Павлодар облысы
Ақсу ауданы
Үштерек орта мектебінің
Мұғалімі Д.Б.Махамбетова
Жаңа жыл
Жүргізуші: Балақайлар, алақалар!
Жаңа жылға қош келдіңдер!
Бұл мереке жер жүзінде,
Тойланады баршамен.
Біз де шетте қалмайық,
Мерекені тойлайық!
Балалар кіреді
Жүргізуші:Әнменен, жырменен,
Мерекеге келеміз.
Орманның қонағын,
Баршамыз қарсы аламыз.
Әдемі , сымбатты, Жасыл түсті,
Иісі жұпар аңқыған,
Түрлі –түсті шамдармен
Көздің нұрын алдырған!
Ән « Шырша»
Жүргізуші:Балалар, қараңдаршы, қанша кар түскен қарды жинап алайық .
Ойын( себетке кар жинау)
Жүргізуші:Алақай, алақай!
Шырша қандай тамаша!
Қыс мезгілін ұнатамыз,
Тайгақ мұзын, ұлпа қарын,
Шанасы мен мұз айдынын.
Жыл сайын шыршаны алып келіп
Қуантып баршаны,
Қар борап айнала.
Бар әлем айналды сиқырға
Шыршамыз жарқырап
Жиналды балалар
Шырқалды әндері
Ән. « Аппақ, аппақ».
Жүргізуші: Ән айтып би билеп, жылынып алдық.
Енді біз аяздан да қорықпаймыз.
Аяз ата келеді: Амансың ба ұлдарым
Амансың ба қыздарым
Кандай жарқын жүздерің
Кандай әсем жырларың
Жүргізуші: Аяз ата, біздің шыршамыздың шамын жағып, бізбен бірге би биле.
Үйректер биі
Аяз ата:Ал сендер аяздан қорқасындар ма?
Ойын( қатырып тастаймын).
Аяз ата :Балалар өте епті, жылдам екен .Ух мен шаршадым, отырып, дем алайын тақпақтарын тыңдайын Тақпақтар
Мыстан кемпір келеді
Мыстан кемпір: Ал мені ұмытып кетіңдер ме? Мен Ақшакармын, Аяз атаның немересімін
Балалар:Жоқ! Сен –Мыстан кемпірсің
Мыстан кемпір: жоқ , мен Ақшақкрмын.
Аяз ата: Мен өзімің немерем Ақшакарды қалай ұмытып кеттім?
Мыстан кемпір: Ол енді сендерге келмейді, сендер оны көрмейсіңдер( билейді)
Аяз –ата : Балалар , енді не істейміз?
Ақшақарды қалай қутқарамыз?
Жүргізуші:Аяз-ата, Мыстан кемпірді ұйытатып тастайық
Мыстан кемпір:Жоқ, мен ұйықтамаймын
Жүргізуші:Ал біз сені ұйықтатпаймыз міне саған орыңдық, отырып, біздің әнімізді тыңда.
Ән «Шырша»
Мыстан кемпір ұйықтап қалады.
Ақшақар келеді: Сәлеметсіздер ме, балалар !Ал менің қырбыларым кішкентай Ақшақарлар қайда?
Ақшақарлар биі
Ақшақар: Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын
Қыста шыны болады,
Көктемде суға айналады. (Мұз)
Табаныма байладым,
Дөңнен төмен зуладым (Шаңғы)
Петрушка кіреді: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен көнілді Петрушкамын , сендерді ойнатуға. күлдіремін, мұнда біреу ұйықтап отыр ғой.
Ақшақар. Бұл мыстан кемпір. Ол өте ашулы.
Петрушка: О- Ха-ха, ұйқыдағы ару! Мен одан қорықпаймын . Менің сиқырлы талғым бар( Талғын сермейді, жарық сөнеді, мыстан Матренаға айналады)
Матрена (мейрімлі дауыспен) Сәлеметсіздер ме, балалар!
Петрушка: Мен айттым ғой, талғым сиқырлы деп. Сен кімсің?
Мыстан: Мен Матрена Яговнамын.
Аяз-ата: Қос аяғын тыпырлап .
Бір орында тұрмайды
Босатындар ортаны
Аяз-ата билейді.
Кейіпкелер биі
Жүргізуші: Біз де билей аламыз.
Би
Аяз ата: Тамаша билейсіндер. Ал енді ойын ойынайық.
Ойын « Соқыртеке»
Аяз-ата мен Петрушка балаларды ұстайды
Ән «Аяз-ата»
Аяз-ата:Ақшақар, ән айттық па?айттық.Би биледік не? Биледік , ойын ойнадық па?ойынадық. Енді біздің кетуіміз керек.
Жүргізуші:Аяз-ата, ал сыйлйқтар ше? Ұмытып кеттіқ бе?
Аяз-ата:Сыйлықтар? Кәне, маған су беріңдерші.( үлкен отауды алып, ішеді ішінде кесілген мишура, ата-аналарға төгеді, шырша инелерін қудыққа тастап, сиқырлы сөздер айтады.
Инелері шыршаның, сыйлыққа айналыңдар. Қудықтан сыйлықтар алып шығады, балаларға таратады. Қоштасады.