Қызықты математика еліне саяхат

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

№1 Зеренді орта мектебі

Сыныптан  тыс  іс- шара

                          Тақырыбы: «Қызықты математика еліне саяхат»

                                                        Өткізген:  Құлмағамбетова.М.Д

 

Тақырыбы:   «Қызықты математика еліне саяхат»

Сабақтың  мақсаты:

1.Оқушыларды жеке тұлға ретінде бағалап,алған білімдерін  тексеру,саралау,анықтау.

2.Балаларды іздендіре отырып , шығармашылыққа баулу,тіл байлығын,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Мейірімділікке ,ынтымақтастыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

1-Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Оқушылар хормен айтады:

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті оқушылар ,ұстаздар!

2-жүргізуші:«Қызықты математика  еліне саяхат»атты  сабағымызға қош келдініздер!Сабағымызды  ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

«Қызықты математика еліне»саяхатқа шығу үшін бізге көлік керек.Бұл көлікті бәріміз құрастырамыз.Ол үшін берілген  геометриялық пішіндерден  ғажайып   көлік  құрастырамыз.Оқушылар  берілген геометриялық пішіндерден  «ғажайып  көлік  » құрастырады.

2-жүргізуші: Ал , балалар  көлігіміз дайын ,саяхатқа шығуға дайынбыз ба?Олай болса ,бәріміз бірге ұранымызды айтайық.

Біз ақылды баламыз,

Есеп ,жұмбақ,ойынның,

Жауабын тез табамыз.

Туын ұстап білімнің ,

Саяхатқа шығамыз!

Мұғалім:Жарайсыңдар ,оқушылар!Барлығымыз  көзімізді жұмып ,әсем әуенді тыңдай отырып,өзімізді  «ғажайып»көлікте отырмыз деп елестетейік.Қане ,оқушылар,  «Қызықты математика»еліне саяхатқа шығайық!Ғажайып көлікпен келе жатырмыз,күн шуағын шашып тұр,құстардың әдемі әуені естіледі.Міне бірінші аялдамағада келіп қалдық.

Музыка ойналады алдымыздан Қоян  шығады.

Қоянның сөзі:

-Ой балалар сендер қайдан жүрсіңдер? Өздерің қай ауылдан боласыңдар? Қай мектепте оқисыңдар?Қай жерге бара жатырсыңдар?

Оқушылардың жауаптарын тыңдап кетеді.

Қоян :  «-Мен сендерге көмектесемін ,бірақ  сендерге де өтінішім бар.Осы орманда жүріп барлық сандарды ұмытып қалыппын,есіме түсіруге көмектесесіндер ме?»

1-жүргізуші:-Балалар көмектесеміз бе?Осы аялдамада оқушылар сандар туралы  білген өлеңдерін айтып кетеді .

Қоян : -Ой қандай ақылды балалар.Ал енді маған айтыңдаршы  бұл қандай сандар?Ең үлкен және ең кіші бір таңбалы сандарды атаңдар. ?Ең үлкен және ең кіші екі таңбалы сандарды атаңдар.

2-жүргізуші:Жарайсыңдар балалар , енді көлігімізге отырып  екінші аялдамаға жылжып барайық.  «Ғажайып»көлік болғасын біз көлікпен ұша аламыз,жүзе аламыз.Осылай жылжып екінші аялдамаға келіп қалыппыз.

Екінші аялдама  «Қазақша өлшемдер»аялдамасы.

Жолбарыстың ырылдаған дауысы естіледі де, алаңға  жолбарыс шығады.

-Сәлеметсіздер ме балалар! Не іздеп жүрсіңдер?  «Математика »еліне жету үшін менің тапсырмамды орындайаласыңдар ма?Сендер білесіңдер ме өте ерте заманда біздің ата-бабамыз тұрғанда олар ұзындықты қалай өлшеді екен?Олардың сызғышы да болған жоқ.Ата-бабамыз өздеріне қолайлы  заттармен өлшеген.Сол өлшемдер туралы естігендерін бар ма ?

Балаларөте жақын  ,жақын ,алыс  деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері туралы не білесіңдер?

Мұнда оқушылар қазақша өлшемдер тұралы білетіндерін ортаға салады.

«Көне өлшемдер»өлеңі  тыңдалды.

Қашықтық өлшемдерінің атаулары

Өте жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

1.Аттам (бір аттам) жер.

2.Берік тастам жер.

3.Иек арпа жер.

4.Қозы көген жер.

5.Қол (құлаш) созым жер.

6.Қырық қадам.

7.Тас лақтырым жер.

8.Таяқ тастам жер.

Жақын  деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

1.Ат жетер жер.

2.Ат шаптырым жер.

3.Аяқжетер жер.

Өте алыс деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

1.Айшылық жер.

2.Ит өлген жер.

3.Қырық күншілік жер.

1-жүргізуші:Ал, балалар енді үшінші аялдамаға жылжып барамыз.3-аялдама

«Жүзден жүйрік»аялдамасы

Музыка әуені естіледі.Алаңға мыстан кемпір шығады.

-Кәне тоқтаңдар! Мынау орманға неге  келдіңдер?Қайда барасыңдар? Мен сендерді өткізбеймін!!!

