1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар

Абитова  А.З.

Қандығаш қалалық  №3мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі                                                            

1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар

Мақсаты:

Білімділік: ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы Қазақстандағы басқару жүйесін өзгерту мақсатындағы реформаның дайындалғанын, оның мазмұны мен мәнін, сипатын көрсету.

Тәрбиелік: оқушылар бойында адамгершілік пен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамытушылық. Реформаның зардаптарын түсіндіре отырып, реформаның саяси әлеуметтік салдарын қорытындылап, айқындауға дағдыландыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдісі: АКТ-н сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы іске асыру

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ҚР картасы

Сабақтың жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. үй тапсырмасын тексеру
  3. Жаңа сабақ

а) топтастыру

б)қызығушылығын ояту

в)түртіп алу әдісі (мәтінмен жұмыс)

г)ой қозғау (сұрақтарға жауап беру)

д) интервью- тест

4. Бекіту «инсерт» стратегиясы

5. Қорытынды

(оқушылардың сабақ туралы ой-пікірлері, алған әсерлері)

6. Үй тапсырмасын беру

7.Бағалау

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар:

1.Заң жобасын қорғауда  М.Сперанский қандай мәселеге көңіл бөлді?

2. Жарғыны енгізу Қазақстанда қандай қатынастың дамуына әсерін тигізді?

3. 1824 жылы «Орынбор қырғыздарының жарғысы» негізін қалаған кім және қандай мақсат көзделді?

4. Жарғы нәтижесінде қандай өзгерістер болды?

Өзіндік бағалау:

Оқушылар алдын ала бөлініп тапсырма берілген топтар бойынша А-3 форматына жасалған кроссвордтарды шешу арқылы бағалау парағын толтырады.

Менің пкірім:

Оқушылар реформалардың іске асуының қазақ халқына тигізген зардаптарын өз пікірлері бойынша талдап, қорытында жасайды.

Жаңа сабақ:

\"Овал:а)

 

 

реформа туралы жалпы шолу жасайды

б) Басыбайлылық құқығының жойылуымен Ресей үкіметі саяси-әлеуметтік өмір ағысын түбірімен өзгерткен бірқатар реформаларды жүзеге асырғандығы туралы айта отырып, жаңа сабаққа қызығушылықтарын артырамыз. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры және көзі ретінде сақтау саясаты Қазақтанды қамтуы айтылады.

в)Реформаның дайындығының қалай жүргізілгендігін, қандай мақсат көздегендіктерін, қандай басқару жүйесі орнағанын, реформаның мәнін, нәтижесін мәтінді оқып, «түртіп алу» әдісі арқылы танысады.

Мәтінмен жұмысқа 10 минут уақыт беріледі.

г) Оқулықты пайдалану арқылы сұрақтар қою. «Кубизм»стратегиясы бойынша флипчартта дайындалған кубиктерді ашу арқылы оқушылар таңдап жауап береді.

-ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қазақтардың басқару жүйесін өзгерту мақсатында қандай комиссия құрылды және оны басқарған кім?

-қандай ұсыныс қабылданды және қабылданбау себебі?

-Дала комиссиясының ұсынысы бойынша әкімшілік басқаруда қандай зерттеу сұрақтары қаралды?

-Ғалым Ш.Уәлиханов қандай басқару жүйесін енгізуді  сұрады?

-1867 жылы 11 шілде де қандай ереже бекітілді?

-1868 жылы 21 қазанда қандай ереже бекітілді?

-Реформаның ерекшелігі неде?

-Қандай басқару аймақтарына бөлінді?

-5 сатылы басқару жүйесінің құрылуы қандай өзгеріс әкелді?

-Реформаның басты қағидаларына тоқталындар

-Сот ісіндегі басты өзгерісті ата?

-Реформаның нәтижелері қандай болды? (сұраққа барлық оқушы өз ойларын айтады)

1) өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.

2)Феодалдық-патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.

3)Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады.

4)Отарлық басқару күшейді

5)Қазақ жері Ресей үкіметі нің меншігі болды

6) орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

7) Тәжірибе 20 жылға созылды.

д) Интервью-тест сұрақтарына жауап беріледі.

«Инсерт» стратегиясы

Жаңа сабаққа дейін білдім

Сабақта білдім

Білгім келеді

 

 

 

Оқушылардың сабақтан алған әсері сұралады.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы реформалар мен қазіргі кезеңдегі болып жатқан реформаларды салыстыру ВЕНН диаграммасын жасау.

Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий