Бақтығалиева Ә. Б,
тарих , әлеуметтік- гуманитарлық
пәндер оқытушысы. Орал гуманитарлық колледжі
Батыс Қазақстан облысы.
Тақырыбы:И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған Кіші жүздегі шаруалар көтерілісі.
Білімділік міндеті:1836-1838ж. көтерілістің себептері, барысы, сипаты, жеңілу себептері мен тари-
хи маңызын түсіндіру.
Дамытушылық міндеті:Қосымша деректерді, құжаттарды , көркем әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушының ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мәні:Көтерілістің басшыларының ерліктерін баяндай отырып, оқушыларды жерін
сүюге, ұлтжандылыққа намысшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Патриот-Отанға, туған жерге деген сүйіспнешілік, өз Отанының мүддесі үшін
Қызмет істеушілік, отанына берілген адам.
Пән аралық байланыс:Тарих, әдебиет, музыка, география.
Көрнекілігі:слайдтар, сызбалар, Қазақстанның картасы, портреттер.
Сабақтың барысы:
I-Ұиымдастыру бөлімі
Бөлім-1 Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ішкі ордад
II-Жаңа сабақты түсіндіруағы шаруалар көтерілісіне арқау болған « М. Өтемісұлы мен И. Тайманұлы бастаған Кіші жүздегі шаруалар көтерілісі . »Сабағымызды М. Өтемісұлының «Ұлы арман»өлеңімен ( 221 топ студенті )бастаймыз.
ІІ Сабақ жоспарымен таныстыру : 1Ішкі Бөкей ордасы
2Көтерілістің басталу себептері мен мақсаты
3Көтаріліс басшылары Махамбет, Исатай
4Көтеріліс барысы мен кезеңдері
5Көтерілістің жеңілу себептері
6Көтерілістің маңызы
3 «Қазақстан XIX ғасыр ортасында» атты картамен жұмыс. (қай жерлермен, қандай елдермен шектесетінін көрсету) Кіші жүз жері 1731 жылдан бастап Ресей бодандығына өткен болатын (Әбілқайыр тұсында).
4 Бөкей Ордасы(Ішкі Орда)-Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801-1845жылдары Еділ
мен Жаиық өзендері аралығында болған қазақ хандығы. Ішкі орда немесе хандықты құрған Бөкей
сұлтанның атымен Бөкей хандығы деп те аталады. Бөкей-Әбілқайыр ханның немересі Нұралы ханның баласы. 1801 жылға дейін Кіші жүздегі хан кеңесінің төрағасы болды. Астрахан әскери губернаторының атына өтініш жазып, өз қоластындағы халықты Еділ мен Жайық арасындағы жер-лерге қоныстандыруға рұқсат сұрайды. Бұл өлкеде бұрыннан 80 мынға жуық қалмақ орналасқан еді. 1771 жылдан бастап қалмақтар Еділдің оң жағына ығыстырылған болатын. Iпавел патша өзінің 1801 жылғы 11 наурыздағы жарлығымен, Бөкей сұлтанның тілегін орындады.
Ресей императорының мақсаты: 1-ден Кіші жүз екіге бөлінеді. 2-ден Еділ мен Жайық арасындағы Ресей сауда жолдары қауіпсіздендіріледі. 3-ден Ресейдің Қазақстанға ықпалы күшейе түсетін болды. Ресей Қазақстанды « бөліп ал да-билей бер» саясатын қолданды. (тақырыпқа арналған хронологиялық кестені слайдпен көрсету ) 1812 жылы 1-маусымда Бөкейге «қазақтың кіші жүзінің ерекшк мәртебелі де, аса құрметті ханы» деген грамота тапсырылды. Орал қаласының іргесінде Хан тоғайында оның таққа отыруын ұлықтау салтанаты өтті. 1815 жылы 21 маусымда Бөкей хан қайтыс болды. Хандықты уақытша басқару (Жәңгір ер жеткенше)Бөкейдің інісі-Шығайға міндеттелді. 1823 жылы 22 маусымда патша жарлығымен билік заңды мұрагер Жәңгірдің қолына көшті. 1827 жылы 12 биден құралған «хандық кеңес « құрылды. Хан тапсырмасын орындайтын 12 старшын тағайындалды.
