Сөз – жұмбақ — саз

Жезқазған қаласы

№13 орта мектебі

жоғарғы санатты биология пән мұғалімі

Ералиева Г.С.

“Сөз – жұмбақ — саз”

            Оқушылардың танымдық белсенділігі  мен ізденпаздығын дамыту мақсатымен 9-сынып оқушыларының “Сөз – жұмбақ — саз” танымдық, думанды ойынын жүргіздік. Жүргізуші 9-сынып оқушысы, оқу үздігі – Маханова Гүлшат.

                        Армысыздар ағайындар, дос жарандар,

                        Білімді де ақылды оқушылар,

                        “Сөз – жұмбақ — саз” ойынына қош келдіңдер,

                        Ардақты ұстаздарым  бармысыздар?!

            Жастарды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін өнерлі де өрелі жастардың танымдық – думанды “Сөз – жұмбақ — саз” бағдарламасына қош келдіңіздер!

            Сахнамыздың ашылу салтанатына 9-сынып өнерпаздарын шақырамыз.

            Мектебіміздің өнерлі де өрелі жастарынан құралған “Қайрат” тобын өз тобын таныстыруға шақырамыз. (Өлеңмен таныстырылады.)

            Алғашқы ойын — “Логикалық сауалдар”. Ойлану уақыты 30 секунд. Жауап нақты әрі тура болуы тиіс. Тапсырманы мұқият тындап алыңыздар. Қазылар алқасы, берілген жауапқа ортақ бір баға қойылады. Олай болса іске сәт!

            1-сұрақ: көпшілікке арналған физиологиялық кітаптың біріңде бейнелі түрде жазылған мынадай сөйлем бар: “Қызыл теңізден секунд сайын миллион кемелер оның түбіне батып жатады. Бірақ айлықтардан миллион жаңа кемелер тағы жүзіп шығады”. Деп нені астарлап айтып тұр?

            2-сұрақ: ең бірінші тауық пайда болды ма? Әлде жұмыртқа пайда болды ма?

            3-сұрақ: неге қымыз бен шұбаттан айран ұйтуға болмайды? Сүттен болады.

            4-сұрақ: М.П. Павлов былай деген. Ағзада “төтенше реакциялар” бар, бұл кезде ағза тұтастығын сақтау үшін өзінің белгілі бір бөлігін құрбан етеді. Бұл не туралы айтылған?

            Жүргізуші. Абай атамыз айтқандай сырты алтын іші күміс сөз жақсысын келістіріп сөйлеу мәдениетіне негізделген “Шешендік шеберлігің қалай?” деп аталатын айналымды бастайық. Мұнда топ басшылары ғана өнер көрсетеді. Олар 1,5 минутта екі мәрте сөз алып “Тәуелзіздік – тәу етер киелі айбарым” деген тақырыпта әңгіме қозғайды. Сайыскердің өз әңгімесінде мақал-мәтелдерді қаншалықты ұтымды, орынды пайдаланғанына көп көңіл бөлінуі тиіс. Топ басшыларына сөз берелік.

            “Қайрат” тобы. Бағлан:

            Өзін-өзі басқарған ел бақытты,

            Өзін-өзі билеген ел бақытты.

— Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны, сайып келгенде азаттық үшін күреске тірелді. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғұн, сақ, т.б. Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуірінен бүгінгі тәуелсіздік Қазақстанға дейінгі жолында азаттық үшін алыспаған сәт кемде-кем шығар.

Осыдан 17 жыл бұрын, 1991 жылғы желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазақ халқы үшін, жалпы қазақстандықтар үшін үлкен оқиға. Ол Қазақстанды Отаным, елім, жұртым әрбір азаматтың жүрегінен кең орын алатыны айдан анық. Ендігі жерде бізде жалғыз Отан бар, ол- тәуелсіз Қазақстан.

