8- сынып Орал. Қызылорда.

 

     Павлодар  облысы, Ақсу қаласы
     №4 орта мектебінің қазақ тілі мен
     әдебиет пәнінің мұғалімі
     Әлмағанбетова Гүлжан Семёновна

 


Сынып———    Мерзімі:—————                      Сабақтың тақырыбы: Орал. Қызылорда.

 
Сабақтың мақсаттары:
1    Білімділік- Орал  қаласы туралы таныстырту;
2      Дамытушылық-берілген мәтінді түсініп,сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру,жаңа сөздерді меңгерту,сауатты жазуға ,өз бетімен сөйлем құрастыру,мәтіннен есім сөздерді табуға,тіл байлығын,терең ой,шығармашылық қабілеттерді дамыту;
3      Тәрбиелік-Қазақстанның ірі-ірі қалаларына саяхат жасап,олардың тарихы мен көрікті  жерлерімен танысуға үйрету .Тарихи мұраларды сақтау,қорғау және насихаттауға тәрбиелеу;
Түрі — аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері- түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,тіл дамыту
1 Сабақтың барысы:
Психологиялық кезең  
   II. Үй жұмысын тексеру
I.  Жаңа сабақ 1.Сөздікпен жұмыс А) оқу-аудару Ә) сөйлем құрастыру
2. Мәтінмен жұмыс А) оқу-аудару Ә) талдау (бір-біріне сұрақ қою)
3. .Карточкамен  жұмыс
3 деңгей:  1.Берілген сұрақтарға жазбаша  жауп бер.
       Орал қаласы қай жерде орналасқан? Қала немен  шектеседі? Қалада қанша адам тұрады? Орал қаласы Батыс Қазақстан облысының орталығымен нешінші жылдан есептеледі? Онда қандай кәсіпорындар бар?   Орал қаласы қай жылда негіздеді? Қаланың бұрынғы аты қандай?
2. Сөздерді септеңдер: Күріш, бекініс
2 деңгей:
 1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар.                                                                     Сырдария     …зенінің оң жа..алауында;   балық   …ңдеу зауыты;  су  б…геті;     тарихи орындар жа…ғыртылды;  …нерк…сіп қатынастары;  саяси  қу…ын-с…ргін  қ…рбандары.  
2.Мәтінді көшіріп жазып, қос сөздердің арасына дефис қойыңдар. Қызылорда қаласы қазіргі таңда үсті үстіне көркейіп келеді. Бас аяғы үш-төрт жылдың ішінде танымастай өзгерді. Шынында,Сыр елі бақ береке қонған,өз сән салтанаты бар өлке. Жылда ақмаржаны үйіліп төгіліп жатады. Соңғы жылдары әлеуметтік экономикалық жағдайы да көтерілді.
1 деңгей: 1. Қосымша материалды  пайдаланып мәлемет жазыңдар.
                 2. Өз қалаларың туралы мәтін құраңдар.

VII. Үй тапсырмасы    1) сөздерді жаттау            2) қалалар туралы мазмұндау
VIII. Қорытынды.   Сұрақ –жауап арқылы
   IX. Бағалау.

Добавить комментарий