Б-2 Кіші жүздің Ресей қоластына кіруі, патша үкіметінің отаршылық саясаты, Жәңгір ханның Ресей патшасының жетегінде болуы, бұқара халық мүддесіне қайшы келді. Қазақ хандығының дәстүрлі басқару жүйесі шайқалды. Бөкей ордасындағы ауылдық-қауымдық жерлерді ірі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородка иемденіп алды, қалған бөлігін Астрахань губернаторының қолдауына сүй- ен ген ханның туыстары мен басқа да ақсүйек топтар иеленді. Теңізден балық аулау құқығын алған орыс помещиктері Каспий жағалауын иемденіп алып, қазақтар теңіз жағалауына жіберілмеді. Сары және Қара өзендер аралығын казактар иеленді. «Орал ішкі әскери линия»дегенді құрып, бекіністер сала бастады. Қазақтарға сордан тұз алуға, өзендерден балық аулауға, қамыс шабуға тиым салды. Орал казак әскерлері Қазақтардың ата-бабасынан қалған жерді жалға алуға мәжбүр етті. Отарлық езгінің түрі көп болды. Жергілікті феодалдық қанау да күшейді. Ханның, сұлтандардың өктемдігінің шегі болмады. Салықтың 20түрі болды. Мысалы:Жәңгір зекет салығы деп, тек 1936ж. 1800 қой, 800 өгіз, 100 жылқы халықтан жинаған. 1833ж Жәңгір хан өз қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындады. Осы жағдай көтерілістің шығуына түрткі болды . Қа- рауылқожаның үстінен түскен бұқара халықтың шағымдарына Жәңгір хан мән бермей, жауып тастап отырды. Оралдың әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен бойындағы Қамыс-Самар көлі төңі-регіндегі жерлерді казактардың пайдалануына алып қойды. Қазақтарға Жайықтан өтуге және кө –шіп келуге тиым салынды. Қарауылқожаның бассыздығы, Жәңгірдің жіне оны қоршаған феодал –дық күштердің халық мүддесімен санаспауы әлеуметтік тартысты шиеленістіріп, 1836 жылғы көте-ріліске алып келді. Көтерілістің мақсаты:Хан сұлтандардың билігіне шек қою жіне орыс отаршылдығын тежеу болды, яғни шаруалар жағдайынжақсарту, жер мәселесін шешу. Б-3. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтарілісінің басшылары Исатай Тайманұлы(1791ж-1838ж. 12 шілдеде Ақбұлақ шайқасында қаза тапты)және Махамбет Өтемісұлы. (портреті көрсетіледі) Екеуі де 12 ата байұлының, Беріш руының «Жайық Беріш»бұтағы. Екеуі де Беріш руының старшыны болды. Махамбет Өтемісұлы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмы, «Бекетай» деген жерде(1804. 1846ж. ж. ) туған. Махамбет-Исатайдың ең жақын серігі. Ол Хиуада болып, Орынборда тұрды, татар орыс тілдерін білді. Махамбет 10 ағайынды болған. Үлкен ағасы –Баймағанбет Жәңгірдің 12 биінің бірі болған. Қалғандары түгелдей көтеріліске қатысқан. Халық ара сында беделді Махамбетті Жәңгір хан жақын тартып, баласы Зұлқарнайынмен бірге Орынборға оқуға жібереді. 