Жақсы ниеттерін таза екен,білім іздейтін адамдарды мен сыйлаймын.Әрі қарай өту үшін тапсырма орындандайсындар ма? Ендеше тыңдаңдар: Менің  ерекше тапсырмам , қазір мен мақал айтамын.  Айтылған мақалдарда сан кездесетін болсың.

Оқушылар мақал-мәтел айтады.

-Жарайсыңдар балалар,көп мақал білесіңдер екен.Енді біздің қонақтарымыздан құрамында  сан бар мақал айтуды сұрайық.

-Ой рахмет,бір жасап қалдым,осы отырғаны бәрі білімді  адамдар екен.

Әдемі әуен естіледі,ортаға  билеп қыздар шығады

-Балалар,  біз осы орман  патшасының қыздарымыз.Сендерге көмекке келдік.Қоян жүгіріп келіп айтты ,сендер «Қызықты математика »еліне жол  іздеп жүрсіңдер екен.Жолда бірнеше сынақтан өтіп шаршаған  екенсіндер.Қазір бізбен бірге демалып алыңдар.

Сергіту сәті.

2-Жүргізуші: «Демалыс»аялдамасында кішкене демалып сергіп қалдық.

Жақсы балалар күш жинап ,демалып ендігі аялдамаға барамыз.

Сиырдың мөңіреген дауысы естіледі де ортаға сиыр шығады.

-Балалар,мен сиырмын.Орманда шөп жеп жүріп сендердің дауыстарынды естідім.Қайда  бара жатысыңдар?

-Жақсы  ,мен туралы не білесіңдер?

-Рахмет ,балалар .

-Ал енді басқа жануарлар мен құстардың  тіршілігі туралы  қандай  қызықты мәлемет  оқып білдіңдер?

1-Жүргізуші: . Көзімізді жұмып ендігі аялдамаға барайық Бұл аялдама 

«Ойнайық та,ойлайық»аялдамасы

.-Кел балалар ,ойнайық

 Қандай есеп болсада.

 Шешпей оны қоймайық.

 Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.

Асығыстық қылмаңдар.

 Асықпайық дегенге.

 Бөгеліп те тұрмаңдар.

Осы аялдамада оқушылар  білімдерін көрсетеді. Берілген қызықты есептерді шығарып,сұрақтарға жауап береді.

 Аюдың ақырған дауысы шығады, ортаға  аю  шығады.

-Балалар менің қарным ашып тұр ,мен сендерді жеп қоямын.

-Не  істеп жүрсіндер орманда?

-Сендерді жемеймін,егерде менің сұрақтарыма жауап  тапсандар.

«Аю» қызықты есеп,сұрақтар оқиды. Оқушылар жауап береді.

-Жарайды жемеймін сендерді ,бара беріндер өздеріңнің жолдарыңмен.

1-жүргізуші:Кәне көлігімізге отырып әрі қарай жылжиық.Ауа райы сондай тамаша ,көңіл –күйіміз жақсы.Көрінген  қандай аялдама екен?

Көңілді музыка естіліп ортаға Алдар-Көсе шығады.

-Сәлеметсіздер балалар!Жолдарыңыз болсың!Қайда асығып бара жатырсындар?

Балалардың жауаптары.

-Бұл елге жол көрсетем.Бірақ оның алдында көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

Сендер білесіңдер мен туралы  халық арасында көп әзіл-әңгімелер тараған.

Халық арасында мені «артист»деп санайды,ал сендер мен сияқты адамдарды күлдіре аласыңдар ма?Кәне көрсетіңдер өз өнерлеріңді.

Бұл «Артистер»аялдамасы.Оқушылар осы  аялдамада өз өнерлерін ортаға салады.Қызықты әзіл-әңгімелерді сахналап береді.

-Жарайсыңдар балалар,рахмет седерге.

2-жүргізуші:Біздің сыныптың балалары білімді да,ақылды және бәрі өнерлі.

1-жүргізуші:Міне ,балалар барлық аялдамалардан қиындықсыз  өтіп «Қызықты математика»еліне де  жеттік.Оқушылар ,сендер бұл сабақта білімдерін шыңдап ,дамыта түстіңдер.Мынау   «Ғажайып»елінде сендерді  тосың сыйлық күтіп тұр.

Ортаға  «Қызықты математика»елінің ханшайымы шығады.

Уа,халайық,халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып

Өнер көрсетіп, қызығып,

Шабыт тасып ,шалқысып

Көңілді кеш жасады,

Балаларға көп рахмет

Білімдерін көрсетіп

Көп сынақтан өтіндер

«Математика»еліне жетіңдер.

-Балалар сендерге дайындап қойған сыйлығым бар. Бұл-білім кілті.Осы кілтті жоғары ұстап алған білімдеріңді шыңдап жүріндер.Әрине сонымен бірге тағы да  тәтті сыйлығым бар.

Оқушыларға кәмпит таратылып беріледі.

2-жүргізуші:

                                               Математика

           Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелер,

           Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,

           Жасау үшін бәрің де

           Математика-ең маңызды ғылым бұл,

           Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл -деп кешімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет.Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Добавить комментарий