ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Шығармашылық, танымдық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Терек бұталары.
Мақсаты: терек бұталары жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету, таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: терек, бұтақтар.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Шаттық шеңбері. |
Балалар шеңбер бойына тұрып, ашық аспанмен, күнмен, Жер-Анамен, бір-бірімен амандасады. |
|
— Балалар, қазір қағазға терек бұталарының суретін саламыз, теректің бұтақ шоғырының түрі пирамидаға, жапырағы жалпақ, сағақты, ромб пішініне ұқсайды. Терек жапырағы шыққанша гүлдейді. Терек ағашынан сіріңке, қағаз жасайды. (Педагог терек бұтасы үлгісін қағаз бетіне түсіріп, балаларға салу жолын көрсетеді, түсіндіреді). |
Балалар педагогтің үйретуі бойынша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды. Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады. |
|
Балаларға алдын ала дайындалған терек жапырақтары таратылып беріледі, педагог тақтаға ілінген әр баланың суретін жеке-жеке |
Балалар ең әдемі суреттерді таңдап қолдарындағы жапырақтарды көтереді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: терек түрлері жайлы түсініктері молаяды, білімдері жетіледі.
Игереді: терек түрлері және оның бұталарын қағаз бетінде түсіру ерекшеліктерін игереді.
Меңгереді: қағаз бетіне қарындашпен терек бұталарын сала білу икемділігі мен дағдысы қалыптасады.