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман, яғни білім жарысы заманы. “Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады ”. “Ашу – дұшпан, ақыл дос”. Ашу емес бәрін ақыл шешуі керек. Елдің тыныштығын бұзу – оның болашағына балта шабу. Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген адам өзге халықтарды ашындырмайды, ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.

Тәуелсіздік- қазақ халқының сан ғасырлық арманы.

Қазақтың көшпенлілігі тек өзінің атамекені аумағында өткен. Сондықтан да  біздің ұғымымызда туған жердің қадір — қасиеті бөлекше. “Туған жерге туың тік” дейді қазақ. Әлемдегі талай ел өз тәуелсіздігіне қанды соғыспен, қыршын шығынмен жеткені белгілі. Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен жетті. “Өз елімнің басымын, басы болмасам да сайының тасымын”. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі…

“Алау” тобы. Жансая:

— Қазақ халқы бүкіл 20 ғасырдың өне бойына өзге халықтардың түстеріне кірсе шошып оянатындай, қорқынышты оқиғаларды бастан кешірді. Мен қазақ халқының көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай білгентөзімділігіне қайран қалам. Мәңгіліктің қатыгез тасқыны біржолата үгіп, біржолата шайып әкететіндей қилы кеөең тұсында қиналса да аман қала алыпты. Оның дәйегі, сонау Х⋁III ғасырда жоңғарға қарсы халық шайқасында да солай болды.

ХIХ ғасырда ең соңғы егемен хан – Кенесары Қасымұлы  тұсында тәуелсіздік жолындағы арпалыста да солай болған.

Қазір тарих бетін ақтарып қарасақ, қазақтар ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында бостан-босқа аштан қырыла берген жоқ, саяси жүйеге қарсы қолына қару алып күресе білді. “Отан үшін отқа түс, күймейсің” дегенді қолдап, Сталиннің бұғауына қарсы күштерді тең келмесе де күйресті. Сол уақытта қазақ халқы талай жерде тұтасымен қырылуға шақ қалды.Бірақ өміргі деген, азаттыққа деген құштарлық, жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды…

 “Қайрат” тобы. Бағлан:

— Ең алдымен өз ішімізде ауызбірлік керек. “Байлық байлық емес, бірлік байлық”. Бірлігі бар елдің іргесі берік болуына кәрі тарих куә. “Өсер елдің баласы бірін-бірі батырым дейді”. Өзімізді – өзіміз, бірімізді – біріміз құрметтей білуіміз керек, сонда ғана өзгелердің айбары алмайды, мерейіміз биіктей түседі.

Тәуелсіздік, Азаттық – қасиетті сөз, қастерлі де киелі ұғым. Сол тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оны көзіміздің қарашығындай қорғау баршамыздың борышымыз.

Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі.

Біздің ендігі мақсатымыз өз елін, ұлтын  биік тұғырлардан көру үшін, адам өзін қалай құрметтеп, жақсы көрсе, өзгені де солай сүйіп, құрметтеуге естен шығармауы керек. Ұлттық мінез, ұлттық намыс жоқ жерде ұлт та жоқ. Ең бастысы – қазақ халқы тәуелсіздігі бар, өзгелермен тең тұрып, иық тірестіре алатын ұлтқа айналды. Әлемдегі мықты 50 елдің қатарына қосылуға Елбасымз бастап, халқымыз харекет жасап жатыр. “Кеңескен ел кем болмас”, алдағы мақсатымыз орындалуына жазсын. Мен елімнің болашағына сенемін.

“Біреуің бас, біреуің аяқ, біреуің құйрық, біреуің қанат” болып,

“Ақылды адам айтқызбай біледі,

Ақсұңқар қаққызбай біледі”, Отанымызды дамытып, гүлденуіне бар күшімізді салайық, жастар! Рахмет.

