Cабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт»
Мақсаты: Оқушылардың білім қабілетін тексеру, тапқырлықты, шапшаңдылықты көрсету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, табандылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: білім туралы мақал-мәтелдер, 1, 2, 3 нөмірлері бар белгілер, жауап парақтары, жұлдызшалар, шарлар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Сұрақ – жауап, жұмбақ шешу басталар – дей келе,
құрметті ұстаздар, ата-аналар бүгінгі біздің «Жұлдызды сәт» сайысына қош
келдіңіздер!
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміздің білімдерін саралап отыратын сарапшыларымызбен таныстырып өтейін. Мектептің психологы Гүлзат Боранбайқызы, «Болашақ» ұйымының жетекшісі Салтанат Тілеукенқызы және бастауыш сынып мұғалімі Гүлзада Қонысбайқызы.
Сіздердің мақсаттарыңыз – әр кезеңде оқушылардың жауап берген сұрақтарының санын санап, сұраққа ең көп жауап берген оқушыны анықтау. Ең көп жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі. Әр кезең сайын екі оқушы шығып отыруы керек.
Сайысымызға 8 оқушы қатысады. Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
І Таныстыру
ІІ Бәйге
ІІІ Сөз маржаны
ІV Көкпар
V
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі ілімнің
Керек екен бәріне – дей келе,
сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
І Таныстыру
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Бәрінен де ең бастысы – барлығының
Қатты істейтін миы бар! –демекші,
осы сайыскерлерімізге сөз берейік.
( таратып беру)
Мұғалім:
Сайыскерлерге тілек: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің сырына!
— Сәттілік тілейміз!
ІІ «Бәйге» кезеңі
Мұғалім: Келесі кезекті «Бәйге» кезеңіне берейік.
Шарты: Сайыскерлерімізге пәндер бойынша сұрақтар қойылады, сұрақтың 3 жауап нұсқасы алдыларыңдағы жауап парақшасында берілген, дұрыс жауапты 1, 2, 3 нөмірлері бар белгілерді көтеру арқылы жауап бересіңдер.
Тапсырма түсінікті болса, бастаймыз.
- Ұзындық өлшем бірлігі /см/
- Диалог дегеніміз не?/ 2 н/е одан да көп адамдардың сөйлесуі/
- Қатаң дауыссыздан тұрған сөзді көрсет/қыс/
- Темірқазық жұлдызы қай тұсты көрсетеді?/солтүстік/
- Тек бастауышы мен баяндауышы бар сөйлем /жалаң/
- 2376 санын көрсет
- Еліміздегі ең ірі темір кен орны / Соколов – Сарыбай/
- «Қайран шешем» кімнің күйі? / Құрманғазы Сағырбайұлы/
- Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз/ туынды сөз/
- 75936 санының разрядтық қосылғышқа дұрыс жіктелген жауапты көрсет /70000+5000+900+30+6/
- Велосипедші сағатына 15 км жол жүрсе, ол 30 км неше сағатта жүріп өтеді? /2сағ/
- Жыра неден пайда болады? /судан/
- «Жиб-Жица күресі» қай елдің күресі? /Жапон/
- Қарама-қарсы мағынадағы сөзді көрсет /алыс-жақын/
- Хеопс пирамидасының биіктігі /147м/
- Ең кіші үш таңбалы сан /100/
- Реттік сан есімді көрсет /жетінші/
- «Түркістан», «Өткен күн» кімнің өлеңдері?/ Мағжан Жұмабаев/
- Әктастың түрлерін көрсет / бор, кәдімгі әктас, мәрмәр/
- Шаршының қабырғаларының ұзындығы 4 см, шаршының ауданын тап./16 см2/
/ беру, 2сайыскерді шығару/
ІІІ Сөз маржаны
Шарты: -ға буынына аяқталатын бірнеше сөздер құрау
|
ға |
Сайыскерлеріміз дайын болғанша көрермендермен «Мақалбай атаның сұрақтары» ойынын ойнайық.
Шарты: Мақалбай атаның әзіл аралас сұрақтарына мақал-мәтелмен жауап беру керек.
Сұрақ № |
1 |
2 |
3 |
1 |
см |
кг |
сағат |
2 |
өз-өзімен сөйлесу |
2 немесм одан да көп адамдардың сөйлесуі |
жауап жоқ |
3 |
қыс |
сан |
қар |
4 |
оңтүстік |
шығыс |
солтүстік |
5 |
тұрлаусыз |
жалаң |
жайылма |
6 |
2736 |
3276 |
2376 |
7 |
Соколов-Сарыбай |
Ақтау |
Өскемен |
8 |
Дина Нүрпейісова |
Құрманғазы Сағырбайұлы |
Дәулеткерей |
9 |
туынды сөз |
түбір сөз |
түбірлес сөз |
10 |
70000+500+900+30+6 |
7000+500+90+30+6 |
70000+5000+900+30+6 |
11 |
1сағ |
2сағ |
3сағ |
12 |
судан |
желден |
өсімдіктен |
13 |
Жапон |
Қазақ |
Орыс |
14 |
алыс, қашық |
қашық, қашықтық |
алыс-жақын |
15 |
417м |
147м |
174м |
16 |
999 |
100 |
199 |
17 |
он екі |
жиырма |
жетінші |
18 |
Мағжан Жұмабаев |
Абай Құнанбаев |
Оспанхан Әубәкіров |
19 |
бор, тас, мәрмәр |
тас, әктас |
бор, кәдімгі әктас, мәрмәр |
20 |
16см2 |
8см2 |
16см |
Сұрақ № |
1 |
2 |
3 |
1 |
Тянь-Шань |
Сарыарқа |
Алтай |
2 |
|
|
|
3 |
20г |
10г |
2г |
4 |
сары |
келіп отыр |
бала |
5 |
киіз үй |
лашық |
үңгір |
6 |
оқушылар |
сабаққа |
кірді |
7 |
100кг |
1000кг |
10кг |
8 |
мұнай, тас көмір |
газ, жез |
мырыш, мұнай |
9 |
өзімен-өзі сөйлесу |
2 адамның сөйлесуі |
топпен сөйлесу |
10 |
құстар |
орындық |
бөлмем |