Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақтың ұлттық ойындары туралы алған білімдерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайта отырып, олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Ұлттық ойындар арқылы ұйымшылдыққа, ептілікке, тез ойлауға тәрбиелеу. Ауызекі тілді дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының элементтері, сұрақ – жауап, топтық жұмыс, жатқа айту.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сызба қағаздар, кластер, ребус
Сабақтың барысы :
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Бір-біріне ізгі тілек , ниет білдіру, амандасу.
Мұғалім: Қуан, шаттан алақай !
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн !
Балалар: Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Ұл- қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
II. Үй жұмысы:
1. «Қазақтың дастарқаны» мәтініне байланысты мақал-мәтелдерді
білу.
2. Дастарқан сөзіне торкөз құрастыру
- Тілдік жаттығу жұмысы
- Ой қозғау
- Слайдпен ұлттық ойындарды көрсету, слайдтағы суреттерге байланысты сұрақтар қою.
1. Балалар, слайдтан біз нені көрдік?
2. Ұлттық ойындардың қандай түрлерін білесіңдер?
Атап беріңдерші
3. Ұлттық ойындар қазіргі кезге дейін сақталған ба?
4. Басқа халықтардың қандай ойындарын білесіңдер?
III. Жаңа сабақ
- Сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы ашу.
- Сабақтың мақсатын айту.
- Студенттерді топқа бөлеміз : I – топ « Қыз қуу»
II — топ «Алтыбақан»
III- топ « Асық ойнау»
IY- топ « Арқан тарту»
Сабақ барысында біз мына тәртіпті ұстанамыз.
1. Әр топтың балалары АВ болып 2 жұпқа, 1-2, 3- 4 нөмірлі болып бөлінеді.
2. Берілген кез — келген тапсырманы алдымен топ оқушылары оқып, танысып, меңгеріп алады.
3. Әр топтың оқушылары 1-шісі 2- шісіне , 3 – шісі 4 – шісіне, сосын 4- шісі өз әңгімелерін біріктіріп , бір – біріне алма кезек түсіндіреді.
4. Тілек білдірген оқушы өз ойын ортаға салады.
І- тапсырма: Парақшаларда мәтін таратылады. Әркім оқыған соң, тапсырма орындалады.
II- тапсырма
«Қыз қуу» тобының тапсырмасы:
1.Бастауыш , баяндауыш дегеніміз не?
Сұрақтары қандай? Мысал келтір.
2.Толықтауыш нені білдіреді? Ережені айтып бер.
3. Анықтауыштың анықтамасын айтып бер.
4. Пысықтауыш деген не? Сұрақтары қандай?
«Алтыбақан» тобына берілетін тапсырма.
1. Мәтінмен танысу.
Тоғызқұмалақ-қазақтың ұлттық ойыны.
Тоғызқұмалақ ойынын арнайы тақтада екі адам ойнайды.Ойын тақтасы-2қазан, 18отау, 162құмалақтан тұрады.Әр ойыншыда бір қазан, тоғыз отауда тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ болады.Тоғызқұмалақ-математикалық ойын.Тоғызқұмалақ тапқырлықты, ойлауды, дұрыс шешім қабылдауды қажет етеді.Ойында есепті жақсы білетін адам жеңімпаз болады.
2. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру.
3. Мәтінді аудару.
4. Мәтін бойынша кластер құрастыру.
5. Кластердің негізінде ойларын ортаға салу.
«Асық ойнау» тобының тапсырмалары:
Сұрақтардың көмегімен әңгіме құрастыру.
-Асық ойынын кімдер ойнайды?
-Асық ойынының мақсаты не?
-Асықты қыздар ойнай ма?
-Асықты неше бала ойнайды?
-Асық ойнау үшін асығың көп болу керек пе?
-Асық ойыны неге үйретеді?
-Қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі, ойындары немен байланысты болды?
-Балалар ойын ойнағанда нені пайдаланды?
«Арқан тарту»тобының тапсырмалары:
1.Ойынға байланысты мақал – мәтелдерді теріп жазу.
1. Күш- білімде, білім- кітапта
2. Шынықсаң шымыр боларсың.
3. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
4. Денсаулығыңды күт
5. Бірінші байлық – денсаулық
6. Жігітке жеті өнер де аз.
7. Доп ойнаған тозар,
Асық ойнаған озар.
8. Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар.
9. Жүзден жүйрік
Мыңнан тұлпар.
2. Мақалды аяқтау.
3. Аудару.
4.Мақалдарды жатқа айтып беру.
Тапсырма Мақалдарды аяқтаңдар.
1. Шынықсаң шымыр …
2. Бірінші байлық ….
3. Денсаулығыңды ….
4. Доп ойнаған тозар,
Асық ойнаған …..
5. Жүзден жүйрік,
Мыңнан ….
ІҮ.Рефлексия:
«Асық ойнау» тобы: 5 жолды өлең құрастыру.
«Алтыбақан» тобы: Эссе жазу.
«Арқан тарту» тобы : Ұлттық ойындар тақырыбына кластер құру.
«Қыз қуу» тобы : Өлең айтады.
Ү.Бағалау:
ҮІ.Үй тапсырмасы: Ұлттық ойындар тақырыбына қосымша мәлімет
тер жинап келу.