«БАҚЫТТЫ СӘТ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫН САБАҒЫ

                                                               №40 негізгі мектеп   
                             «БАҚЫТТЫ СӘТ»
                 МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫН САБАҒЫ
                                                                          Өткізген: Мұсатаева Асел Мұратқызы

«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру, мәнерлеп тақпақ айтуын, ортада өз — өздерін ұстау дағдыларын дамыту,математиканың қыр сырын аша білуге,алғырлыққа тапқырлыққа баулу.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа,нақты пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрі: Топтық сай сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:

  1. Топтың өзін таныстыруы,амандасуы.
  2. Тапқырлық сайысы. (Логикалық есептер)
  3. Біліктілік сайысы(есептер шығару)
  4. Математикалық сұрақтар
  5. Ойымды жалғастыр(мақал-мәтелдер)
  6. «Қас – қағым» сәті.

Қолданылған нақыл – сөздер:
«Арифметика математиканың. ал математика ғылымдардың патшасы». (К.Гаусс)
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В. Ломоносов)
Математика  — барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Мұғалім: Қайырлы күн қадірлі ұстаздар және оқушылар!  «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш» және «Квадрат» топтарын шақырамыз.
Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың
Төзбейтін өтірікке,жалғандыққа
Жасықтан емессің сен,қаталдансың.
Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән атанғансың!- дей келе ортаға сайыскер командаларды  шақырайық.Командаларды шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап отыратын сайыскерлеріміздің білімі мен тапқырлығына,өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасын таныстырайын.. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

 

Жоспары:

  1. Топтың өзін таныстыруы,амандасуы.
  2. Тапқырлық сайысы. (Логикалық есептер)
  3. Біліктілік сайысы(есептер шығару)
  4. Математикалық сұрақтар
  5. Ойымды жалғастыр(мақал-мәтелдер)
  6. «Қас – қағым» сәті.
  1. Кезекте амандасу рәсімі.1 – топ.Үшбұрыш тобы:

Ұраны: Білікті бірді жығар
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бар екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.Үшбұрыш тобынан қарсылас топқа сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз. Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:
1 ) тең қабырғалы ұшбұрыш
2) тең бүйірлі үшбұрыш
3) доғал бұрышты
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180˚ қа тең.

  1. «Квадрат тобы»

Ұраны: 
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске

Сәлемдесу: Армандарға қол созумен келеміз
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз
Білімменен қаруланған тобымыз
Қарпсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір – біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.
Қасиеттері: 1. Диоганальдары тең.
2.Диоганальдеры бір  — біріне перпендикуляр болады.
3. Ішкі бұрыштарының қосындысы 360 ˚ қа тең.

Мұғалім: Жақсы ендігі кезекте әділқазы арқасының екі  топқа беретін ұпайларын тамашалайық.

 

 

2- бөлім: Үй тапсырмасы.
Алдарыңызда «Үшбұрыш тобы».
(Скетч көрсетіледі.) Математика сабағы.
-Бүгін кімді тақтаға шығарсам екен? Ермек сен шық. Мен саған бірінші 1 қоян бердім,содан кейін 2 қоян бердім, содан кейін 3 қоян бердім. Сонда сенде қанша қоян болды?
-Әрине 7 қоян.
-Неге? Жақсылап тыңда. Мен саған  бірінші 1 қоян бердім,содан кейін 2 қоян бердім, содан кейін 3 қоян бердім. Сонда сенде қанша қоян болды?
-Әрине 7 қоян.
-Қалайша?
-Менде бұрыннан қоян бар.

Мұғалім: Жарайсыңдар Бұл «Үшбұрыш тобы» болатын.Келесі кезекті «Төртбұрыш тобына» берейік.
Армысыздар,армысыздар,
Абайдан дана, Шәкәрімдей баба,
Мұхтардай перзентті,
Төртбұрыш командасын
Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Математика қиын, ашиды миың,
Ашыса миың,апайға сыйын. (Ортаға қызы мен анасы шығады)
Бір оқушы жылап шығады. Анаыс артынан жүгіріп шығып:
-Қызым неге жылайсың
-Мына есепті шығара алмаймын.
-Есеп не туралы екен, айтсаңшы?
— Мен білмеймін. Әлі оқыған жоқпын.

Мұғалім: Екі топқа да рахмет. Келесі
                 3.Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
«Үшбұрыш тобына»

  1. Егер тырна  бір аяғымен тұрса, 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
  2. Үстел беті төртбұрышты оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  3. Төрт  қойдың неше аяғы бар.  (16 аяқ)

«Квадрат тобына».

  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алад. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)
  2. 1 жұмыртқа  3  минутта піссе, 4 жұмыртқа  қанша  қанша минутта піседі? (3 мин)
  3. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? (тең)

  Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.

Әділқазылар алқасынан 2  сайыстың кейінгі қорытындысын сұраймыз.

3.«Біліктілік сайысы» Екі топ бір –біріне  дайындап келген  тапсырмаларын орындау керек. (карточкадағы есептер) Мерзімі 10 минут.
1 топқа. Мысалы:(610+56)-12; 120 -46+12:; х+45=189
2 топқа. 856-124; 459+45-78; У+12=460
Мұғалім: Екі топқа да сәттілік тілейміз. Ендеше  әділқазылар алқасы жалпы ұпайды есептеп  болғанша,  қонақтарға мынадай  сауал қойғым келіп тұр.
1.Бір бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан
Екі қоймен, бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (сегіз)

  1. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ, құлақ бес ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (17)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бәрі? (6)
Уақыт өтті. Ендігі кезекті Математикалық сұрақтарға берейік.

  1. Математикалық сұрақтар. (әр топқа 4сұрақтан)

Үшбұрыш тобына

  1. Шеңбермен  бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
  2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле. ( биссектриса)
  3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды. (параллель)
  4. 180 градусқа тең бұрыш қалай аталад? (жазыңқы)

Квадрат тобына:

  1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты (гипотенуза)
  2. 70 градусқа  тең бұрыш қалай  аталады? (сүйір)
  3. Төртбұрыштың  қарама – қарсы төбелерін қосатын кесінді?(диоганаль
  4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі  қашықтық. (радиус)
  1. Ой сергіту. Командалық ойын (әр команда шапшаң жауап беруі керек.)
  1. Жеті жұрттың тілін біл,  (жеті түрлі білім біл)
  2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
  3. Екі жақсы қас болмас, (екі  жаман дос болмас)
  4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
  5. Бір елі ауызға  — (екі елі қақпақ)
  6.  Жүз сомың болғанша,(жүз досың болсын)
  7. Отыз тістен шыққан сөз,  (отыз елге тарайды).
  8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
  9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді )
  1. Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)
  2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
  3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді (0)
  4. 30 санын үш 6 ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
  5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
  6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
  7. Ұзындықтың өлшем бірлігі(метр)
  8. Барлық қабырғалары тең тіктртбұрыш (шаршы)

Сабақты қорытындылау,жалпы бұл сабақтан алған білімдерін тәмамдау.
Әділқазылар алқасының қорытындысы.
Осымен біздің сайыс сабағымыз аяқталды. Ат салысып қатысқандарыңыз үшін рахмет. Ойынға қатысқан оқушылар марапатталады.

Сабақты көшіріп алу

Добавить комментарий