1-4 сыныптарға арналған сыныптан тыс іс-шара \»Алтын күз\»

1 — жүргізуші : Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!
2 – жүргізуші: Қайырлы күн ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі жас достарым.
Бірге: Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші:
Келді міне, алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен
Риза етіп халқын қыз
2- жүргізуші:
Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске
Елді сыйға кенелтті
Қолы ашық періште.
1 – жүргізуші:
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз.
2- жүргізуші:
Келістіріп бар сәнін
Берген өзі табиғат.
Алтын күзді ал, қане
Қарсы алайық, жамағат.
1 – жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі мерекемізге қатысатын топтармен танысайық:
1- Топ- 2 «А» сыныбы «Алтын дән» тобы
2- Топ -2 «Ә» сыныбы «Гүлдер» тобы
3- Топ- 3 «А» сыныбы «Берекелі күз» тобы
4- Топ- 3 «Ә» сыныбы «Жеміс- жидектер» тобы
5- Топ -4 «А» сыныбы «Ақ бидай» тобы
6- Топ-4 «Ә» сыныбы «Жапырақтар» тобы
2- жүргізуші: Ал енді бағдарламамен таныс болыңыздар.
1. – кезең «Мерекелі, берекелі күз»! Таныстыру . Топтар өздерін таныстырады
2.- кезең «Бар сыйымыз саған, алтын күз! »Өз өнерлерін көрсету . Ән би немесе көрініс.
3. – кезең Алтын күз газеттері
4. – кезең Білгенге маржан
/күзге байланысты жұмбақтар шешу/ Мұнда әр топ білімдерін сарапқа салады
5. – кезең Күз мезгілі несімен ұнайды? Күздің сыйы
1- Жүргізуші:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Касымов Дархан Асқарұлы
2. Медбике: Жұмажанова Гарифа Сексенқызы
3. Бастауыш сынып мұғалімі: Кусайнова Айсұлу Болатқызы
2- жүргізуші:
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы – дей отырып алғашқы кезегімізді таныстыру бөліміне береміз.
1- жүргізуші : Мінекей таныстыру кезеңінде артқа қалдырдық
Құрметті әділқазылар өтілген таныстыру кезеңінің нәтижесін білсек
2- жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашан да нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден дей келе 2 — кезеңіміз өз өнерлерін көрсетуге кезек берсек.
1-жүргізуші: Құрметті әділқазылар өтілген өз өнерін көрсету кезеңінің нәтижесін білсек
2-жүргізуші:
«Алтын күз» газеттерін
Тамашалап көріңіз.
Жақсы сөзбен желпіндіріп,
Әділ баға беріңіз.
1-жүргізуші: Шарипова Дананың және Бақыт Гүлімнің орындауында ән. Қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар
Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық. 4 — кезең Білгенге маржан (жұмбақтар)
1.Жерге қазық қақтым.
Басына айдар тақтым. /сәбіз/
2.Бүрі, бүрі, бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. /күнбағыс/
3.Піспегенде сырты қара, өзі қатты,
Ал, піскенде ерекше дәмі тәтті. /картоп/
4.Ұзын, мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. /бидай/
5.Бойын жергге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. /сәбіз/
6.Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. /қарбыз/
7.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. /пияз/
8.Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма /қызанақ/
9. Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып піседі,
Үзіліп түседі /жапырақ/
10.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр /қызылша/
1-жүргізуші:
Бүгін келген сыныптар ылғи талантты,
Өнерімен жұртты өзіне қаратты
Ендігі кезек Күз сыйы сайысымыз,
Дұрыс таңдап бере біл бағаны – деп ендігі кезекті күз сыйы яғни әр сыныптың өздері дайындап келген күзгі сыйларын тамашаласаңыздар.
Әділ қазылар қорытынды бағасын бергенше Құрманғожин Даниялдың орындауында ән. Қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
2 – жүргізуші:
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстар бар … дей отырып, «Алтын күз» тобының жеңімпазын білу үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Әділқазылар алқасы «Алтын күз» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.
1 — жүргізуші : Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.
2 – жүргізуші:
Тіршілік — арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің
Бәріңде аман болыңдар.
1-жүргізуші:
Болашаққа ұмтылған жолымыз бар,
Жарқын өмір тұтқасы қолымызда
Осымен аяқтайық біз сайысты.
Көріскенше аман- сау болыңыздар.
Бірге: Тамашалағандарыңызға рахмет, сау — саламат болыңыздар.

Добавить комментарий