Информатика және махаббат

Аякөз қаласы
Шығыс Қазақстан облысы
К.Бозтаев атындағы қазақ орта мектебі
Информатика пән мұғалімі
Дюсембекова Раушан Сапарбекқызы

Тақырыбы:   «Информатика және махаббат» кеші.

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген  танымдық қызығушылығын және  белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Информатика және махаббат» атты кешімізге хош келдіңіздер!
Кешімізді бастамас бұрын әділ-қазылар мүшелерін таныстырып өтейік:

  1. ________________________
  2. ________________________
  3. ________________________

1-жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік:

  1. Таныстыру
  2. «Бой сергіту»
  3. Ситуациялық сұрақтар
  4. Жұпты таңдау
  5. «Сәйкесін тап!»
  6.  «Мені түсін»
  7. «Ашық пошта»
  8. «Ең жарасымды жұпты таңдау»

Бұл сайысқа 3 сыныптан бір қыз бала және бір ұл бала қатысады.
2-жүргізуші: Бірінші кезеңді бастайық. Осы кешке қатысатын әрбір оқушы өзін таныстырып өтсін.
1-жүргізуші: Екінші «Бой сергіту» кезеңінде сендерге логикалық сұрақтар беріледі. Тақтада 6 жүрек көрсетіліп тұр, таңдаған әрбір жүректің өзінің сұрағы бар.

1 сұрақ: Алты қырлы қарандаштың неше қыры бар? (Жауабы: сегіз)
2 сұрақ: Құдыққа арқан созып тастаса 1 метрге батады, ал арқанды екі  бүктесе, 1 метрге жетпей қалады. Арқан қанша метр, ал құдық қанша метр болғаны? (Жауабы: арқан 4 метр, ал құдық 3 метр)
3 сұрақ: Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? (Жауабы: 5 тауық, 10 қоян)
4 сұрақ: Екі баланның әкесі өз балаларына ақшалай сыйлық береді. Бір баласына 150 теңге, екіншісіне 100 теңге. Екі баланның сомасын қосып есептегенде, тек 150 теңге ғана өседі. Бұның себебін қалай түсіндіресіңдер? (Жауабы: атасы 150, баласы 100. Атасы, баласы, немересі)
5 сұрақ: Қандай жарыста бір қадам атталмайды? (Жүзу жарысында)
6 сұрақ: Сәбіздің көзге пайдалы екенің қайдан білеміз? (Жауабы: қояндардың көзілдірік тақпайтындығынан)
2-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі кезеңге берейік: «Ситуациялық сұрақтар».

Бұл кезеңде әртүлі ситуациялық жағдайлар беріледі, сол жағдайда сендер өздеріңді  қалай ұстаймың деп ойлайсыңдар?
Ұл балаларға қойылатын сұрақтар:
1 сұрақ: Сен махаббат күніне барлық жолдар 0 мен 1 тұратын қызықты құтықтау қағазын алдын.
Сен:

  1. Бұл құтықтау қағазын досына жібересің.
  2. Оны лақтырып жібересің.
  3. Кодтау кестесін пайдаланып, оны декодтайсың.

2 сұрақ: Бейтаныс қыз сенің суретінді тауып алып, Photoshop программасымен оны өңдеп шығарып,  бұл суретінді мектептегі барлық қабырғаларына іліп қойды.
Сенің әрекетін:

  1. Мектепке мүлдем бармайсың.
  2. Бейтаныс қызды тауып алып, онымен достасасың.
  3. Бұл қызды анықтап, оның суретін өңдеп, мектепке іліп қоясын.

3 сұрақ: Информатика кабинетіне кірген кезде сенің орнына саған ұнайтын қыз отырғаның көресің.
Сенің әрекетің:

  1. Қасына отырып, берілген тапсырма бойынша нұсқауларынды айтасың.
  2. Сол орынды босатуың сұрайсың.
  3. Өз жауабын.

Қыз балаға қойылатын сұрақтар:
1 сұрақ: Саған ұнап жүреген ұл бала, өзіне ұнайтын компьютерлік ойынды ойнауды ұсынады.
Сен:
1. Басқа ойынды ойнауды талап етесін.
2. Еш нәрсеге қарамай, сол ойынды ойнайсың.
3.Өз жауабын.
2 сұрақ: Информатика кабинетіне кірген кезде сен саған ұнайтың ұл баланы сыныпқа жаңадан келген қызбен отырғаның көресің.
Сенін әрекетің:
1.Оны өзіне қаратып, берілген тапсырманы бірге орындайсың.
2. Ұлға класс жетекшің шақырады  деп алдайсың.
3.Өз жауабын.
3 сұрақ: Информатикадан берген рефератты сен интернет клубына іздеуге барасын, сонда  саған ұнайтын ұл баланың апайы отырады.
Сенің әрекетін:

  1. Алыс жерге отырып, жұмысынды жасайсың.
  2. Өз көмегінді ұсынып, танысуға тырысасың.
  3. Өз жауабын.

1-жүргізуші: Енді қатысқан оқушылар арасында жұпты таңдайық. Ол үшін қыз балалар ұлдарды таңдайды, ал ұлдар қыз баланы таңдайды. Егер таңдаулары сәйкес болса, онда сол жұп ары-қарай сайысқа қатысады.
2-жүргізуші: Осы кезеңнен бастап сайыстың сұрақтарына әрбір жұр бір-бірімен ақылдасып жауап береді. Қай жұп қойылған сұрақтарға ең көп жауап берсе,  сол жұп осы сайыстың жеңімпазы болып аталады!
1-жүргізуші: Ендеше, кезекті «Сәйкесін тап» кезеңіне берейік. Бұл кезеңде сендер ақпаратты шығару және енгізу құрылғыларын табу керексіңдер.

1-жүргізуші: Ал енді «Мені түсін» кезеңіне жолберейік.

Бұл кезеңде қазақ халқымыздың өзгертілген мақал-мәтелдері берілген. Сендер мақал-мәтелді дұрыс қалпына келтіру керексіңдер.
1 мақал: Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жауабы: жігітті досына қарап, бағала)
2 мақал: Вирустан қорыққан, Интернеткке шықпас (Жауабы: шегірткеден қорыққан, егін екпес)
3 мақал: Веб-дизайыншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да (Жауабы: қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да)
4 мақал: Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Жауабы: білмесең, білгеннен сұра)
5 мақал: Антивирусы күштіні-вирус ала алмайды (Жаубы: досы күштіні-жау алмайды)
6 мақал: Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Жауабы: күлсен кәріге күл)
2-жүргізуші: Кезекті «Ашық пошта» кезеңіне берейік.

Сендерге хат жіберілген. Осы хатты оқып, ішіндегі қателерін тауып, дұрыс мәтінді оқу керек.
1 хат: Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу  үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
2 хат: Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда  Word Art  панелі арқылы  әр түрлі суреттерді аламыз.
3 хат: Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар : Лазерлік, матрициялық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып, жоюға болады. Функцияналдық пернелерге әріптер блогы жатады.

1-жүргізуші: Ал енді сөз кезегін әділ-қазыларға берейік. Бұл сайыстың «Ең жарасымды жұпты» қошеметпен қарсы алайық!

1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Осымен біздің сайысымыз аяқталды.
2-жүргізуші: Қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар!

{PAGEBREAK}
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Информатика және махаббат
Сабақты презентацияны көшіріп алу[attachment=93]

Добавить комментарий