Электрондық кесте MS Excel

Облыстық онлайн сабақтың жүру жоспары    8 ғ сыныбы          23.02.2012 ж

Өткізетін: Информатика пән мұғалімі Абикенова Салтанат Утегеновна

Сабақтың тақырыбы:  Электрондық кесте MS Excel.

  

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың электрондық кесте туралы түсінігін қалыптастырып, электрондық кестенің ұяшық, ұяшық диапазондары, деректер түрлері, терезе элементтерімен, бағана мен қатарлар арқылы орындалатын амалдар, деректер типтері жайлы алғашқы ұғымдарды беру.
  • Компьютерде кестелік ақпараттарды өңдеу дағдыларын дамыту.
  • Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздіктерін ескере отырып, ықтиятылыққа баулу , ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Оқушы білуі тиіс:

ü  электрондық кестенің не екенін;

ü  оның негізгі міндеттерін;

ü  ұяшықты, ұяшық диапазонын;

ü  электрондық кестеде қолданылатын деректер типтерін;

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

v  кестеге мысал келтіруді;

v  көрсетілген ұяшықтың немес ұяшық диапазонының адресін анықтауды;

v  бет таңбасының атын өзгертуді;

v  бағана ені мен қатар биіктігін өзгертуді.

Сабақтың түрі:  дамытушылық

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер құрылғылары, электронды оқулық, интерактивті тақта

Қолданылған технология: БиС және СТО технологияларының элементтері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

—          Оқушылармен амандасу;

Қоңырау ішке соғылды,
Балалар тапты орынды.
Сабақ басталар сәт келді,
Сәттілік тілеп бәріңе,
Орнықтырыңдар енді көңілді.

—  Оқушыларды сабақтың өту ретімен таныстыру.

Үй жұмысын сұрау:

«НЕ БІЛЕМІН!» берілген сұрақтарға жауап алу

  1. 1.      Мәтін дегеніміз не?
  2. 2.      Мәтіндік құжат дегеніміз не?
  3. 3.      Мәтіндік редактор дегеніміз не?
  4. 4.      Мәтіндік процессор қалай аталады?
  5. 5.      Мәтіндік құжат түрлері қандай?
  6. 6.      Компьютерде тарихи бірінші болып өңделе бастаған мәтін түрі?
  7. 7.      Мәтіндік құжатта кесте қалай құралады?
  8. 8.      Мәтіндік редакторда тыныс белгісін қоюдың ережесі?
  9. 9.      Мәтіндік редакторда кестемен қандай амалдар қолдануға болады?

10.  Мәтіндік құжатты қалай сақтаймыз?

11.  Мәтіндік редакторда жаңа құжатты қалай құрамыз?

12.  Мәтіндік редакторда тағы қандай объектілер енгізуге болады?

 

Үй жұмысын тиянақтау үшін тексеру парағымен жұмыс істеу:

Сәйкестікті көрсетіңдер:

  1. 1.             Cөзде маусты екі рет шерту
  2. 2.             Жолдың басында маусты шерту
  3. 3.             Абзацта маусты үш рет шерту
  4. 4.             Ctrl+A пернелерді бірге басу
  5. 5.             Ctrl пернесін басып тұрып , сөйлемнің кез келген жерінде шерту
 
 
 
 

Бүкіл жолды ерекшелеу

Сөзді ерекшелеу

Сөйлемді ерекшелеу

Құжатты тұтастай ерекшелеу

Абзацты ерекшелеу

 

Жаңа сабақ:

НЕ БІЛГІМ КЕЛЕДІ? Смайликтерге сұрақтар жазғызу

Ребус шешкізу арқылы оқушыларды сергітіп және сабақтың тақырыбын алу.

Кесте дегеніміз не?

Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі.

Жол дегеніміз не?

Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі

Баған дегеніміз не?

Баған— көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі

Ұяшық дегеніміз не?

Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

Сұрақтарға жауап ала отырып, жаңа  сабақ мақсатмен таныстырып оқушы зейіні жаңа саббаққа бағыттау

Жаңа сабақты түсіндіру

1985  жылдың  мамыр  айында  Мicrosoft компаниясы өздерінің электрондық  есептеулерге арналған  кестелік  бағдарламасы МICROSOFT  ЕXCEL  ойлап  шығарды. Үш айдан  соң-ақ  бұл  бағдарлама  барлық  есеп   жүргізушілерге  таным  болып  қолданысқа  енді.

3. Microsoft  Excel-мен танысу.

Электрондық кітап арқылы іске қосуды таныстыру

Microsoft  Excel-ді іске қосу үшін келесі тізбектерді  орындаймыз

1. Пуск-Программы- Microsoft  Office- Microsoft  Excel.

Microsoft  Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады.

Терезе мынадай бөліктерден тұрады.

1. Тақырып жолы.

2.Бас меню де, негізінен басқа да Microsoft  Office  программаларындағы бөлімдерден құрылған. Оның Word  менюінен айырмашылығы  Кесте орнына Мәлімет алмастырылған.

3. Стандартты аспаптар

4.Пішімдеу панелі

5.Жұмыс істеп тұрған ұяшықтыңаты

6.Формула жолы

7.Жұмыс парағы

8.бағандар аты Латынның  А,В,С,D…F   26 әрпінен тұрады.

9.Жол нөмірі 65 536 жолдан тұрады

10. Таңбашалар немесе парақ

11. Айналдыру жолағы

12.Басқа параққа ауысу батырмасы

13.Қалып-күй жолағы

3. Microsoft  Excel –дің негізгі 10 мүмкіндігі бар.

Microsoft Excel программасы

1) Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;

2) Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;

3) Кестеге жол,баған,немесе ұяшықтар қосуға;

4) Кестеден жол, баған немесе ұяшықтардан алып тастауға;

5) Жол, баған немесе ұяшықтарды ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;

6) Ұяшықтардан ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;

7) Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;

8) Диаграмма тұрғызуға;

9) Графикалық обьектілер кірістіруге;

10) Баспаға шығаруға мүмкіндік береді;

Excel – ді іске қосу:

Жұмыс кестесінің элементтері

         ЕхеІ-дің обьектілерімен өңделген ХІs  кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. ЕхеІ де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файыл 1ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондық кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан ж\\е 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді,ал бағандар латын алфавитінің А,В,…,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық-деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді ұяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі н\\е кординатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы АІ,С20.

Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру.

Кестенің қажетті бетіне ауысудың екі жолы бар:

        1)   Терезенің төменгі жағындағы кестенің таңбасына шерту арқылы.

        2)  «F5» пернесін басып, Переход терезесіндегі Ссылка ұяшықтың координаталарын енгізіп, Ок бастырмасын шерту керек.

Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка Лист командасын орындау қажет.

Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту

      Үнсіз келісім бойынша жұмыс беттерінің таңбаларына «Лист1», «Лист2» т.б. меншіктелген. Сол парақтағы ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.

        1)   Қандайда бір парақтың таңбасында мауыстың оң жағын шертіңдер

       2) Переименавать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен ерекшеленеді. Жаңа ат енгізу қажет.

Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

         Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағаның енін мауыстың көмегімен өзгертуге болады. Н\\е Формат-Строка(Столбец)-Ширина командасын таңдау керек Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағаның енін ж\\е жолдың биіктігін өзгерту

 

Техника қауіпсіздігін қайталай отырып, жаттығулар жасау.

 

Практикалық бөлім: Электрондық оқулық арқылы жаттығулар жасау және MS Excel де тақта берілген кестені сызу, сақтау

 

Сабақты бекіту: Не білдім?

Ал, енді  Не білгім келеді деген смайликтегі сұрақтарды оқи отырып, Не білдім смайлигін толтырайық. Оны бір екі балаға оқыту.

 

Үйге тапсырма: §8.1. §8.2. оқу

Бағалау:        отырғызу матрицасы бойынша бағалау

 

 

Добавить комментарий