ШҚО Аягөз қаласы
«№ 3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
«Сенім менің серігім»
Мақсаты: оқушылардың өзіне және өз біліміне деген сенімділігін арттыру. Кез – келген өмірлік жағдайдан шыға білу жолдарын дұрыс таңдауға бағыт беру. Оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. Түлектерді ересектер әлемінде жақсы мен жаманды ажырата білуіге дағдыландыру. ҰБТ-ға деген үрейлерін, бойларындағы қорқынышты жеңуге көмек көрсету.
Сабақтың міндеті:
Өзімізді еркін сезіну;
Өз ойымызды толық жеткізу;
Барлығымыз бір деңгейде болу;
Белсене қатысу;
Бір-бірімізді тыңдайық;
Сәлемдесу:
Шаттық шеңбері: Шеңбер бойымен отырып шар арқылы бір-бірімізге тілек айтамыз.
Мысалы: Тоғжан мен саған бүгінгі сабақта жақсы әсер алып, бойындағы қорқынышты жеңуіне тілектеспін.
«Аялы алақан» жаттығуы.
Мақсаты: оқушылады бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін ажырата білуге үйрету.
Сіздерге ақ парақтар берілген. Сол парақтын дәл ортасын белгілеп сызыпа алыңыз. Бөлінген екі бөліктің біріне оң қолыңызды, ал екіншісіне сол қолыңызды салыңыз. Салынған оң қолға өз бойыңыздағы жағымды қасиеттеріңізді, ал сол қолға жағымсыз қасиеттеріңізді жазыңыздар. Енді қайшымен қиып аламыз. Қиылған саусақтарды қолымызға ұстаймыз. Сол қолымыздағы жағымсыз қасиеттеріміз енді қайта бойымызға қайтып келмесін деп, мангілікке жою үшін урнаға саламыз. Ал енди оң қолымыздағы жағымды қасиеттерімізді әрқашан бойымызда сақталсын деп ватманға жабыстырамыз.
«Үш тілек» жаттығуы
Мақсаты: Болашаққа мақсат құра отырып, құнды ойын түйіндеп, талдау жасауға машықтандыр
-Балалар, сіздер ғажайыптарға сенесіздер ме? Кейде адамның ғажайып ойлары шындыққа ұласып, орындалады екен.
-Ертегі желісін бір сәт еске ала отырып, теңіз жағасына толқынмен ілескен көне бөтелке табылды деп ойлаңдар. Бөтелкенің тығыны нығыздалып жабылған екен. Бөтелкенің құндылығы сонда, сендер тығынын ашқанда ішінен шыққан сиқыршы сендердің үш тілектеріңді ғана орындай алатынын айтады.Тілектеріңді ойша талдап, ең негізгі үшеуін ғана іріктеңдер. Ескертетін жай тілектерің адамның қолынан келетін ,мүмкіндігі бар болуы шарт.
Талдау: Жаттығу барысы саған оңай болды ма, әлде қиындық туғызды ма?
Қорытынды: Тілектерің орындалатынына мен сенімдімін. Алға қойған мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер, ол үшін өздеріңнің тарапынан кішкене талпыныс қажет екенін ұмытпаңдар.
«Менің дайындығым» жаттығуы
Сіздерге парақтар берілген. Осы парақтарда биік талға өрмелеген адамдар суреті бейнеленген. ҰБТ-да өзіңіздің дайындығыңызды қандай деңгейде деп есептейсіз, сол адамды белгілеңіз.
«Молекула» жаттығуы
Әуен қосылады. Қатысушылар билейді. Жүргізуші әуенді тоқтатып, қандай сан айтса сол бойынша жиналып қалады. Жалғыз қалған оқушы ұсынылған тапсырманы орындайды.
Тапсырмалар:
Өзіңіздің жүрегіңізге жақын бір ұстазыңызға жақсы бір тілегіңізді айтыңыз.
Кластастарыңыз сізден қазіргі заман биін билеп беруіңізді сұрайды.
Сіз ғашықсыз. Бірақ ол сіздің жан досыңыздың қарындасы. Сіз ғашықтығыңыз жайлы сезіміңізді қалай білдіресіз?
Сіз үшін өмірдің бақыты неде?
«Шар» жаттығуы.
Қатысушыларға шар беріледі. Нұсқау: бойымыздағы бүкіл қорқыныштарымызды, ҰБТ-ға деген үрейлеріміздің барлығын санамызға топтастырып, бір ойға жинақтап шарды үрлей отырып, сол шарға саламыз.Шарды үрлейміз. Далаға шығып, көк аспанға қарап бүкіл жадымызда жинақталған қорқыныштырмызды, бойымыздағы үрейді мәңгілікке боймыздан жіберейік. Шарды аспанға ұшырамыз.
Қорытынды: бүгінгі сабағымыздан жағымды көңіл күйді бойымызда сақтау үшін Луиза Хейдің «Ризамыз» әнін орындайық.
Назарларыңызға рахмет!