1824-1829жылдары Махамбет Орынборда тұрады. Кейіннен Жәңгірмен арасы суып, қарапайым халықтың мүддесін қорғайды. Жәңгір өзіне қарсы бағытталған өткір өлеңдері үшін Махамбетті жек көрді, және қуғындады. Махамбет- ақын, жерін сүйген патриот. Махамбеттің өлеңдерінде көтерілістің себептері, мақсаттары ашық айтылады. Бас кетер деп қорықпады. Халқының тәуелсіздігін, бостандығын аңсады. Махамбет- елім деп еңіреген батыр. Оның «Нарында», «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Қызғыш құс» өлеңдерінде туған жері , халқының бостандығын жырлады. Махамбет-адал дос. Исатайдың қазасы Махамбетке қатты батты. Хан сөзіне сеніп, қапыда кеткен досынада өлең арнады. Махамбет күйші сазгер. Оның «Өкініш», «Қайран Нарын», «Терезе», «Жұмыр қылыш» атты күйлері бар. Махамбет-Индер ауданы, Атырау облысы «Қараой» деген жерде дұшпандарының қолынан қаза тапты. Б-4. 1836-38ж. ж. көтеріліс 3кезеңнен тұрды. I- кезең. 1836 жылы Исатай мен Махамбет туы астына 20 ауыл көшіп келді. Осы ауылдарға Жәңгір хан мен оны жақтаушылар 1836 ж. желтоқсанның 13-інде шабуыл жасады. Екі жақ та қарулы қақтығысқа дейін барды. Орынбор губернаторы Перовскийдің талабымен, Орал казак әскерінің атаманы, генерал майор Покатилов 200 казактан тұратын отрядпен Исатай, Махамбетті ұстамақшы болады. 1836 жылы I Николай патша көтерілісшілерді жазалауды талап етеді. Орынбор губернаторы Перов-ский көтерілісті талқандауды подпалковник Гекеге тапсырып, қарауына қосымша күш бөлді. Орал казак әскерінің атаманы Покатилов жіне Жіңгір хан жасағыГекеге көмекке келуге тиіс болды. II-кезең. 1837 жылы 15 қазанда Исатай Жәңгірдің сыбайласы Балқы би ауылын шапты. 24 қазанда Исатай хан ауылына қауіп төндірді. Хан сарайын қорғауға Геке мен Меркулов 600 адам отрядпен келді. Оған қоса Зеленый, Кулагин, Горький, Орал форпостынан әскер келді. 9 қарашада хан жасағы мен казак әскері (400+700 адам) қосылды. 1837 жылы кқтерілісшілер саны 3000-3500 ге жетті. 1837 жылы 15 қарашада екі жақ Тастөбеде кездесті. Исатай әскері –қылыш, найза, садақпен қаруланды. Қарсы жақ әскерінде 2зеңбірек жіне мылтықтары болды. Күш тең болмады. Көтеріліс- шілерден 60адам қарсы жақтан 3 адам жараланды, жазалау басталды. Қазақ шаруалары өз ауыл-дарына тарап кетті. Бірақ Исатай мен Махамбет күресті тоқтатпады. Губернатор Перовский Исатай-ды ұстауға бұйырды. Исатайдың басына тірілей- 1000 сом, басын кесуге-500 сом тігілді. III-кезең. 1837 жылы 13 желтоқсанда Исатай мен махамбет Жайықтың шығысына өтті. Олардың қа-тарында 40 адам ғана болды. Бұл кезде Кенесары батыр қозғалысы да басталған еді. 1838ж. Махамбет пен Исатай жасағы қайтадан 100-ге жетті. Олар Орал әскери шебіне қауіп төндір- ді. 1838ж. көктемде Орал әскери шебінің подполковнигі Даниловский тез қимылдайтын қарулы топ ұйымдастырды. Олар Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуынан қорқып, Исатай мен Махамбет көтерілісін басуды тездетті. Орынбор губернаторы Перовский соғыс министрінен қосымша күш сұрады. Берілген қосымша күш және Б. Айшуақұлының жасағы, Геккенің отряды қо-сылды. Бұларға Исатай мен Махамбет 500 сарбазбен қарсы тұрды. 