Суды жақсы көретіндер

№16 «Таңшолпан» бөбекжайы»

№8 «Гүлдер»  2-ші  сәбилер тобының

Тәрбиешісі: Зайткешова Асем Муратовна

Ашық сабақ

Өткізілетін күні, айы, жылы: « 10 »  022016 ж.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Суды жақсы көретіндер.

Мақсаты: Суда, құрлықта тіршілік ететін жануарлар туралы білімдерін тиянақтау.

Білімділік міндеті:  құрлықта және суда тіршілік ететін  жануарларды ажырата білуге  үйрету.

Дамытушылық міндеті:  жануарлардың аттарын, олардың  қорегі  және жалпы  олардың  тіршілігі  туралы түсіндіру арқылы  зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті:   табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.

Әдіс-тәсілдер:  ойын, саусақ жаттығуы, сергіту сәті, , сұрақ-жауап, қостілділік компонент, қортынды.

Сөздік жұмыс:  құрлықта.

Көрнекі құралдар: балық, үйрек, қоян, түлкі суреттері.

Қостілділік компоненті:   балық-рыба, үйрек-утка, қоян-заяц, түлкі-лиса.

Шаттық шеңбер:

Сәлем деймін күнге мен!

Сәлем деймін саған мен!

Сәлем деймін апайға

Қонақтарға, баршаға!

Сәлем, сәлем, сәлем!

Балалар шеңбер бойына тұрып, орындайды.

Тосын сәт:                  

Тәрбиеші:Балалар естейсіндер ма, біреу әндетіп келе жатқан сияқты.Балалар, қараңдаршы бізге  қонаққа Маша келе жатыр.

Маша:Сәлеметсіңдер ме балалар, апайлар. Бұл «Гүлдер» тобы ма?

Тәрбиеші:Иә.

Балалар: Машамен амандасады,  қызығушылығын көрсетеді.

1. Білімді өзектендіру.

Маша:Балалар бүгін мен сендерге  қонаққа келдім. Менде сендермен сабақ үйренгім келеді, сендер сияқты білімді болғым келеді. Мен сендерге жай келген жоқпын, менің әкелген сыйлығым бар. Ол өте қызықты жұмбақтар. Мен көп деген жұмбақтарды шеше аламын.

Тәрбиеші:Бүгін мен сендерге және  Машаға «Суды жақсы көретін жануарлармен таныстырамын». 

Қане Машаның әкелген жұмбағын жасырайын.

Қанаты бар-ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды.

Балалар:Балық

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, бұл- балық. Балық суда тіршілік етеді. Ол желбезектермен тыныс алады. Сусыз балықтың өмірі жоқ.Балалар орыс тілінде балықты-рыба деп атаймыз. Қане балалар қайталайықшы:

Балалар: балық-рыба деп қайталайды.

Тәрбиеші:Балық суды жақсы көреді.

Табиғат бұрышына барып аквариумдағы балығымызды бақылайық.

Балалар: аквариумдағы балықтың жүзігенін бақылайды.

Тәрбиеші:Балалар келесі жұмбақты шешейік:

Аппақ жүнді үлпілдек,

Жалғыз жүрген тым сирек.

Балалар:Қоян

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, қоянорман тоғайда, далалы жерлерде тіршілік етеді.  Ағаштың бұтақтары  мен тамырларынан қорек етеді. Қоянның тіршілігі  үшін де  су өте қажет. Балалар орыс тілінде қоянды-заяц деп атаймыз, қайталайықшы.

Балалар:Қоян-заяц деп балалар қайталайды.

Тәрбиеші:Қоян суда жүзгенді жақсы көреме?

Бекжан:Жоқ.                             

Тәрбиеші:Маша сенде балалармен қайталап отыр.

Балалар енді орнымыздан тұрайық бойымызды жазып жаттығу жасайық.

2.Сергіту сәтін жасайық:

Ян-ян-ян

Секеңдеген ақ қоян

Кі-кі-кі

Айлакер түлкі

Лық-лық-лық

Суда жүзген балық

Ұш-ұш-ұш

Ұшып келген үйрек

Балалар: сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Тәрбиеші:Бойымызды сергітіп алдық па,балалар, қане, олай болса орнымызға жайғасайық.

Балалар келесі жұмбағымызды шешейік:

Шелектеп құйсаң да су жұқпас.

Балалар:Үйрек

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, үйрек үй құсы. Үйректе суда жүзе алады.

Жабайы үйректер де болады. Олар-су құстары.Балалар орыс тілінде үйректі-утка деп атаймыз.

Балалар:-Үйрек-утка.

Тәрбиеші:Үйрек қандай құс?

Эльмира:Үй құсы.

Тәрбиеші:Маша саған біздің сабағымыз ұнап жатыр ма?

Маша:Өте қызықты, көп нәрсені үйреніп жатырмын.

Тәрбиеші:Балалар соңғы жұмбағымызды шешейік:

                                                    -Өзі  ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айғай- шу.

Балалар:Түлкі

Тәрбиеші:Балалар дұрыс айтасыңдар, түлкі құрлықта, яғни орман тоғайда далалы жерде тіршілік  етеді. Сумен қоректенеді, суды қажет етеді. Орыс тілінде түлкіні-лиса деп атаймыз.

Балалар: Түлкі-лиса

Тәрбиеші:Ертегілерде түлкі қандай аң?

Данаш:Қу, айлакер

 

Тәрбиеші:Балалар, саусақтарымыз шаршаған шығар, қане орнымыздан тұрып саусақ жаттығуын жасайық

3.Саусақ жаттығулары:

Балық суда жүзеді,

Суды жақсы көреді.

Қайық суда жүзеді,

Сақинасын түзеді.

-Балалар қимыл арқылы орындайды.

4.Ойын: «Кім қайда тұрады»

Тәрбиеші:Біз қазір сендермен бірге мынандай ойын ойнаймыз. «Кім қайда тұрады»

Құрлықта, орман тоғайда, далалы жерде қандай жануарлар  тіршілік етеді: қоян, түлкі, аю, қасқыр, тиын,қасқыр.

Суда қандай жануарлар мен құстар тіршілік етеді: балық, үйрек.

Маша екеуіміз бірге айтайық 1,2,3 дегенде өз үйлерінді табасыңдар.

Балалар:ойынды мұқият тыңдап, ойынды ойнайды.

Маша: Балалар, бүгінгі сабақтарың қызықты өтті. Мен көп нәрсені біліп үйрендім.

Рахмет балалар кететін уақыт болды. Сау болыңдар.

Балалар: Машамен  қоштасады.

Тәрбиеші:Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Балалар:Иә.

Тәрбиеші:Балалар, біз бүгін кіммен достастық?

Балалар:Машамен.

Тәрбиеші:Құрлықта, орман тоғайда, далалы жерде кімдер тіршілік етеді?

Балалар:Қоян, түлкі.

Тәрбиеші:Суда қандай жануарлар мен құстар тіршілік етеді?

Балалар:Үйрек, балық.

Тәрбиеші:Ал балалар біздің сабағымыз аяқталды. Бүгін сабаққа белсене қатыстыңдар, енді қонақтарымызбен қоштасайық.

Балалар:Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:орманда және суда тіршілік ететін жануарларды ажыратуға  арналаған тапсырманы.

Қандай түсініктерді игерді:  орманда және суда тіршілік ететін   жануарлардың аттары, оладың қоректері, яғни  жалпы тіршілігі  туралы мәліметті. 

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:   сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни комуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.

 

Добавить комментарий