Тақырыбы: Үстірт жануарлары тарауын кайталау.
Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарды, тарауды қайталау барсында, тереңірек, толық, қосымша мәліметтермен кең көлемде мағлұматтар беру.
Міндеттері:
Дамытушылық: Сабақты өткізу барысында, қызығушылықтарын артырып, ой-өрісін, қабілеттілігін,ойын жетілдіріп, байқампаздығын, білімділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
Білімділік: Оқушылардың тарауды қайталап, қорытындылау барысында түрлі әдістер арқылы білімдерін молайту.
Тәрбиелік: Оқушылардың жануарларды қорғауға, өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыруна, ізгі қасиеттерін қалыптастыруына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, қазақ тілі.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, жарыс, әңгіме, ауызша, сұрақ-жауап, тірек-сызба.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, жануарлар суреті, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сыныптың тазалығын бақылау, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Қайталау.
Үстірт жануарлары
Тарауды қайталау түрлі кезеңдерден тұрады. Бағалау парағы арқылы бағалаймыз. Бағалау парағы оқушылар алдында мынадай түрде беріледі: Дұрыс жауап берген оқушыға –«+» қойылады
Оқушыларды кезеңдермен таныстыру:
І. «Ол не»? Тақтада әр түрлі жануарлардың суреті беріледі, сол жануарларды табу..
ІІ. «Білімді мыңды жығар» Оқушыларға сұрақ қою.
- Үстірт қорығының аумағында сүтқоректілер саны?
- Құстардың қанша түрі кездеседі?
- Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрлері№
- Сілеусінге өте ұқсас, құлақтарының ұшында қара шашағы бар –
- Ұзындығы 160 см, денесінің үстіңгі жағында ұзына бойына созылып жатқан төрт қара сұр жолақ не қара дақтар болады
- Ovis vignei arkal лат. тілінен аударғанда?
- 7. Шамамен киіктің өмір сүру ұзақтығы
- 8. Қабылан ……… класына,………. тұқымдасына жататын, ірі аң.
- 9. Қарақұйрықтың дене тұрқы
10. Доңыздың торайларының салмаығы
11. Қасқырлардың иіс сезуі
12. Түлкінің құйрығының ұзындығы шамамен
ІІ «Суретпен жұмыс»
ІV. «Тапқыр болсаң тауып көр»
1 тапсырма
V. «Сызықтық диктант»
“+” дұрыс , “ –” қате.
Үстірт арқары денесі ірі, тұрқы 140 -160 см.
Қарақұйрық (лат. Gazella subgutturosa) – сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң.
Ақ бөкеннің дене тұрқы 30-45 см.
Құлан тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы.
Қарақал – арқар, киіктерді азық етеді.
Төртжолақты қарашұбар жыланы 1 ғана жұмыртқа салады
Үстірт арқарының құлжаларының кішкене мүйізі болады.
Қабылан ірі жыртқыштардың бірі.
Қарсақ жылына 2 рет түлейді.
Түлкі жануардың 300ден аса түрін қорек етеді.
Қарсақ Қазақстанда барлық аймақта таралмаған.
Доңыз жануарлармен қоректенбейді.
VІ. «Полиглот -Тіл өнері» Оқушыларға жануарлар туралы жұмбақтар айту.
VІІ. «Қызықты әңгіме»
Әр оқушы қалауы бойынша үйге берген тапсырма ретінде, жануарлар туралы ерекше, қызықты немесе аңыз әңгімелер айтады.
ІІІ. Қортындылау.
Үйге: Үстірт жануарлары тарауын қайталау, Үстіртте мекен ететін жануарлар туралы мәнжазба.
Бағалау: Оқушылардың сабақа қатысып отыруына байланысты баға қою.