Тіл болашағы — жас ұрпақта

Тіл болашағы - жас ұрпақта

Қазақ тілі мұғалімі
   Сагитова Баян Каблановна
« Болашақ » бөбекжай-бақшасы    

       

Тіл болашағы — жас ұрпақта.
      

                                                                                       

Ұлтымыздың мәдени құндылықтарын оның балалық шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай   күннің болмасын басты мәселесі.Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез          үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші — құрбысынан» деген екен. Қазақ тілі мұғалімінің, яғни менің міндетім – сапалы түрде біліммен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру болып табылады. Балабақшадағы  тәрбиелеу – оқыту жұмысында балалардың сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге ерекше мән беремін. Қазақ тілінің оқытудың дамытушылық, көрнекілік, белсенділік, тәрбиелік ұстанымы басты талаптарға негізделеді. Орыс тілді  балаларды  қазақ тілінде сөйлеуге үйрету барысында қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілерімен, туған еліміздің салт – дәстүрі, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру айқын мақсатымның іргетасы деп білемін.Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеті әр түрлі тақырыпта  өтеді,ұйымдастырылған оқу іс –әрекетімізді ойын арқылы ,әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өткіземін.Мысалы:триз ,кубизм,мнемотаблица арқылы, суреттер арқылы әңгімелесу, тақпақтар,жаңылтпаштар, әндер жаттап үйренеміз, схема арқылы тақпақ жаттаймыз.Ұлттық ойындар –«асық», «ізде», «арқан тарту», «тибетей», «бәйге» ойындарын жиі ойнаймыз.  Ойын  арқылы  балалардың  тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырамыз. Балалар  бір-бірлерімен диалог ретінде еркін қазақша  сөйлейді.  Мысалы: Сәлем,Сәлем. Сенің атың кім? Менің  атым Алина, Тегің  кім?  Тегім  Фасхутдинова.Сенің  жасың  нешеде? Менің жасым  алтыда,Қай бөбекжай бақшасына барасың? «Болашақ» бөбекжай бақшасына барамын. т.с.с. Сабақтың басында  мынадай сұрақтар қоямын: Біз қандай Республикада тұрамыз? Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? Қазақстан Республика-сының  елордасы қай   қала?сұрақтарға  балалар қиналмай толық жауап береді,балалардың  осылай жауап беруі бізге мақтан тұтарлық деп ойлаймын.Қазақ  тілінде шаттық  шеңберін,сергіту сәттерін өткіземіз.       Бөбекжай –бақшамызда   балалармен  ертегілер тыңдап , сосын сол ертегідегі кейіпкерлерлер болып өздерін ойнатамыз,балалалрға  өте ұнайды.   Балаларымыз  қазақ тілін меңгеріп қоймай, дәстүрлі қасиетті мәдениетімізді бойларына сіңіріп, жасампаз жарқын көрінісітерімен ертіңгіліктерде де алға  ұмтылуда.Қазақстан  Республикасының                        Тәуелсіздік күнін де біздің балабақшада ерекше атап өттік.

Тіліміз төрімізде, еліміз егеменді, көк байрағымыз желбіреп, ел тұтастығының мәртебесі асқақтай берсін!

Тіл болашағы - жас ұрпақта
Тіл болашағы - жас ұрпақта
Тіл болашағы - жас ұрпақта
Тіл болашағы - жас ұрпақта
Тіл болашағы - жас ұрпақта
Тіл болашағы - жас ұрпақта

Добавить комментарий