Жүйке жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Жүйке  жүйесі

Сабақтың мақсаты:1 Ми, жүйке жүйесінің құрылымы, оның  маңызы                                
                                            мен атқаратын қызметі туралы түсінік     
                                            қалыптастыруға ықпал ету. Жүйке жүйесін   
                                            нығайту тәртібін  талдау. Сезім мүшелеріне 
                                            талдауға үйрету.
                                         2 Ой- өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
                                         3 Дәрігер мамандығының әртүрлілігі , қадірлі
                                          екендігімен таныстыру.Сыпайылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: емханаға саяхат, топтастыру, түсіндіру, сұрақ- жауап
Көрнекілік:дәрігерлер суреті, адамның жуйке жуйесі, кесте.
                  Сабақтың  барысы:
                   Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық:
Денсаулық  ол  күлуің,
Көңіл- күйің  жадырай.
Денсаулық  ол жүруің
Ешбір  жерің  ауырмай,

   Сабақ мақсатын хабарлау.Өткен материалды шолу.
-Балалар, біздердің денсаулығымыз ең бірінші байлығымыз.Сол денсаулығымызды күту керекпіз.Егер бір жеріміз ауырса қайда кімге барамыз?
-Дәрігерге барамыз.
-Дұрыс, басымыз, тісіміз, құлағымыз, ішіміз ауырса қандай дәрігерге баратынымызды білеміз бе?
-Ендеше, бүгінгі сабақта біздер әртүрлі қызметтегі дәрігерлермен танысамыз.
-Ал,енді,емханаға келдік.1-ші кабинетте отырған кім?
-Педиатр.
-Ол қандай дәрігер?
-Ол балаларды қарайтын дәрігер.Оның бізге тапсырмасы өткен сабақтағы тапсырма бойынша түсінік айту.(Мұрын – иіс сезу мүшксі бойынша түсінік айту.Сабақ жеміс – жидектермен бағаланады.
Қосымша сұрақтар:
1Адам денесі бөліктерін ата.
2Денім сау болсын десең немен шұғылдану керек?
3Тірек- қимыл мүшесіне нелер жатады?
4Адамның ішкі мүшелерін ата.
-Жақсы, педиатр балалар дәрігері.Ары қарай келесі кабинетке барайық.
-Лор.
-Ол қандай дәрігер екенін білеміз бе?
-Оның бізге сұрағы бар екен.
 Есту, иіс сезу мүшелеріне нелер жатады?Оларды қалай қорғау керек?
-Дұрыс, құлақ, мұрын, тамаұты –лор дәрігері емдейді. Ол сіздерден осы мүшелеріңізді жылы ұстап қорғауларыңызды сұрайды.Ол үшін көкөністер мен жеміс-жидектерді көп пайдалану керек.
-Келесі кабинетке барайық.Онда кім бар екен?
-Окулист.
-Ол қандай дәрігер?Оның сұрағына жауап берейік.
Көру мүшесіне не жатады?Оның қорғанышы нелер? Оны қалай күту керек?
-Дұрыс, балалар, көзді окулист дәрігері емдейді.
-Келесі кабинетке барайық. Ол қандай кабинет?
-Кардиолог.
-Ол қандай дәрігер? Оның сұрағына жауап берейік.
Қан айналым мүшесіне не жатады?Қандай қан тамырларын білесіңдер?
-Дұрыс,жүрек қан тамырларын кардиолог дәрігері емдейді.
-Келесі кабинетке барайық. Онда дерматолог отыр.
Ағзаның қорғаныс мүшесі не?
-Келесі кабинетте гастроэнтеролог  отыр. Ол дәрігердің сұрағына жауап берсек, оның қандай дәрігер екенін білетін боламыз.
Ас қорыту мүшелеріне нелер жатады?
-Дұрыс, осы ас қорыту жүйесін , асқазан , ішек жолдарын гастроэнтеролог қарайды.

                                     Жаңа  сабақ
-Барлық органдар жұмысын қандай мүше басқарады деп ойлайсың?
-Адамның ішкі мүшелерінің ең негізгісі не?
-Дұрыс, балалар. Ми – ең негізгі мүше. Біз қандай әрекет жасасақ та барлығы ми арқылы іске асады.

