Нан

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: «Ақбота» ІІ кішілер
Күні:.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Нан». Мақсаттары : Балаларға нанды басқа тағамдарға қарағанда көбірек қолданатынымыз жөнінде түсінік беру. Нанның қасиетімен таныстырып, нанның қиқымын жерге тастамай, оны қастерлей білуге баулу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Қажетті құрал -жабдықтар : ойыншық қоян,перде,заттардың оң жақ немесе сол жақ екенін көрсетуге болатын сурет, әр балаға жұмыс дәптері және жәй қарындаштар
Билингвальді компонент:сол жақта-слева, оң жақта-справа,дөңгелек-круг
Іс-әрекеттің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын

Шаттық шеңбер
Балалар қане бәріміз бір – бірімізге жақсы тілектер айтайық . Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Еліміз тыныш болсын! Нанымыз көп болсын!
Ұйымдастырушылық
кезеңі Ия, балалар нанымыз көп болсын, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Нан» . Нанның біздің дастарханымызға қалай келетіні жөнінде білеміз. Ендеше бәріміз экранға қарап тамашалаймыз.
Слайд көрсетіледі.
Ал балалар наннын қалай дастарханға келетінін түсініп алдық ия.
Енді нанды жасалуын өз көзімізбен көру үшін ауылда әжеміздің үйіне саяхаттаймыз.
Үнтаспа қосылып, көңілді «Қошақан» әнімен балалар машинаға отырып, ауылға барады.
Балаларды әже қарсы алады. (тәрбиеші әженің рөлін ойнайды)
Салеметсіздерме балалар!
-Келгендерің жақсы болдыго, менің ыстық наным, бауырсақтарым да дайын болды, келіңдер, отырыңдар. Мен сендерге нанды қалай илейтінін көрсетіп берейін, және оған қосатын қоспаларымен таныстырамын.
Балалар нанның қалай жасалатынын үйрендік ия
Сергіту сәті
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Әжеміздің дайындаған қамырынан бауырсақ,тоқаш жасаймыз.
Әжейге рақмат айтып, балалармен қоштасады.
Тәрбиеші балалармен бірге машинаға отырады, балабақшаға келеді.

Ия

Әжеймен амандасады., орындықтарға барып отырады.
Нана жасауға қажетті азықтарды атайды., ұстап көреді,

Мағынасын түсініп алады.
Бауырсақ,тоқаш жасайды.
Әжеймен қоштасып, топтарына қайтады.
Іс- әрекетті бағалау кезеңі Қорыту
-біз кімге қонаққа бардық?
-әжей қайда тұрады?
-Әжей бізге не көрсетті?
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды.

Сұрақтарға жауап береді.
Күтілген нәтижелер:
Нені біледі: заттарды өзара салыстыруды, анықтауды.
Қандай түсініктерді игерді: зерттеу мен бақылау жұмыстарын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ауылшаруашылығында еңбектеніп жүрген адамдарды құрметтеуді.

Добавить комментарий