Сен өз республикаңның тарихын білесің бе?

«Сен өз республикаңның тарихын білесің бе?»

Айгүл Шаяхметқызы Кауданбаева
Ақмола облысы  Степногорск қаласы
Изобильный ауылының орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

 

Мақсаты: Қазақ халқының басынан өткен генецидтік жағдайларды оқушылардың санасына көрініс арқылы жеткізу, ой-жүйесін орнықтыру.

Тәрбиелік  мәні: Ұлттық сана-сезімін ояту, саяси сауаттылығын арттыру.
Жоспар:

  • 1916 жыл
  • Көш /1928-1932жж/
  • Ашаршылық /1928-1932жж/
  • Ұлы отан соғысы /1941-1945жж/
  • Желтоқсан /1986ж/

Барысы: Шымылдық жабулы. Ар жағынан ақырын күй ойналып тұрады. Бер жағында оқушылар тақпақ оқиды.
Өзгерді өмір, елім қайта түледі.
Тарихымды мүмкін бе айту толғанбай,
Не көрмеген қазақ біздің сор маңдай.
Туған елдің оқығанда тағдырын,
Кеудеме әкеп атом бомба жарғандай.

Не өтпеген қазағымның басынан,
Болып ақты Ақтабанда жасы қан.
Жан қиыпты хан, билерім, батырлар,
Жерін қорғап кек алыпты қасынан.

31-де жасап әдейі аштықты
Голощекин деген бізге қас шықты.
Адал еңбек қолындағы малдарын,
Тартып алды зорлықпенен астықты.

Қазағымның тең жарымы қырылып,
Бұғауында озбырлықтың буынып.
Елім онда сеңдей болып соғылды,
Бұны айтқанда сыздар жүрек суынып.

37, елім тағы теңселді,
Құлдық басып көтертпеді еңсеңді.
«Халық жауы» атанды асыл ұлдарың,
Бұны айтқанда сыздар жүрек суынып.

Анашым деп еңіреген азамат,
Кете барды зұлымдардан жаза ап.
Айрандайын енді ұйыған елімнің,
Сүзіп алды бар қаймағын тазалап.

 Мұның бәрі құл болудың кеселі,
 Бұл сабағы ащы тарих кешені.
 Ата – бабам арман еткен бостандық,
 Тәуелсіздік бәрін дұрыс шешеді.

20 жыл болды келді-дағы егемен
Биіктедім талайлардан төмен ем,
Бүгін, міне, өзіменен қатар тұр,
Кешегілер қарап жүрген төбеден.

Төбемізде желбірейді көк Байрақ,
Сен шығарсың тұрған бізге бақ байлап,
Берекелі, мерекелі күнің деп,
Қуаныштың дабылдарын соқты аймақ.

Өзгерді өмір, елім қайта түледі,
Орындалып барлық арман тілегі.
Тартқан елім қасіретін тарихтың,
Қасиетін бостандықтың біледі.

 Ұлы тойың құтты болсын шаттығың,
 Деп тұрғандай арайланып атты күн.
 Берген тәңір бейбітшілік береке,
 Аямаған төк жеріне бақ нұрын.

   Осыдан кейін шымылдық ашылады.   1 бөлім
«Ұлт – азаттық көтеріліс»   /1916 жыл/

Қатысатындар: 6-7  сынып оқушылары
/Сахнада бұқаралық халық. Уездік кеңесінің алдында патша чиновнигі мен жағалай болыс, билер тұр/
Он алтыншы жылында,
Жиырма алтыншы маусымда,
Даланы қара түн басты,
Найзағай ойнап нұр шашты,
Жарлығы шығып патшаның ел сеңделді, ер састы,
Ежелгі кек оянып, көтеріліп жұрт дауласты.
Уезд бастығы:

  • Патша ағзам жарлық етеді! 19 бен 31 жас аралығындағы бұратана киргиз- қайсақтар майданға тыл жұмысына алынсын. Волостный правительдер дереу арада әскерге алынуға тиіс адамдардың тізімін даярласын… Бұған не айтасыздар?

    Үнсіздік. Ел еңсесі түсіп кеткен. Кенет ортаға шоқша сақалды Амангелді Иманов шығады.

  • «Бұға берсең сұға береді»,- деген осы. Патша ағзамның мұнысы халықтың еркін ескермегендік. Қазақ баласы жер қазуға қалай барады? Қорлық қой бұл! Халайық! Бар сүйенерімізді қолдан қозыдай көгендеп беріп, қарап отармыз ба? Елдігіміз қайда?

  Дауыстар:

  • Балаларымызды өлімге қолдан бере алмаймыз!
  • Өліспей, беріспейміз!
  • Аттан!
  • Жастығымызды ала өлейік!

   Шал:

  • Ендеше халық, ер соңымнан!

Әскерге адам бермейміз!
Уезд бастығы:

  • Байқа, байқа! Түрмеде шіріп жүрме. Ақ патшаның құрығы ұзын. Қайдан болса да тауып алады. Білдің бе?

   А.Иманов:
— Диірменде туған тысырыңнан қорықпайды» Ез болып өмір кешкенше, ерлікпен 
өлген артық. Аттан! Атқа мін қазақ!
 Жұрт сахнада асығыс аттанып жатады. Шымылдық жабылады. Сахна сыртында күй.

Азаттықтың ақ таңы
Көз салсақ біз өткен күнге, тарихқа
Зорлық екен аты қазақ халыққа.
Батыр деген, атақ жетпей Бауыржан,
Аталды тек дақпырт пенен даңққа.

Балуан бабам Қажымұқан бір туған,
Ресейлік боп дүниеге танылған.
Бейімбеттер, Ілиястар, Сәкендер,
Жау бұлар, деп құрбандыққа шалынған.

Одақ барда қазақ бар ма көтерілген, ғарышқа,
Армандап ек көз салып тек алысқа.
Азат елдің, қазақ елдің Тоқтары мен Талғаты,
Ғарыш асты басқан екен намысқа.

 

Құтты болсын Азаттықтың ақ таңы,
Құтты болсын ақ таңымның атқаны.
Өз алдына егеменді елімнің,
Ашық болсын, әрдайым тек, аспаны.

Белден басып жылдар менен айларлы,
Желбіресін көк Байрағым айдарлы.
Қазақстан, өрлей берсін биікке,
Барыстай боп, тұғырдағы айбарлы.  
                   
                     2 бөлім
Шымылдық ашылады
«Көш»     /1928-1932 жж/
 Ауыл қариялары жас балалар, азаматтарын жоңғарға қарсы соғысқа аттандырған, ауылдарын жау шауып Қаратаудан асып, Сарыарқаға қарай келе жатқан көш.  Залда «Елім-ай» музыкасы ойнап тұр. Осы кезде сахнаға найза, шоқпарын сайлаған Қабанбай батыр ат ойнатып, қалмақтың батыры Доланқараны жекпе- жекке шақырып шыға келеді.
Қабанбай сөзі:
Момын елміз мал баққан,
Қоралап жиып жан баққан.
Қанды ауызсың қасқырсың,
Жазықсыз елді зарлатқан.
Жиып алдың малымды,
Батырсынып қарулы.
Кеселденбе кердеңдеп,
Шашыратармын судай қаныңды.

        Сонда Доланқара:
Батыр болсаң кел,
Сөзіме айтқан сен.
Жібергем жоқ тірідей,
Қарсыласқан пендені.
Еліңді шауып жылқы алған
Долан батыр мен.
Екі батыр шайқасып, Қабанбай батыр қалмақ батыр Доланды өлтіреді.

 Қабанбай сынды жас ұлан,
Доланды жықты басынан.
Жығылғанын көрген соң,
Дүрлікті қалмақ шошынған.
Шыдай алмай қалмақтар,
Тым-тырақай қашады.

 

Осы кезде ақсақалдар өзара маслихат құра отырып:
— Уа, жұртым, елді жау шауып, қырғидай тиіп тұрған кезде мынау тұрған жас балалардың өмірін сақтайық, әзірше ауылды тастап бас сауғалайық деп ұйғарып отырмыз. Тартыңдар көшті алдыға!
           / «Елім-ай» музыкасы ойнай түседі, көш жылжиды./ Шымылдық жабылады.

Добавить комментарий