Ұстазымның қолдауы — арманымның орындалуы

«Ұстазымның қолдауы — арманымның орындалуы»

Мақсаты: Мұғалімдердің бойына кәсіби іс — әрекеттің тиімді жекелей стилін қалыптастыру, оқушылармен олардың ата — аналарымен, мектеп басшылығымен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым — қатынас жасай алуын қалыптастыру, дамыту.
Қажетті құралдар: ватман, фламастер, клей, шар және т.б.
Тренинг барысы: Психологиялық бағыт беру.
Әрбір адам — өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді де мағыналы, мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай ғана қысқа өмірде» адамдардың бір — бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы қарым — қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.
1-жаттығу. «Менің жүрегім»
Ортаға 10 үлкен, ұлағатты ұстаздарымызды шақырамыз. ІІ топқа бөлініп, әр топ 5 ұстаздан құралады.
Тапсырма: Сіздерге сөйлемдер берілген. Сол сөйлемді толықтырып ватманға әдемілеп жазасыздар.
І топ. «Менің жүрегім ән салады егерде, мекткпте…»
ІІ топ. «Менің жүрегім қайғырады егерде, мектепте…»
Топтар жұмысты орындағанша басқа да аріптестермен ойын ойнайық.
2-жаттығу. «Шар»
Қазір әуен қосылып, шарды бір-бірімізге береміз. Әуен тоқтаған кезде шар кімнің қолында болса, сол адам тақтада берілген тапсырманы орындайды:
1) Тапсырма:
Сіз класс жетекшісіз. Сіздің екі оқушыңыз оның бірі өз балаңыз тәртіп бұзғаны үшін директор кабинетіне шақыртылдыңыз. Сіз жауапқа тартылдыңыз. Оқушының бірі сіздің туған балаңыз. Сіздің әрекетіңіз қандай? Директор алдында, кейін класыңызға барғандағы іс — әрекетіңіз.
2) Тапсырма:
Мектеп түлектеріне айтар ақыл — кеңесіңіз, тілегіңіз.
3) Тапсырма:
Сіз жас мамансыз. Оқушыңыз сіздің сабағыңызға үнемі дайындықсыз келеді. Айтылған тапсырмаларыңыз жауапсыз. Сіздің сабағыңызға деген ешқандай қызығушылығы жоқ. Сіздің әрекетіңіз қандай?
4) Тапсырма:
Әріптестеріңіз сізден бір ән орындап беруіңізді сұрайды.
Қорытынды:
1-жаттығуы «Менің жүрегім ән айтады егер де, мектепте…..» былайша орындалды: 1 Менің жүрегім ән айтады егер де, мектепте береке бірлік болса. 2 Менің жүрегім ән айтады егер де, мектепте жақсы оқушылар көп болса. 3. Менің жүрегім ән айтады егер де, мектепте жаңалыққа жаны құмар ұстаздар көп болса. 4. Менің жүргім ән айтады егер де, мектеп ҰБТ-да жоғары балл алса. 5. Менің жүргім ән айтады егер де, мектебіміз биік шындарды бағындырса, ұстаздарымыз ешқашан ауырмаса.
Осы алынған жауапты көпшіліктің қолдауымен, жадымызда мәнгілікке қалдырып, мейірімділіктің көзіндей сақтайық.
«Менің жүргім қайғырады егер де, мектепте…..» былайша орындалды: 1. Менің жүргім қайғырады егер де, мектепте тәртіп болмаса. 2. Менің жүргім қайғырады егер де, мектепте ұйымшылдық болмаса. 3. Менің жүргім қайғырады егер де, мектепте ҰБТ – да үмітіміз ақталмаса.
Осындай жүрегімізді қайғыртатан қасиеттеріміз бойымыздан мәңгілікке жойылсын деп сіздердің қолдауларыңызбен урнаға тастаймыз.
Сөз соңын Төле бидің мына бір қанатты сөзімен аяқтасақ:
Адамның басшысы – ақыл,
Шолушысы – ой,
Жетекшісі – талап,
Қорғаушысы – сабыр,
Сынаушысы – халық
Таусылмайтыны – арман,
Ең қымбаттысы – ар сақтау,
Бәрінен ардақты — өмір сүру,
Соның ішінде ең тәттісі – сыйластық.
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Ұстазымның қолдауы  - арманымның орындалуы
Презентацияны жүктеп алу[attachment=215]

Добавить комментарий