“Алау” тобы. Жансая:

Қанша айтса да тозбайтын Ананың аты секілді, қанша емсең де дәмі азбайтын Ананың ақ сүті секілді, қайран Азаматтық, Еркіндік саған не жетсін! Міне, 16 жыл. Ғасырға бергісіз 16 жыл. Осы тәуелсіздікті аңсап, зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында қаншама ата – бабаларымыздың қаны судай ақты. Қалайша осы кезде Қайрат, Ләззат, Сәбира есімді қайратты аға-апаларымызды еске алмасқа. Жас өмірлерін қия отырып, қара білектің күшімен, найзаның ұшымен қазақ халқына тәуелсіздікті сыйлады. Аңсаған тәуелсіздікті алдық, бірақ алдымызда біл үлкен аңсаған асу бар… Ол бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену. Бұл үлкен мақсатымызға мына жастардың арқасында қол жеткіземіз.

“Поэзия ” айналымы. Мұнда ойыншылар Абайдан бастап осы күнгі ақындардың 2 шумақтан құралған 2 өлеңін оқиды. Қарсылас топ оқылған өлеңнің авторын, атын табуы қажет. Топтар өз өлеңін оқиды.

Әділ қазылар бағасын береді.

(Оқушылардың орындалуында скетч-шоу.)

Сайысымыздың ең тартымды кезеңі “Сұрақтағы сынақ” айналымына жол берейік. Мұнда әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың құны 100 теңге. Сұраққа жауап берілсе 100 теңге беріледі, жауап бермесе қайтарылып алынады. Ендеше сайысымызды бастайық.

“Қайрат” тобының сұрақтары.

  1. Қазақтың бес арысын атаңыз. 
  2. Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы.
  3. “Жұмыртқадан жүн қырыққан” тіркесінің мағынасы.
  4. Дүние жүзіндегі ең алғаш екпе тапқан қазақ.          
  5. Күріш жинаудан әлемдегі рекорд жасаған қазақ.
  6. Мысыр елінің астанасы.
  7. Қазақстанда алғаш әлем чемпионы болған боксшы.
  8. Мұсылман қауымында қандай аңныңетін жеуге болмайды?
  9. Парижді  таңдандырған қазақ әншісі кім?

10.  Қ.Рұсқұлбековке қандай атақ берілді?

“Алау” тобының сұрақтары.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды және авторы кім?
  2. Жаңа Әнұран қашан қабылданды?
  3. “Халық қаһарманы” болып кім атанды және ол атақ қашан берілді?
  4. 1987 жылғы КОКП орталық Комитеті желтоқсан оқиғаларын қалай бағалады?
  5. Қазақтың үш бәйтерегі.
  6. “Түйе үстінен сирақ үйткен” фразеологизмнің мағынасы.
  7. Фотосинтез құбылысын ашқан ғалым.
  8. Үш жүздің басын қосқан хан.
  9. Тары жинаудан әлемдегі рекорд жасаған тарышы.

10.  “Тар жол тайғақ кешу” романының авторы кім?

“Күй күмбірі” айналымы. Бұл айналымда топтың күйшілері алма-кезек қос күйден орындайды, атын авторын табуы керек.

Әділ қазылар бағасын береді.

“Ән мәтінін орындау айналымы” келіп қалған секілді. Мұнда командаларға экстрада әншілерінің орындалуында айтылып жүрген әндер билет арқылы беріледі. Ойыншылар билетте жазылған әнді нақышын келтіріп орындау керек.

Ендігі айналым — “Қонақкәде”. Әр топ Тәуелсіздік тақырыбында бір көрініс көрсетуі тиіс. Баға олардың актерлік шеберлігіне, қазақ сөздерін дәл мағынасында жеткізіп, құлпырта білуіне, мәнеріне, мазмұнына  сәйкес қойылады.

Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру өзекті мәселенің бірі, себебі, қоғамға білімді, түрлі жағдайларда алдына қойған міндеттерді шешудің қолайлы тәсілдерін таңдай алатын белсенділігі жоғары тұлға қажет. Сондықтан  “Сөз – жұмбақ — саз” сияқты ойындардың берері мол. Әрі бұл ойын мектеп қабырғасында оқытылатын барлық пәндерді қамтиды.

 

 

Добавить комментарий