«Кім  зерек?» ойыны:
Берілген заттарды қандай сезім мүшелеріміз арқылы анықтауға болады.Мысалы: алма,сарымсақтың  иісі арқылы ажырату.
-Бұл жерде мұрын иіс сезу мүшесі.
-Ойыншықтар берілген. Оларды сипап сезу мүшесі арқылы білу.(күшік, аю, машина)
-Телефон соғып тұр.Мұны есту мүшесі арқылы білеміз.
  Адам сыртқы дүниенің , өз денесінің жай- күйін де осы сезім мүшелерінің көмегімен біледі.
  Бабалар даналығынан: «Айналадағы дүниені көретін көз емес, дыбысты еститін құлақ емес, иісті сезетін мұрын емес, ол – ми.»
  Әр сезім мүшесінің есте сақтау қабілеті болады.Мысалы:ыстық шәйнекті ұстап қолың күйгеннен кейін , келесі де оны ұстамайсың.Құлақпен бір әдемі әуен естісең , келесіде ол әуенді біліп отырасың.
-Миға ауырсыну, қарын ашу, сабақ оқу сияқты белгелер келеді. Содан соң біз әрекет етеміз.Ол сигналдар өте шапшаң әрекетпен жүреді.
-Бас миы қай жерде орналасқан ?
-Бассүйектің ішінде омыртқадағы жұлыннан адамның барлық дене мүшелеріне жүйке тамырлары тарайды, одан жүйке жүйесі таралады.Жүйке жүйесін «неврапотолог» дәрігері қарайды. «Жүйке жүйесі» туралы білімдерін кеңейту. Жүйке жүйесі адам денесіндегі әртүрлі мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын , ағзаның біртұтас әрекетін қамтамасыз етеді.

                                Сергіту  сәті.
-Балалар , сәл тынығып алайық. Өйткені жүйке жүйесін шаршатуға болмайды. Берілген әдемі әуенмен көзімізді жұмып , еш нәрсе ойламай тынығайық.
-Қандай сезім алдыңдар? Тынығып қалғандарың сезіле ме?
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді тізбектей оқыту.
-Жүйке жүйесінің қызметі қандай?
-Жүйке жүйесі нелерден тұрады?

 Жүйке жүйесі :ми, жұлын, жүйке тамырлары.
Адамның барлық іс- әрекеті жуйке жүйесіне байланысты болғандықтан, оның гигиенасын сақтауға барлығымыз міндеттіміз. Жұмыс кезінде адамның шаршауы , мидың шаршауынан болады. Аурудың қандай түрі болмасын жүйке жүйесінің шаршауынан болады.

Мектеп медбикесі Гүлнар апайға сөз беріледі.
-Жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау үшін мына ережелерді білуіміз керек:
-Мектептен келген соң бірден үй тапсырмасын орындамау керек.
-Үй тапсырмасын бір мезгілде орындауды әдетке айналдыру керек.
-Тапсырманы алдымен жазбаша жұмыстан орындау керек.
-Әр сабақтың арасында 5-10 минут демалу керек.
-Темекі мен ішімдіктің зияны өте зор. Оларды пайдаланған адам ауру болады.
                 Өлеңдер оқу:
1 Ашық  аспан астында
Денсаулықтарыңыз мықты болсын
Жанұяларыңыз бақытқа толсын.
Бүгінгі  ашық сабақта
Денсаулық туралы сөз еткен
Көп нәрсені  ұғып алдық,
Кетпейтұғын  мәңгі естен.
 2 Денсаулық  ол күлуің
Көңіл – күйің жадырай.
Денсаулық  ол- жүруің
Ешбір  жерің ауырмай.
  
3 Денсаулық  ол шыныққан
Барлық  дене мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

4 Тіс ауырса ,бас ауырса,
Саған дәрі береді.
Балаға да, анаға да,
Мейірімін төгеді.
Ол  кім?  — Дәрігер.

 

5 Адалдық ақ жол сеніммен
Алғысын  көптің ала бер.
Ақ жарқын адал көңілмен,
Сырқаттың жайын таба бер.
Дәрігер апа өмірден
Қартаймай жайнап жүре бер.

                          Қорытындылау.
-Педиатр қандай дәрігер ?
-Лор?
-Окулист?
-Кордиолог?
-ДЕРМАТОЛОГ ?
-Гастроэнтеролог?
-Неврапотолог?
         Жүйке  жүйесіне В – тобындағы дәрумендер жауап береді. Ет, балық, банан, бұршақ, картоп , грек жаңғағы пайдалы.
-Анда –санда шоколад жеген де пайдалы. Ол ми жұмысын белсендіреді және көңіл – күйді  жақсартады.Бақыт  гармонының  бөлінуіне ықпал етеді. Шоколад плиткасының еш  зияны  жоқ.
(шоколад , алма тарату).

Добавить комментарий