Тақырыбы:СПИД-XXI ғасыр қасіреті.

Бақтығалиева Ә.Б. Орал гуманитарлық колледжі Тәрбие сағаты
Тақырыбы:СПИД-XXI ғасыр қасіреті.
Мақсаты:
1 Білімділік мәні:оқушылырды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу,нашақорлықтың,СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету,солардың салдарынан туындайтын аурулар туралы білімдерін жетілдіру. 2 Дамытушлық мәні:СПИД-тің адам өміріне зиянды әсерін аита отырып,олардың сана сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін арттыру. 3 оқушылардың жаман,зиянды әдеттер туралы жан-жақты түсініктерін кеңейтіп,олардың сауатын ашу.
Сабақ түрі: тренинг.
Сабақ әдісі: әңгімелесу,пікірталас,жарыс,баяндау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тест-тапсырма,бейне -таспа ,суреттер,ақ қағаздар. Сабақ барысы: I Ұиымдастыру кезеңі: 1Кіріспе сөз. 2Тақырыпқа сай қойылған сұрақтармен пікір алмасу. 3 Тестпен жұмыс. II Қортынды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: « Халық денсаулығы» атты Мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі екендігін атап көрсеткені баршамызға мәлім.Бағдарламаның басты мақсаты,мұраты халықтың денсаулығын сақтау,демографиялық ахуалды жақсарту. XXI ғасырда жастар денсаулығы мықты,руһани дүниесі бай,жаны мен тәні таза,танымдық белсенділігі мен білім алуға деген ынтасы ерекшеленуі тиіс. Республика бойынша ерлердің 27 % ,жасөспірімдердің40%,шылым тартса,ересек адамдардың 55%, үнемі арақ ішеді екен.Мектеп оқушыларының29,5 % нашақорлыққа ауызданған.Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім,4 мыңнан аса дене бітімі мен ақыл есі кем балалар барын,әрбір үшінші бала өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін,балалар үйіндегі балалардың 85% тірі жетім екенін көреміз.Халқымызда « Бірінші байлық денсаулық» деген ұлағатты сөздер текке айтылмаған. Салауатты өмір салтын,осы келеңсіз жайлардың алдын алу,адамдардың денсаулығын күшейту,бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі өткізіліп отырған тәрбиелік сағатымыз «Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес» күніне арналып отыр. 1.Тренинг сабағын бастамас бұрын,оқушылыр екі топқа бөлінеді. 2 Тапсырма.Екі топқа бөлінген оқушыларға сұрақ тасталады . Балалар біз ВИЧ-вирусы туралы не білеміз? (Екі топ өз ойларын ақ қағазға жазады.) 3 шағын-лекция. ВИЧ-тасымалдаушысы бірнеше кезеңдерден тұрады: 1-кезең.- ВИЧ-тасымалдаушысы ағзаға түскеннен кейін, суық тиіп ауырғандағыдай белгілер пайда болады.2-3 аптадан кейін қауіпті кезең өтеді. 2-кезең.- ВИЧ тасымалдаушыны тек лабаратория қортындысы арқылы білуге болады.ВИЧ тасымалдаушы адамдар өздерін жақсы сезінеді 3-кезең.Жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдан соң байқалады. Адам ағзасында аурудың бірнеше белгілері пайда болады(салмақтың азаюы,ішкі құрылысының бұзылуы,дене қызуының жоғарылауы) .Адам ем арқылы қысқа мерзімге жақсарады. 4-кезең.-Иммунитет толығымен бұзылады.Жұқтырған мерзімнен бастап,өлімге дейінгі мерзім орташа 5-12 жыл. ВИЧ вирусы глобальды масштабта,күрделі мәселелерге айналды.Дүниежүзілік денсаулық ұйымдарының айтуынша ,күніне дүниежүзінде 16 мың адам СПИД ауруына шалдығады екен. Біздің Республикамызда ең бірінші рет ВИЧ вирусы 1987 жылы тіркелген. Спид немесе ЖИТС жүре пайда болған иммунитет жетіспеушілік синдромы,адам ағзасындағы қорғаныс жүйесінің жұмысына зардап келтіретін жұқпалы ауру.ЖИТС-ның қазіргі кезде екі түрі белгілі.ВИЧ-1 немесеАИВ-1 және ВИЧ-2 немесе АИВ-2 АИВ вирусын1983 жылы Францияда ғалым Роберт Галло және Америкада ғалым Люк Монтанье тапқан. Адамның қорғаныс жүйесінде бір-біріне тәуелді емес,бірақ бірге әсер ететін жасушалар болады. Солардың бірі Т-лимфоциттер қатерлі ісікті,вирусты ,бактерияларға қарсы иммундық жауап беруін реттеп,адамды аурудан қорғап отырады. Адам ағзасына енген вирус қанның лимфоцид жасушасының ішіне еніп,тез көбейе бастайды, осының әсерінен жасуша жарылып өледі.Бұл процесс қайталана бергендіктен адамда иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең бірнеше жылға созылуы мүмкін,осының нәтижиесінде жасуша вирус сақтаушыға ,ал адам вирус тасушыға аиналады. СПИД вирусы таралу үшін адам ағзасының ішкі ортасы қажет. АҚШ-та жүргізілген зерттеулерге қарағанда ЖИТС ауруының 80% жыныстық қатынас арқылы,15% нашақорлар арқылы, 1% ата-аналар арқылы,1% қалай жұғатыны әлі күнге дейін белгісіз.
ЖИТС -3 түрлі жолмен жұғады
1. Жыныстық қатынас арқылы жұғады
2. Ластанған шприц , қан құю арқылы
3. Анадан балаға беріледі
ЖИТС ауруын тек лобораториялық тексерулер арқылы анықтайды.
5.Тест тапсырма.( Оқушылар иә немесе жоқ жауабын таңдайды.) ЖИТС-туралы не білесіз? 1 ЖИТС-пен ауратын адаммен құшақтасу қауіпті ме? 2 Ортақ әжетханадан ЖИТС жұғуы мүмкін бе? 3 ЖИТС-пен ауырған адаммен бір бөлмеде болу қауіпті ме? 4 ЖИТС вирусы Т4 лимфоцидін зақымдай ма? 5 Басқа адам пайдаланған инені екінші адам пайдалануға бола ма? 6 Бейтаныс адаммен жыныстық қатынасқа түсу жұға ма? 7 ЖИТС –пен ауратын адам түшкіргеннен немесе қақырғаннан вирус өзгеге жұға ма? 8 Жара арқылы ЖИТС вирусы жұға ма? 9 ЖИТС пен ауырған адаммен бір бөлмеде тұру қауіпті ме? 10 ЖИТС ауруы ортақ һауызды пайдалану арқылы жұға ма? 6. Бейне таспа арқылы оқушыларға ой тастау. 7.Қортынды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылы 1 желтоқсаннан бастап « Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні» болып жарияланды. Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымыздың биіктен көрінуінің басты құралы екендігін мойындап,өзімізді бағыттап отыруымыз керек.Мемлекетіміздің күш-қуаты артып,халқымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін оған дені сау,білімді,мәдениетті ұрпақ қажет.Ал ұрпақтарымыздың бүгінгі кездегі денсаулығы,салуаттылық шараларды үздіксіз шараларды ұстануды қажет етеді.

Добавить комментарий