Үстірт жануарлары

Күні: 6.10.2011ж.

Сыныбы: 7 «Г»

Тақырыбы: Үстірт жануарлары

Мақсаты: Үстірт жануарлары туралы толық мәліметтер бере отыра,табиғаттағы адам өміріндегі маңызын түсіндіру, алған білімдерін пысықтау, бекіту.

Міндеттері:

Дамытушылық: Жаңа сабақ түсіндіру барысында зейіндерін тұрақтандырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Білімділік: Үстірт жануарлары туралы жалпы сипаттам беріп, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге дағдыландыру, өздігінен іздену біліктілігін арттыру.

Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, табиғатты сүюге, оның байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Пән аралық байланыс: география, қазақ тілі, математика.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, сөздік, сұрақ-жауап,баяндау, тірек-сызба.

Көрнекіліктер: Жануарлар суреттері, кестелер, слайдтар, интерактивті тақта, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақ.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Қортындылау.

 

І. Ұйымдастыру.

Сыныптың тазалығын бақылау, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын  тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ.

                                                                              Үстірт қорығы  

Үстірт қорығы көптеген сирек кездесетін жануарлардың мекені болып табылады: үстірт муфлоны, гепард, сайғақ, жайран, қорқау, түлкі, ұзын инелі кірпі, күзен және т.б.Үстірттің көрнекі орны археологиялық ескерткіштер болып табылады. Үстірт қорығы аумағында жануарлардан: сүт қоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, омыртқасыздардың 300-ге жуық түрі және құстардың 110-ға жуық түрі кездеседі.

Қорық аумағында өте сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, мәлін, шағыл мысығы, итаю, шұбар күзен, ақбауыр жарқанат, ал құстардың 10 түрі – бүркіт, үкі, ителгі, жұртшы, дала қыраны, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарабай, жыланжегіш қыран, лашын, ал бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі: төрт жолақты қара шұбар жылан бар. Үстірт қорығының ұйымдастырылуына негізгі себепші болған, Оңтүстік-Батыс Үстірттің эндемигі – Үстірт арқарының Маңғыстауда жойылып кету қаупі бар еді.

 Үстірт арқары (лат. Ovis vignei arkal) — қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аша тұяқты аң. Денесі ірі, құлжаларының тұрқы 160, саулығында — 140 см, салмағы соған сәйкес 70 және 40 кг-ға дейін жетеді. Құлжаларының мүйізі имектеліп келген және жалы болады. Саулығының да кішкене мүйізі бар. Үстірт арқары негізінен Солтүстік-Батыс Түрікменстанда кездеседі. Қазақстанда Маңғыстау облысынның жерінде, Үстірттің батыс бөлігіндегі және Қапланқыр құлама жарларында, Шағала сор ойдымында таралған. Үстірт арқары үйір-үйірімен (бір үйірінде 70 дарабастай болады) тіршілік етеді. Жыныстық жағынан саулықтары 2,5, құлжалары 4,5 жаста жетіледі. Қазан — желтоқсан айларында күйге түсіп, наурыз — мамырда саулықтары жалғыз қозы табады. Кезінде өте көп ауланған, саны жылдан жылға азайып барады. 1989 — 90 ж. Алматы зоол. паркінде көбейген. 20 ғ-дың 70-жылдары 10 мыңдай болған. Қазір бұлардың 5,5 — 6 мыңдайы ғана қалған.

Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары.

Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.

Қарақұйрық (лат. Gazella subgutturosa) – сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101 – 126, шоқтығының биіктігі 67 – 79 см. Текесінің салмағы 22,0 – 41,0 ешкісінікі – 20 – 34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр түсті. Ұзындығы 33 – 43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай, қара-қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді. Тері жамылғысы құм тектес, сарғыш-сұр. Қорегі – 70-тен аса шөптесін өсімдіктер мен бұталар.

Қабылан (лат. Acinonyx jubatus) — сүтқоректілер класы, мысық тұқымдасына жататын аң. Үстірт пен Маңғыстау түбегінде кездесіп қалып жүрді.

Қабыланның дене бітімі ұзынша, тұрқы 120 — 150 см, құйрығының ұзындығы 60 — 75 см. Қалың, қысқа, сарғылт түсті түгінің үстінде қара дақтар болады. Ағаш басына, жартастарға тез өрмелеп шығады. Қабылан тұяқты аңдарды (газель, арқар, т.б.) қуып жүріп (жылдамдығы 110 км/сағ-қа дейін жетеді) аулайды. Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

 Құлан (лат. Equus hemionus) – тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы. Сыртынан қарағанда құланның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға да (жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар. ХТҚО және КСРО Қызыл кітаптарына енгізілген.

 Төртжолақты қарашұбар жылан (лат. Elaphe quatuorlineata) — қабыршақтылар отрядының сарыбас жылан тұқымдасына жатады. Маңғыстауда, Үстірт пен Аралдың солтүстігінде кездеседі

Ұзындығы 160 см, денесінің үстіңгі жағында ұзына бойына созылып жатқан төрт қара сұр жолақ не қара дақтар болады.Ересектерінде көзінің артынан езуіне дейін созылған қара жолағы бар, ал жас жыландарда бұл жолақ танау тесігінен көзінің алдына дейін созылады.

Үстірт құстары:  

Жорға дуадақ (лат. Chlamydotis undulata) – тырнатәрізділер отрядының дуадақ тұқымдасына жататын құс.. Тұрқы 65 – 75 см, қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,5 – 2,4 кг-дайЖәндіктермен, ұсақ кесіртке, жыландармен, көктемде өсімдікпен қоректенеді. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).

Республикамыздағы жалпы саны 30 мың шамасындай. Үстірт қорығында тіршілік ететін популяциясының шамалы бөлігі ғана қорғалады.

Қарабауыр бұлдырық (лат. Pterocles orientalis) – бұлдырықтәрізділер отряды, бұлдырық тұқымдасына жататын құс. Салмағы 300 – 400 г. Дене тұрқы 35 см, қанатының жайғандағы өрісі 70 см, құйрығының ұзындығы 11 см. Басы, мойнының артқы жағы және кеудесі қызыл сұр түсті. Кеудесі мен бауырында қара немесе қара қоңыр түсті жолақтар анық көрінеді.

Қарабауыр Бұлдырық – жыл құсы. Қарабауыр Бұлдырықтың жылдан-жылға саны азайып келеді. Қазір олар Үстірт қорығы мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

 

V. Бекіту.

1 . Сұрақтар.

 

  1. Үстіртте қандай жанурлар кездеседі?
  2. Қызыл кітапқа қандай жануарлар енеді?
  3. Үстірт жануарларының қызыл кітапқа тіркелген түрлері?
  4. Халықаралық қызыл кітапқа енген қандай жануарлар?
  5. Үстірттегі құстар.
  6. Қызыл кітапқа енген құстар қандай?

 

2. Сызба

 

 

 

ІV. Қортындылау.

Үйге: Үстірт жануарлары тақырыбында түсінік айту. «Үстірт жануарлары» тақырыбына  мәнжазба.

Бағалау.  Сабққа араласып отыруына байланысты бағалау.

 

Добавить комментарий