Класс: 8 «г»
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері.
Мақсаты: Жүйке жүйесінің бөлімдерін ажырата отырып,олардың қызметімен таныстырып, жүйке жүйесінің адам денсаулығы үшін маңызы зор екендігін оқушылар санасына қалыптастыру.
Міндеттері:
А білімділік:Оқу тәрбие үрдісіне жаңа технология енгізе отырып,оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып,оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Ә Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау,есту,көру сезімдерін жетілдіру,сөздік қорларын байыту.Түрлі әдістерді қолдана отырып,оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Б Тәрбиелік: Жүйке жүйесінің бөлімдерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,еңбек дағдысын қалыптастырып,салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: география,математика,қазақ тілі.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау,Электрондық оқыту,интерактивті әдіс,сұрақ-жауап.
Оқыту формасы: топтық.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,үлестірмелі кесте,түрлі суреттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру 2 мин
ІІ.Үй тапсырмасы 17 мин
ІІІ. Актуальдау 2 мин
ІҮ. Жаңа сабақ 19 мин
Ү.Бекіту 3 мин
ҮІ.Қорытындылау 2 мин
І.Ұйымдастыру: а дайындығы.
Б немен танысады.
ІІ.Үй тапсырмасы:
Барлық оқушыға билеттер таратылады.
- Жүйке жасушалары _______және жүйке ұштарынан тұрады.
- Дендриттер дегеніміз _______
- Аксондар дегеніміз_______ сұр зат құралады.
- ________________ сұр зат құралады.
- Нейронның жүйке ұштарының тармақталуы ____________
- Нейрондар сезімтал,____________ аралық болады.
- _______________________ жүйке синапсын түзеді.
- _______________________ езді синапс түзіледі.
- Егер синапсты зақымдаса ____________________
10. Синапстардың бірі қоздырғыш,бірі______________________
11. Рефлекс лат.Тілінен аударғанда_________________________
12. Рефлекс дегеніміз
13. Жүйке импульсі өтетін жолды
14. Ең қарапайым рефлекс
15. Жүйке орталығы
16. Адамда жүйке жүйесі
17. Бұлшық ет синапсы
18. Нейрондар
ІІІ.Актуальдау. Оқушылар біз міне жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы біліп жатырмыз,енді осы жүйке жүйесінің бөлімдеріне тоқталамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұлын — орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.
ІҮ.Бекіту. Сұрақтар.
Мылқау сурет.
Кесте.
Ү.Қорытындылау.
Үйге: Жүйке жүйесінің бөлімдері.Тест.
Бағалау.