Главная Контакты

Навигация

Календарь

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 


Выдача свидетельств

Материалы на сайте публикуются БЕСПЛАТНО, выдача свидетельств ПЛАТНО(1000 тенге).
Акция: Если ваша публикация наберет 100 лайков(учитываются все кнопки), то свидетельство будет выдано бесплатно!
Продукция от компаний LR

Cайт бесплатных объявлений

Требования к публикациям

Поменялась форма для получения свидетельства просьба всем заново скачать, заполнить и отправить нам на почту.
Неполные материалы не будут опубликованы.
В материале обязательно укажите класс и предмет.
Материалы состоящие только из вложенного файла будут долго проходить модерацию.
Правильно заполняйте форму для получения свидетельства. Не правильно заполненные формы оставляются на дополнительную проверку и будут занимать много времени. Не забывайте указывать в форме ссылку на Вашу публикацию и e-mail.

«Хан таңбасынан» -«Президент рәміздеріне» дейін

22-12-2016, 20:33 | Раздел: Школа / 9 / Тарих | Просмотров: 388

Тақырыбы : «Хан таңбасынан» -«Президент рәміздеріне» дейін.

( танымдық сабақ )


Мақсаты: Аса маңызды мемлекеттік белгілер-рәміздермен жан-жақты таныстыру және мемлекеттік белгілерге ерекше құрметпен қарау,оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ хандарының портреттері,ру-тайпалардың таңбалары(кесте),Елбасы-Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Ту, Елтаңба, Гимн .Қазақстанның көрнекті жерлері .(бейне ролик)  ,

ҚР-ның әкімшілік картасы,ҚР-ның Конституциясы.

Дүниежүзіндегі басқа мемлекеттердікі сияқты ,қазақ елінің рәміз белгілерінің де көп жылғы бай тарихы бар.Қазақ жерін өте ертеде мекен еткен ғұндардың,Түрік империясының , Қарлұқ, Керей, Найман мемлекеттерінің ,Ақ Орда,Алтын Орда мемлекеттерінің өзіндік нышан –белгілері болған.Көне түрік мемлекеттерінің туларында негізінен қасқырдың басы бейнеленген.ҮІ-ҮІІғ көп тараған бұл тулар           «Бөрілі байрақ»деп атаған.Тудағы бұл бейне аңыздағы түріктердің арғы атасы болған көк бөрінің құрметіне алынған.

Сонау көне заманда қазақтың ру-тайпаларының өзіне тән таңбасы және ұраны болған.Ұранды ат бәйгесі, балуандар күресі, соғысқа аттанарда әр бір рудың ата-бабалары,батырлары аталып үндеу ретінде шақырылған. Ру таңбалары олардың жалауларында бейнеленген. Көптеген қазақтың ру аттары сол ру таңбасы арқылы аталған. Мәселен, бағаналы, шанышқылы, тарақты, ошақты және басқалар. Тік қос сызық-қыпшақтардың, тік сыңар сызық –қаңлылардың, ағын су-үйсіндердің, наймандардікі-бұрыш бейнелі, дулаттардікі, табындардікі-дөңгелек ,арғындардікі-екі дөңгелек ,қоңыраттікі-П әріпі және басқа да нышандары белгі ретінде қолданылған.

Бәрі болған қазақ деген көне елде,

Ел белгіде, ерлік, өрлік, өнерде.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді-Ту болмады дегенге?

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн орындалады.

Елді басқаратын хандарды ел ағалары ақылдасып,кеңесу арқылы белгілейді.Ханды ақ киізге отырғызып.жұма күні ашық аспан астында хан сайлау рәсімін өткізеді.ХҮІ ғ Жәнібектің баласы Қасым қазақ хандығының аумағын кеңейтіп, хандықты іргелі елге айналдырды.Ол тұңғыш        Қасқа жол атты тұңғыш заңдар жинағын шығарды.Қазақ ордасын ұзақ жылдар билеген хан Хақназар,Тәуке, Есім хандар тұсында қазақ хандарының күш қуаты бұрынғыдан артып,толыға түсті. Салқам Жәңгір,Әз Тәуке хандардыңбилік құрған кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен тұстас келеді.Әз Тәукенің «Жеті жарғы»заңдар жинағы қазақтың ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы әдет-ғұрып ережелерінің жиынтығы ретінде белгілі.

Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет «Қасым ханның қасқа жолы»атты бес бөлімнен тұратын заң шығарды.Қасым хан заң арқылы бір орталықты басқару жүйесін жетілдірді.Есім хан қазақ халқының әскери қуатын арттыруға көңіл бөлді. Сұлтандар мен төрелерге еркіндік билік берді.Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыру мақсатында «Есім ханның ескі жолы» атты әдет-ғұрып ережелер жинағын шығарды.

Әз Тәукенің тұсында әдет-ғұрып заңдарын жасап және соны үш жүздегі  үш бидің  -Төле,Қазыбек,Әйтекенің жүзеге асыруымен қазақ хандығы біршама бейбіт өмір сүрген екен.Бұл үш би құрған «Жеті жарғы »болса, қазір біздің тәуелсіз еліміздің   рәміздерімен бірге  Ата Заңымыз бар.                                                                                                                                                       Әмір Темірдің аспан түстес көк туы Х!Ү ғасырда көтеріліп,бір жарым ғасыр бойы желбіреген жеңімпаз тудың түсі біркелкі.Аспан көк рәміздің  ортасында даңқты қолбасы мөрінің суреті салынған.

Абылайдың ақ туы. Ел жадында ерекше сақталған рәміздердің бірі –Абылайдың ақ туы.Ол- бір түсті төрт бұрышты ақ мата шашақты бауы бар.

Есім ханның қызыл туы.Қазақтың ХҮІІ ғ  ұлы ханы еңсегей бойлы ер Есімнің туы қызыл екен.Бұл ту Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханнан қалған.

Жер бетінде үлкенді- кішілі 200-ден астам мемлекет бар.Сол мемлекеттерді бір-бірінен ерекшелеп ,айқындап тұраты әр елдің рәміздері бар. Тарихқа қосымша көмекші ғылымдар бар,геральдика –елтаңба тану мен виксикалогия-туларды зерттейді.                                                                                     Тарихта уақыт өз ізін қалдырады.Біздің еліміздің ,халқымыздың басынан кешкен тарихы да сан қырлы.Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан КСРО құрамында болған жылдары  Қазақстанның рәміз белгілері -3 рет бекітілді. 1925 жылы-Қазақ АКСР ,1937 ж, 1940 ж--Қазақ КСР қабылданды.Біздің еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі рәміздеріміз-Ту,Елтаңба,ҚР-ның мемлекеттік Гимні.

Олардың сипаттамасы мен ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.( 9-бап.

«Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті»           34-бап.2 тар.

Біздің  еліміздің «Мемлекеттік рәміздерді пайдалану » туралы заңы 2007 ж 4 маусымдағы Конституциялық Заңында  бекітілген.Бұл заң бойынша пайдаланудың арнайы тәртібі бар .Елдің туы шетелдерде қандай жағдайларда көтеріледі ?

Ту шетелдерде 2 жағдайда көтеріледі ;

1.Мемлекет басшысының басқа елге сапары кезінде

2.Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда.

Бір кездері біздің еліміздің тарихына үстірттеу қаралып, «өркениет көшінен кейін қалған көшпелі халық »деген пікірлер айтылды.Ал бүгін ше ;

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаң да,

Жасы түгіл шығады екен қарты аңға .

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса егер,  ен –таңба...

Ата-бабамыздан қалған қасиетті ,киелі жерді бабаларымыз найзаның ұшымен қорғаса,бүгінгі көшбасшымыз сарабдал саясатымен ,көреген көсемдігімен қорғап жүр.Кешегі «Қасым салған қасқа жол »,»Есім салған ескі жол »,бүгінде Нұрсұлтан ағамыздың «Нұрлы жолымен »жалғасын табуда.

Еске сала кетейік,»Қазақстан Республикасы президентінің байрағы және айырым белгілерінің ресми пайдалану тәртібі туралы »мемлекет басшысының жарлығына 1995 жылы 29 желтоқсанда қол қойылған,ал оған 2012 жылғы 31 қазанда байрақтың жаңа талабын бекітетін өзгерістер енгізілген болатын.

Қазақстан Республикасы Президенті байрағының  СИПАТТАМАСЫ:

Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы –көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес)           тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме .Тікбұрыштың ортасында Қазақстан Республикасының алтын түсті Мемлекеттік туы бейнеленген.

Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған.

Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген.Байрақтың сабы «қошқар мүйіз » түріндегі суретті қола кескіндемемен тұйықталған,оған көбілмелі шашақ бекітілген.
Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы  Президентінің  мемлекеттік тілде тегі ,аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      скачать dle 10.6фильмы бесплатно
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.