Ұлы дала ұрпағымыз

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлы дала ұрпағымыз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақстандық  патриотизм  идеясын  дамыту. Аталардың батырлық дәстүрін, тарихын, ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту, мақтаныш сезімдерін ояту және оларға құрметпен қарау. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың оқытушылық  және  дамытушылық  мақсаты –Қазақ хандығына – 550 жыл, Ұлы Отан соғысына -70 жыл, Қазақстан   Республикасы  Конституциясына – 20 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы  туралы  түсінік  беру,  Қазақстан  халқы  бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер ,слайд.

Әдісі: сұрақ — жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі.

Формасы: тәрбие сағаты

Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық тәрбие беру

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Әнұран» орындалады

Ӏ. Бөлім «Қазақ хандығына – 550 жыл»



Ұлы боп көк тәңірдің саналатын

Орындап сол тәңірдің аманатын

Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,

Бумын құрған Түріктің ұағанатын

Жауларын айбарымен алжастырған

Бумын ісін істемес жалғастырған

Тоз тоз болған халықтың басын қосып

Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған

Армандап Түрік елін бай болсын деп

Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп

Халқының киімі көк, қарыны тоқ,

Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп

Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған,

Қара бастың қамын еш құнттамаған

Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер

Жорықтарда тамшы су ұрттамаған

Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,

Ынтымағы жарасып жауды жеңген.

Билік- таққа таласқан аға –бауыр,

Ақыры Қағанатты екі бөлген. 

Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,

Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.

Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,

Ру –тайпа өзінше хандық құрған.

Айрылып айбынды түр келбетінде

Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.

Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,

Қалалар Отырардай жер бетінен.

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек,Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында


(видео)

1598-1628 жылдар — Есім хан билік құрған жылдар.

1680—1715 жж. — Тәуке ханның ел билеуі.

1723 ж. — “Ақтабан шұбырындының” басталуы.

1837—1847 жж. — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

1916 ж. шілде — Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуы.

1941—1945 жж. — Ұлы Отан соғысы.

1947 ж. — Семей полигонының салынуы.

1986 ж. 17—18 желтоқсан — Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Республика басшылығының ауысуы.

Қасым ханның қасқа жолы ,Есім ханның ескі жолы

Қасым ханның қасқа жолы — қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым ханның қасқа жолы — қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы.   Қасым хандық құрған кезде (1511 — 23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» — хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Бұл заңға енген ережелер:

мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);

қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);

Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кетті. «Қасқа жолдың» қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598 — 1645) «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа ие болды. 

Тапсырма:  1) Қандай хандарды білесің?  

2) Үш биді ата

3) Батырларды ата

ӀӀ. Ұлы Отан соғысына – 70 жыл

Ұлы Отан соғысы жылдары (видео)

1) Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің Отаны үшін күрескен қаһарман батырларымызда ата:

2) Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

ӀӀӀ. Желтоқсан желі ызғарлы

Қазақстанда 1986-шы жылы желтоқсан айында болған жастардың жаппай наразылық шараларын зерттеуге арналған ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдерінен тұратын арнайы зерттеу тобы құрылатын болды. Бұл туралы желтоқчсанның 1-күні Алматыда өткен «1986-шы жылғы желтоқсан оқиғасы: оның Қазақстанның ұлттық-қоғамдық және демократиялық дамуына әсері» атты қоғамдық ұйымдардың басқосуында мәлім болды. 

Ұлы дала ұрпағымыз

ӀV. Тәуелсіздік елім – тірегім.

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 

Алдымызда барлық үміт ақталсын 

Тату – тәтті бірлік болып қашанда 

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 

Басқалармен терезесі тең болдық 

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 

Отан үшін болуға да құрбандық 

Дүбірлетсін өңірді 

Дүбірлесін дүлділі. 

Қазақ деген елімнің 

Құтты болсын бұл — күні!

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті».

Сөзжұмбақ «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы             (Достық)

2. Елордамыз қай қала?                           (Астана)

3. Біз қай ұлтпыз?                                    (Қазақ )

4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі       (Әнұран)

Ұлы дала ұрпағымыз
Ұлы дала ұрпағымыз

Ұлы дала ұрпағымыз

Жұмбақтар шешу.

1. Бір тілім болып туады,

Күннен күнге толады,

Дөп-дөңгелек болады.              (Ай)

2. Көк жиекті көмкеріп,

Шатыр жайдым кең керіп.       (Аспан)

3. Басшысы жалғыз,

Сақшысы сан жүз.                    (Ай мен жұлдыз)

Викториналық сұрақтар :

1.16-желтоқсан қандай күн?

2.Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

3.Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?

4.Тудың авторы кім?

5.Елтаңбаның авторы кім?

6.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?

7.«Желтоқсан оқиғасына» кімдер қатысты?

8.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

9.Тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз?

10.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

11.Бұл қандай сурет?

12.Қазақтың төл теңгесі қашан айналымға шықты?

“Бұл қай ғимарат?”

Ұлы дала ұрпағымыз

Қорытынды: Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Добавить комментарий