FTP (File Transfer Protocol — файлдарды жіберу хаттамасы) 1971 жылы пайда болды және осы күнге дейін белсенді қолданылуда. FTP TCP/IP базалық деңгейдегі хаттамаларына негізделген. FTP негізгі қызметі — файлдарды қашықтағы компьютерден жергілікті компьютерге жүктеу (Download) және жергілікті компьютерден қашықтағы компьютерге жіберу (Upload) . Windows операциялық жүйесінің консольды ftp.exe клиент-бағдарламасы; Браузерге кірістірілген FTP-клиент (Internet Explorer, Chrome т.б.); Файл менеджерлеріне кірістірілген FTP-клиент (Total Commander, Windows Commander т.б.); HTML-редакторларына кірістірлген FTP-клиент (Dreamweaver немесе FrontPage); Арнайы бағдарламалар (FileZilla, CuteFTP). Ftp.exe-графикалық интерфейсі жоқ және ыңғайлы емес консольды клиент cd [қашықтағы_директория] — директорияны өзгерту; mkdir [директория_дирі] — қашықтағы машинада директория жасау; get [қашықтағы_файл] [жергілікті_файл] — қашықтағы файлдың көшірмесін компьютерге беру. Егер жергілікті Файл атауы орнатылмаса, ол қашықтағы файл атауымен сәйкес келеді; reget [қашықтағы_файл] [жергілікті_файл] — біраз бөлігі жергілікті машинада бар файлды көішіріп алу; put [жергілікті_файл] [қашықтағы_файл] — файлды қашықтағы жүйеге жіберу. Егер қашықтағы файл аты көрсетілмесе, ол жергілікті жүйеде атауымен сәйкес келеді; delete [қашықтағы_файл] — қашықтағы файлды өшіру; close-қашықтағы сервермен FTP сеансты үзіп, командалық интерпретаторға қайтару; bye-FTP серверімен жұмысты аяқтау (интерпретатордан шығу).