Жазықова Раушан Балғалиқызы
Ақтөбе медициналық колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
«Жүрегімнің түбіне терең бойла…»
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың киелі есімін, артына қалдырған мағыналы, рухы биік шығармаларын, асыл қасиеттерін оқушылар бойына сіңіру, оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғат әсемдігін аялауға, сөз қадірін түсінуге, өз бетімен ізденуге баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Түрі: әдеби кеш
Көрнекіліктер: кітаптар, буклеттер, суреттер, слайдтар
Өткізілетін орны: мәжіліс залы
Кештің өту барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, оқытушылар, студенттер! Колледжімізде білім алатын өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткізілетін А.Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Қастерлеп сөз асылын, өлеңімен
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
2-жүргізуші: Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажон, құбақан құм, құла қырда
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Жазықова Раушан Балғалиқызы
Ақтөбе медициналық колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
«Жүрегімнің түбіне терең бойла…»
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың киелі есімін, артына қалдырған мағыналы, рухы биік шығармаларын, асыл қасиеттерін оқушылар бойына сіңіру, оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғат әсемдігін аялауға, сөз қадірін түсінуге, өз бетімен ізденуге баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Түрі: әдеби кеш
Көрнекіліктер: кітаптар, буклеттер, суреттер, слайдтар
Өткізілетін орны: мәжіліс залы
Кештің өту барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, оқытушылар, студенттер! Колледжімізде білім алатын өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткізілетін А.Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Қастерлеп сөз асылын, өлеңімен
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
2-жүргізуші: Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажон, құбақан құм, құла қырда
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
1-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
2-жүргізуші: Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауынан найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
1-оқушы: (сахнадан Абайдың өлеңін оқиды)
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
2-оқушы: Болғанымыз жоқ әлі өзіңді ұғынып
Ғұламасы ғасырдың.
Жырларыңда жабырқау жоқ, жасын мұң,
Өлең болып бізге жетті өнегең,
Сәулесі боп,
Өнер деген асылдың.
Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық,
Жабырқасам жанға құяр жылылық,
Абай деген жұмбақ әлем, биік шың.
1-жүргізуші: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу – ақ.
Абайы бар елдің мерейі үстем. Бүгінгі кешімізді қазақтың дана ақыны
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арнаймыз. Ақын тұлғасы
дараланған сайын қазақ халқы да биіктей бермек. Сол шыңнан көз
жазбау – болашақ ұрпақтың, біздің парызымыз.
2-жүргізуші: Ақынның өмірбаянын 122 Стоматология тобының оқушысы Свитова Оксана таныстырады (бейнекөрініс)
1- жүргізуші: Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылғы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш шығармасы болды. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым-білім үйренуге үндеді.
120 стоматология тобының оқушысы Айдамиров Асланды «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбайұлы өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Аса құнды мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды.
Назарларыңызға ұсынылатын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен 120 топтың оқушысы Стулпин Евгенийді қарсы алыңыздар.
Ән «Көзімнің қарасы». Орындайтындар: Сагазетдинов Ралиф және Жандос Самғат
1-жүргізуші: Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге, тіл шұбарлауға қарсы болды. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақындық өнерге ерекше ден қойып, аса жоғары бағалағаны байқалады.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін 120 Стоматология тобының оқушысы Урузбиева Тамилла оқиды.
2- жүргізуші: Ақынның осы тақырыпта жазған тағы бір шығармасын 209 Емдеу ісі тобының оқушысы Свитова Надежда таныстырады. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
1-жүргізуші: Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой сезімі, жан дүниесі терең ашылған. Ақын әрбір мезгілді өзіне тән ерекшеліктермен айқындап көрсете білген. Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде Абай — өз замандастарынан көш ілгері тұрған, теңдесі жоқ суреткер ақын. Ол сол заманға сай тұрмыстың ауыртпалығын, әлеуметтік теңсіздікті де ашып көрсеткен. Екінші жағынан кең далада, табиғат аясында өмір сүрген елдің тұрмысын шынайы көрсете білді.
Қазір 120 Стоматология тобының оқушысы Мұратов Джамшет ақынның «Күз» өлеңімен таныстырады.
2- жүргізуші: Дуля Иван мен Көбейсінова Нұргүлді «Желсіз түнде жарық ай» әнімен қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші: Абай адам бойында кездесетін жағымсыз қылықтарды бүкпесіз ашық сынап, бірнеше өлеңдер шығарды. Орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешкен, еңбек сүймес, көрсеқызар жігіттерді өлтіре сынайды.
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін 117 Сестралық іс тобының оқушысы Сагазетдинов Ралиф оқиды.
2- жүргізуші: Қазақ биі. 107 «Емдеу ісі» тобының оқушысы Жанбауова Анельді қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Кетпейтін шындық қой бұл есінен,
Пушкин, Байрон, Гетемен теңесіп ең!
Қаратқан елді аузына сол пір әулет,
Жаратқан ақылды ана Зересімен.
2- жүргізуші: Абайдың А.С.Пушкиннен – төрт, Лермонтовтан – он бес, Крыловтан – он шақты аудармалары бар. Абайдың көп аудармасы Лермонтовтан екені бәрімізге мәлім. Оған басты себеп – екі ақынның ой – тілегінің ұқсастығы.
119 Стоматология тобының оқушысы Блюменштейн Андрейді «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңімен (қазақ, орыс тілдерінде) қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: «Жалғыз махаббатқа,
Жетпейді әннің өресі.
Махаббаттың өзі ғой,
Әннің асыл төресі»,-деп А.С.Пушкин жырлағандай ендігі кезекте Миннегалиева Рузалияның орындауында Абайдың аудармасы «Татьянаның хатынан» үзіндіні тамашалаңыздар.
318 Стоматология тобының оқушысы Магамадова Мединаны «Жүрегім нені сезесің» әнімен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Абайдың қара сөздерінде күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі-надандық, екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық
деп айтылған.
2-жүргізуші: Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің күші жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
Көрініс «Абайдың он жетінші қара сөзінен» (қатысатын оқушылар Ибаев Райнар, Сисин Денис, Терегулова Фарида, Иванько Виктория)
1- жүргізуші: Абай атамыз әндермен қатар күй де шығарған. Оның күйлері: «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға». Ақынның күйлері ел ішінде кеңінен таралғанмен, қазіргі кезде оларды өз ісінің кәсіби шеберлері ғана орындайды. Алдарыңызда Қазанғап атындағы республикалық байқаудың жеңімпазы, Ақтөбе музыкалық колледжінің аға оқытушысы Хамзин Талап Еділханұлы Абайдың «Торы жорға» күйін орындайды.
1- жүргізуші: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
«Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа.
Абайды оқып,таңырқан, басыңды шайқа,
Ақындықтың қуаты есіңді алып,
Бас алмастан оқырсың қайта-қайта.
2- жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
Ұлтымыздың ұлы перзенті — хакім Абайдың терең ойлары мен асыл сөздері келешек замандарда гауһардай жарқырап,болашақ ұрпақтың санасында, көзі ашық көкіректерге нұр болып кұйыла берері хақ дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!