Мұғалімі; Сүлейменова Ғ.Ә 9 «Д»сынып
1 -сабақ Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев
Жалпы мақсаты:
Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып,Ә.Қастеев туралы білімін молайтатын болады.
Міндеттер:
1.Мазмұнға байланысты:
Мәтінді толық талдай отырып, суретші туралы жалпы білімін өз жұмысында қолдана
алатын болады. Осы тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалана біледі.
2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: Мәтінді зерттеп, талқылап,суретші туралы алған білімін өз білімімен салыстырып талдау жасай алатын болады.
3.Топпен жұмыс: Кішігірім топта жұмыстар жасай отырып, қорытынды жасайды.
Сабақтың әдісі:ой қозғау, жигсо, еркін жазу, шығу парағы.
Сабақтың көрнекілігі:мәтін, парақ, тақта, бор, нөмірленген қағаздар(1-4)
Суреттері,бағалау парақтары
Сабақтың барысы:
М: Сәлемдесу
Ұйымдастыру кезеңі:Мен бүгін сыныпта кезекшімін. Менің атым…..
Мен 9- сыныпта оқимын. Бүгін желтоқсанның жиырма алтысы.Аптаның күні-бейсенбі Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу –біздің азаматтық парызымыз.
Үй жұмысы- «Павлодар облысының көркем сурет мұражайы».
Бағалау парағын тарату(спиккерлер белгілеп отырады)
Үй жұмысын тексеру: «Павлодар облысының көркемсурет мұражайы».
I. Қызығушылығын ояту
Мұғалімнің сөзі: —Терезеге қарап, ойға кетеміз. Далада нені көріп тұрсыңдар? Жыл мезгілі қандай? Отырып суреттейміз. (1 мин) Сендер не істедіңдер? Нені суреттедіңдер?…….. Мысалы (Қысты суреттедік) -Ал осы суреттерді кімдер салады?-Суретшілер -Қандай суретшілерді білесіңдер? (Колмагоров, Репин, Қаржасов, Қастеев)-
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандайдеп ойлайсыңдар?- Суретшілер. Соның ішінде –Ә.Қастеев
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Жаңа сөздермен танысу (белсенді тақтамен жұмыс)-Оқушылар жаңа сөздермен танысады, аударады, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
Тыңдалым-бейне жазба –Қастеев туралы мәтін оқылады
II. Мағынаны ажырату: ЖИГСО стратегиясы бойынша жұмыс жасау
Шарты: нөмірлерге бөлінеді-1,2,3,4, қонаққа барады, тапсырманы орындайды,үйге оралады, мәлімет береді.
Мәтін абзацтарға бөлініп, оқушылар аударады, өз сөздерімен бір-біріне білгендерін жеткізеді.
(Бір оқушы мазмұның айтып береді)
Грамматикалық тапсырмалар:
1. топ: Төмендегі сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: суретшінің
2. топ: Төмендегі сөзді тәуелдеңдер: сурет
3. топ: Төмендегі етістікті шартты райда жіктеңдер: қатысу
Мұғалім: Ә. Қастеев туралы мәлімет алдық, ал еңді біз Ә. Қастеевтің туындыларына назар аударамыз. ( суреттерді қараймыз)
Ә.Қастеевтің «Қымыз фермасында» атты суретімен танысып, сұрақтарға жауап береді
Сұрақтар: 1)Суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?
2)Суретте қай жер бейнеленген?
3)Жазда қазақ халқы жайлауға не үшін көшкен?
4)Осы суретке қандай ат қояр едің? («Жайлауда», «Ауылда», «Жылқы фермасында»)
-Ал Ә.Қастеев бұл суретті «Қымыз фермасында» деп атаған. Неге? Неліктен? Не себептен? (Оқушылар жеке, топпен ойланады.)
III. Ой толғаныс саты: Назарымызды бейне- фильм аударайық.
Мұғалімнің сұрағы: 1)Сендер бугінгі сабақта қандай суретші туралы білдік?
2)Оның қандай шығармасымен таныстыңдар?
3) Сендер суретші болсаңдар, қандай сурет салар едіңдер? (Эссе жазу)
IV. Шығу парағы: 1.Сабақта не істедік? 2.Не үйрендіңдер? 3.Қандай сұрақтарың бар?
V. Үй жұмысы: Жаңа сөздерді жаттау, 97 бет 2 деңгей.
VI. Бағалау: Бір біріңізге баға қою.