Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі

 

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №13 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі

Аринова Тазагүл Қалиоллақызы

Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Сабақтың  мақсаты: Ж.Аймауытов туралы кеңірек түсінік беру

Міндеттері:

Білімділік.Оқушыларға әңгіменің тақырыптық,мазмұндық,көркемдік ерекшеліктері туралы білімдік мағлұматтар беру.

Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу тілін,қабылдау,қабылдағанды түйсіну,есте ұзақ сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету,  өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу,мәтінді арқау ете отырып,рухани-адамгершілік бағытында тәрбие беру.

Сабақ түрі-аралас сабақ

Сабақ формасы-сыныппен жұмыс

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндірмелі,сұрақ-жауап,ізденіс,талдау-жинақтау,мәнерлеп оқу,

СТО технологиясынан: «Кластер», «РАФТ», «Бес жолды өлең», «Автор орындығы»

Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызба, түсіндірме кестелер, слайдтар.

Пәнаралық байланыс :тарих,қазақ тілі ,саз өнері

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
  3. 1.     «Артымда қыруар елім бар,өлсе де денем мен өлмен» (Ж.Аймауытов)Ж.Аймауытов өмірінен мәліметтер
  4. 2.     «Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны бұрын-соңды көрген емеспін» (Б.Майлин) Ж.Аймауытов шығармашылығы.
  5. 3.     Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

 

 «Кластер»арқылы топтастыру

  1. Жаңа білімді қабылдауға сапалы белсенділікке даярлау кезеңі.Сабақ мақсаты айтылып,тақырыбы жазылады.
  2. 5.     Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

 

Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

 

1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

 

Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

 

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.

 

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

 

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.

 

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

 

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар

-«Түртіп алу»әдісі арқылы мәтінді бөлімдерге бөліп тоқталу.

 

 

6.Алған білімді тиянақтау кезеңі.Бір сөзбен тиянақтау «Әнші» қандай шығарма?

-Мәтін бөлімдеріне ат қою: 1.Жетішатыр-жақсы қала

2.Әнші Әмірқан осы.

3.Ақтамақ хикаясы

7.Білімді бекіту кезеңі.

-Мәтінге кешенді мазмұндық талдау.

Тақырыбы

Идеясы

Жанрлық түрі

Бөлімдер саны

 

«Әнші»

Әншілік өнерді дәріптеу,өнерді құрметтеу.

Прозалық,әңгіме түрінде

3

 

 

 

-Шығармаға тілдік талдау

Қос сөздер І-бөлім бойынша

Қыс-жаз,көлең-көлең,сырнай-керней,ығы-жығы,мең-зең,ескі-құсқы,төсек-орын,шап-шақ,бұрап-бұрап,

Қаратпа сөздер І-бөлім бойынша

Ағай,балалар,

Сұраулы сөйлемдер саны ІІІ-бөлім бойынша

 

 Лепті сөйлемдерге 2 мысал ІІ-бөлім бойынша

 

 

 

-Әңгімедегі көркемдегіш тәсілдер:

-теңеулер: -Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей

-Градация:

-Көркемдік қиял:

 

     Кейіпкер бейнесін ашу

1.      Автор Әміқанның түр-түсін қалай суреттейді?

2.      Әмірқанның мінез-құлқы мәтіндегі қандай жолдардан байқалады?

3. Әмірқан әнді қалай орындайды?

 

Әмірқан – үлкен жүрек иесі. Жұрт оны еш уайымсыз, қайғыру жоқ, «Қашан көрсең де жайраңдап, арсалаңдап жүрген жан» екен деп білген. Расында солай ма екен?

 

          Нақ сұрақ – дәл жауап

 

  1. Әмірақынның өмірдегі бейнесі кім,прототипін ата ?
  2. Автор әншімен қайда кездесті?
  3. Әнші ән айтуды кімнен үйренді?
  4. Әмірақынның тұрмыс- тіршілігі қандай?
  5. Жастар не ұйымдастырды?

—         «РАФТ»әдісі  , «Бес жолды өлең» әдістері арқылы сабақты қорытындылайды.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі,орындалу жолын түсіндіру. «Ақтамақ хикаясын» аяқтап, «Автор орындығында» оқу.

 

9.Бағалау кезеңі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий