укажите класс и предмет.
Материалы состоящие только из вложенного файла будут долго проходить модерацию.
Правильно заполняйте форму для получения свидетельства. Не правильно заполненные формы оставляются на дополнительную проверку и будут занимать много времени. Не забывайте указывать в форме ссылку на Вашу публикацию и e-mail.

« Өнер сыры өрнекте»

31-01-2018, 16:34 | Раздел: Школа / 5 / Қазақ әдебиеті | Просмотров: 217
Сабақтың тақырыбы: « Өнер сыры өрнекте» Сабақтың мақсаты: ұлттық өнерді дамыту, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін заманауи бұйымдарға пайдаланып,тарихи өнерімізді жаңғырту. Білімділігі: оқушыларға ою-өрнек туралы мағлұмат беру, тарихымен таныстыру Дамытушылығы: оқушылар мен аналарына оюды дұрыс бастырып салу, икемдеп қиып алу, желіммен жұмыс жасау, біріктіру тігісін үйрету. Тәрбиелілігі: ою-өрнекпен жұмыс жасап, сабаққа қатысушыларды әсемдікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын арттыру, шығармашылық қабілеті мен қолөнерге деген икемділігін арттыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ізденіс, танымды ойын. Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, технология Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Өзара таныстыру 3. Теориялық бөлім 4. Практикалық бөлім 5. Қорытынды Қайырлы күн, жиналған қонақтар, оқушылар және ата-аналар! Біздің тәрбие орталығымызда өтетін « Өнер сыры- өрнекте» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Барлығымыз ортаға шығып, алдымен бір- бірімізбен танысып алайық! Ортаға жиналып, шеңбер болып тұрамыз. Бір-бірлеп алға шығып, өзіміздің есімімізді және соның бірінші әрпінен келетін жақсы бір қасиетімізді бірге айтамыз. Сонымен бірге, алға шыққан кезде ерекше бір қимыл жасаймыз. Ал қалғандарымыз сол қимылды қайталаймыз. Танысып, көңілімізді көтергеннен кейін, сабағымызға арқау болған қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және түрлерімен танысып өтейік. Теориялық бөлім Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықтың , жер-су, көшіп-қону көріністері мен күнделікті тұрмыстық заттардың бейнесін аңғартады. Барлығына дерлік мүйіз оюы үнемі араластырылып отырған. Ою- өрнекттің сыр-сипаты салынатын материалға , өрнектелінетін заттың қандай мақсатта қолданылатындығына байланысты. Мысалы, ақ түс- әділдіктің, шыншылдықтың, тазалықтың;қара түс- жердің, берекенің; жасыл түс- көктемнің, жастықтың; қызыл түс- күннің, оттың; сары түс- даналықтың, білімділіктің; көк түс- судың, ашық аспанның символдарын білдіреді. Ою-өрнектердің тарихына келетін болсақ, қазақ жеріндегі алғашқы ою- өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан табылған. Сол заманның мәдениеті дамуы барысында ою-өрнек өнері де дамып отырды деуге болады, себебі табылған қазба деректерден оюлардың әр түрлі түрлері болып, әр затқа бөлек ою-өрнектер бейнеленген. Тарихи заттардан, геометриялық, зооморфтық, қиял-ғажайып ою-өрнектер тобын кездестіруге болады. Жалпы, қазіргі таңда ою-өрнектер 4 түрге біріктіріледі, олар: - Зооморфтық; - Космогониялық; - Геометриялық; - Өсімдіктектес. