Шамелова Айгуль Кенесовна, І санатты мұғалім
А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі.
Орал қаласы.
Ана тілі 1-сынып
Тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар.
Мақсаты: а) Оқушылардың сөздік қорларын,сөйлеу тілін дамыту.Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру,дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін кеңейту.Сөз ішінде жуан дауысты дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру.
ә)Табиғаттың әсемдігін сезіне білуге,байқампаздыққа тәрбиелеу.
б)Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер,тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Балалармен амандасып, «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Мәтіннің мазмұнын сұрау. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталау.
ІІ. Жаңа сабақ.
а)Кіріспе әңгіме. Жаңылтпашты жатқа айттыру. Баланың бәрі бала, Ішінде бар қара бала, Ішінде бар сары бала, Сол баланың бәрі бала.
Оқушылар жаңылтпашты кездескен сөздерді талдай отырып жуан және жіңішке дауыстыларды ажыратады.
Жуан дауыстылар а,о,ы;
Жіңішке дауыстылар ә,і;
ә)Оқулықпен жұмыс. 26 – жаттығу. 1)Өлеңді мәнерлеп оқып,түсіндіру. 2)Оқушылардың екі тармақтан мәнерлеп оқуы. 3)Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қою. – Өлең не туралы? – Қыс туралы қандай өлеңдер білеміз?
б)Сөздік жұмыс. Себелеп-жоғарыдан төмен қарай тоқтаусыз жауу.
Өлеңнің алғашқы шумағын көшіріп жазу.
в)Сергіту сәті.
Ал, енді біз тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Апа, ата, ағалап,
Тағы, тағы ұрамыз.
Саусақтарды санаймыз,
Ашамыз да жұмамыз.
Алақанды ашамыз,
Күн көзіне тосамыз
г)Дәптермен жұмыс.
27 – жаттығу. Суреттегі киімдердің ішінен қыс мезгіліне қатыстыларын ата: тон, етік, бөрік (жуан дауыстылардың астын сызу)
Толықтыру тесті. Ұйқасын тап.
Ұстаған жерде қолы … Қыс бойына жатады,
Тістеген жерде тісі … (қыс) Тәтті ұйқыға …………. (батады). (аю)
Дауысты дыбыстардың астын сыз.
Сәйкестендіру тесті. Берілген сөздергетиісті дауысты дыбыстарды сәйкестендір.
Кіт…п ө
Ой…ншық а
…шіргіш ы
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.
Шығармашылық диктант.
(Білім бұлақ оқу) Оқу- білім бұлағы.
Ү. Үйге тапсырма.
Жұмыс дәптеріндегі көркем жазу.
ҮІ. Қорытынды. Бағалау.
«Өзін-өзі бағалау» парағына әр тапсырмаға ұпай қою арқылы бағалайды.