1838 ж. 12 шілдеде екі жақтың қарулы күштері «Ақбұлақ» даген жерде кездесіп, шайқасты. Шайқас-та Исатай қаза тапты. Сарбаздардан 70-80 адам қаза тапты. Б. Айшуақұлы жасағынан 100 адамдай, ал казак әскерінен 4 адам жараланды. Исатай қазасынан кейін де Махамбет күресті одан әрі жал-ғастырды. 23 шілдеде махамбет сұлтандар ауылына шабуыл жасады. Оны басу үшін Горск бекінісінен 150 казактан тұратын отряд шықты. Көтеріліс күшпен басылды. Орынбор губернаторы Перовский мен полковник Геке көтерілісшілерді қатаң жазалады: 1) 500 адамды қатарынан дүре соғып өткізді. 2 ) 8 жылға қара жұмысқа айдады. 3) 100 рет тұзға салынған дүремен ұрды. 4) Сібірге айдады. Көтерілісті басуда ерекшк көзге түскен сұлтандар, старшындар, казактар –офицерлік шен, ақшалай, заттай сыйлық алды. Б-5. Жеңілу себептері. 1Қозғалысты үстем тап (старшын, кейбір сұлтан, билер) басқарды. 2 Олар жеке мақсатты, өш алуды көздеді. 3 Көтеріліс бүкіл Кіші жүзді қамти алмады. 4 Күш тең болмады.
Б-6. Маңызы. 1. Хан, сұлтандардың алым-салықты жыл сайын көтеруіне белгілі дәрежеде шек қойылды. 2. Патша үкіметінің қазақ ауылдарындағы көтерілісті қолдаған старшындармен санасуына тура келді. 3Хандық биліктің әлсірегенін көрсетті. 4 Қазақ феодалдарының отаршылдармен ауыз жаласқаны дәлелденді. 5 Қозғалыстың ұлт-азаттық мазмұны болды, әлеуметтік езгіге және отаршылққа қарсы бағытталды.
III Жаңа тақырыпты бекіту. Сұратарға жауап беру, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс және бағалау.
1 Сұрақ-жауап. (ауызша) 1 Бөкей сұлтанның қоластындағы қазақтар орналасқан аймақ қалай аталды?(Бөкей ордасы немесе Ішкі орда) 2 Бөкей сұлтанға хан атағы қашан берілді? (1812ж) 3Бөкей хан қай жылы дүние салды? (1815 ж 12 мамыр немесе кейбір деректерде21маусымда) 4 Бөкейдің мұрагері кім?(Жәңгір) 5Жәңгір ресми түрде қашан хан тағына отырды?(1823ж 22 маусымда) 6 Жәңгір хандықты неше жыл басқарды?(20 жыл) 7Хан ордасы қашан, қай жерде салынды?(1827ж. Нарын құмының батысында) 8 1836-38 жылдардағы ішкі ордадағы көтерілістің басшысы кімдер?(Исатай мен Махамбет) 9 Көтеріліс неше кезеңнен тұрды?(3 кезең) 10 Көтеріліс неліктен жеңіліс тапты?(Көтеріліске қатысқан кейбір үстем тап өкілдері жеке мақсатты көздеді, Кіші жүзді түгел қамти алмады, күш тең болмады) 2 Картамен жұмыс. Бөкей ордасының алып жатқан аумағын көрсету. 3 Дәптермен жұмыс. Интерактивті тақтадағы слайдты жоспарды, сызбаны, Бөкей ордасы тарихы бойынша хронологияны дәптерге түсіру.
IV Тақырыпты қортындылау. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, Ресейге бодан болған 1731 жылдан бастап тәуелсіздік алғанымызға дейін 700 ге жуық ұлт-азаттық қозғалыс болған екен. Исатай мен Махамбет көтерілісі де халқымыздың тәуелсіз ел болуына өз үлестерін қосты. Сабағымыздың соңында Махамбеттің Жұмыр қылыш күйін тыңдаимыз.
V Үйге тапсырма;
Тақырыпты оқу, буклет жасау.