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ Біздің « Өнер сыры- өрнекте» атты ашық сабағымызға қатысып отырған оқушылар және аналар! Біздің сабағымыздың мақсаты, өркендеп келе жатқан жас ұрпақ, болашақ ана болып, тәрбиені бала бойына сіңдіретін бойжеткендерімізге және соларға тәрбие беріп отырған аналарымызға қазақ ою-өрнек түрлерін таныстыру және өз қолдарымен бұйым жасап көруге мүмкіндік беру. Біздер бүгін қазақ ұлттық ою-өрнегін пайдаланып,фетр материалынан заманауи стильдегі қолсөмкесін жасаймыз. Ол үшін қажетті құралдар: - Өлшеніп, қиылған болашақ сөмкенің қағаз эскизі; - Қайшы, қарындаш; - Фетр материалы; - Ине- жіп; - Ыстық желім. Алдымен, әрқайсымыз қиылып, дайындалған сөмкелерді таңдап аламыз. Әр сөмкеде формасына байланысты қарындашпен бастырылған ою бар. Сол оюды ептеп қайшымен қиып аламыз.Сөмкенің ою қиылып алынған жағына басқа түсті фетр материалын ыстық желіммен жабыстырамыз.Яғни бұл сөмкенің оң жағы болады және ою басқа түспен көрінетін болады. Ал енді, сөмкенің жақтарын біріктіруіміз керек. Бұл үшін сөмкенің түсіне байланысты «ирис» жіптерін аламыз. Ескертетін жайт, жіпті таңдаған кезде сөмке жасалатын фетр материалына контраст келетін жіпті таңдаймыз. Сөмке жақтарын бір-біріне біріктіргенше мен сіздерге ою- өрнек туралы мәліметтер айтып, жұмбақ жасырамын. Жоғарыда аталып өткендей, жалпы 4 түрге бөлінетін ою- өрнектердің басқа да түрлері бар екен. Олар: - Көк әлеміне байланысты өрнектер: ай, жарты ай, кемпірқосақ, айшық, жұлдыз, күн, шұғыла, т.б. - Малға, малдың денесіне , ізіне байланысты өрнектер: айыртұяқ, арқармүйіз, атерін, түйетабан, т.б. - Аңға, аңның денесіне байланысты өрнектер: бөрікөз, иттабан, иттіс, т.б. - Құрт- құмырсқаларға байланысты: алақұрт, жұлдыз құрт, көбелек: - Құстарға байланысты: қазмойын, қазтабан, құсқанат, т.б. - Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ бейнелі өрнектер: гүл, жапырақ, үшжапырақ, су, райхангүл, шиыршық, т.б. - Қару, құралдарға байланысты : айбалта, айыр, қармақ, шынжыр, т.б. - Геометриялық фигуралар тектес өрнектер: қостұмарша, төртқұлақ, сүйір, қосдөңгелек, т.б. Біздің бүгінгі ашық сабағымызда қолданған ояымыз өсімдік тектес ояға жатады. Деректер Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды бұрын қалай, неден жасаған? ( Көктікен, итмұрын, мойыл, долана, қарақат сияқты өсімдіктердің шырыны дайын бояу деуге болады. Сонымен қатар, қынаны қайнатып пайдаланған) Ою- өрнек сөзі қай тілден енген? ( латын тілінен енген, « әсемдеу, әрлеу» деген мағына береді) Мақал- мәтелдер ● Ою ойғанның ойы ұшқыр. ● Үлгісі көптің өрнегі көп, Өрнегі көптің ермегі көп. ● Өнерсізден құт қашады. Жұмбақтар 1. Таптым, таптым, тап жорға, Табаны жалпақ боз жорға ( түйе, түйетабан) 2. Арқалаған тауы бар, Іші толған қоры бар. ( түйе) 3. Екі айнасы бар, екі найзасы бар. Төрт сылдырмағы бар, екі шыбыртқасы бар. ( оюлар: сыңармүйіз, қосмүйіз, сынықмүйіз) Ал енді, біздің сөмкелеріміз дайын болса, кезекпен ортаға шығып, өз бұйымдарымызды таныстырамыз. Ою-өрнек ұлттық сана оятар, Ою-өрнек үнсіз ғана ой айтар. Ою-өрнек шеберлікке жетектеп, Білгеніңді қажетіңе жаратар,- деп, ашық сабағымызды аяқтаймыз! Уақыт бөліп, қатысқандарыңызға рахмет! Өткізген:Бөкейордасы аудандық мектептен тыс тәрбие орталығының қосымша білім беру педагогы- Құрманғалиева Гүлмира Серікқызы.скачать dle 10.6фильмы бесплатно
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.