Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті
№ 1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оразбаева Бақыт Төкірқызы
5 класс, қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
А) Білімдік: Мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы
екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен
ерекшелікткері және мақалдың ғибраттық,
өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу
тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін
дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі
амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып,
шығармашылыққа баулу.
Б) Тәрбиелік: Асал да ата мұрамызды құрмет тұтуға, ұшқыр
ойлы сөйлеуге, қасиетті қызыл тіліміздің
мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті
№ 1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оразбаева Бақыт Төкірқызы
5 класс, қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
А) Білімдік: Мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы
екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен
ерекшелікткері және мақалдың ғибраттық,
өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу
тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін
дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі
амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып,
шығармашылыққа баулу.
Б) Тәрбиелік: Асал да ата мұрамызды құрмет тұтуға, ұшқыр
ойлы сөйлеуге, қасиетті қызыл тіліміздің
мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, талдау
Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, сурет
Сабақ барысы
Ұйымдастыру оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау
122-жаттығу
үй тапсырмасын бекіту
1. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
2. Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша не деп атаймыз?
3. тұрақты тіркес пен еркін тіркестің қандай айырмашылықтары бар?
Мұғалім: — Балалар, тақтаға назар аударайық
Білім қымбат, білу қиын.
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
-Бұл қандай сөздер?
— Балалар, бұл мақалдарды біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа
сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы:
-Мақал-мәтелдер
-Дұрыс, балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя мұқият түсініп алыңдар. Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.
— Балалар, мақал-мәталдар дегеніміз не?
(Оқушылар өз ойларын айтады)
Мақал-мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті.
Сызба арқылы мақал мен мәтелге түсінік беру
аяқталмаған сөйлем
ой тиянақты, ой неғұрлым ашық
дәлелді айтылады
Мақал
ақыл, өсиет түрінде салыстыру
келеді
екі бөлімді
сөйлем немесе сөз тіркесі
қорытынды пікір,
дәлелдеу жоқ Мәтел мағына тұспалды
топшылау бір бөлімді
1-тапсырма. Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді ажырат
1. Талап – тұлпар
Білім – сұңқар.
2. Ақылды адам
Ақымақтан да бірдеңе үйренеді.
3. Көзді ашып жұмғанша – тез.
4. Батылдық – батырлықтың сауыты.
5. Он саусағынан өнер тамған – шебер.
6. Аузының суы құрыды – таңданды.
7. Білегіңе сенбе,
Біліміңе сен.
8. Қара қылды қақ жарған — әділ.
2. «Жалғасын тап» ойыны. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.
1. Ер жігіт ел үшін туады,
(Ел үшін өледі).
2. Білекті бірді жығады,
(білімді мыңды жығады).
3. Аңдамай сөйлеген,
(Ауырмай өледі).
4. Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды).
5. Еңбексіз өмір жоқ,
(Ауырсыз жеңіл жоқ).
3. 135-жаттығу Мақалдарды көшіріп жазып, омоним, синоним, антоним сөздердің астын сыз.
Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ. Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ. Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі. Кіші үлкенмен керіспес. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.
4. Кеспелермен жұмыс.
Мақал-мәтелдерді толықтырып жаз
1.Ұрлық түбі … (қорлық)
2. Дұшпан күлдіріп айтады
… жылатып айтады. (дос)
3. Отанға опасыздық еткенің,
… қаралы боп өткенің. (өмірден
Мақал-мәтелдердегі антоним, омоним сөздердің астын сыз.
1.Ақылды ойлап, түйгенін айтады.
Ақылсыз шала-пұла білгенін айтады.
2. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
3. Байлық – мұра емес,
Кедейлік – ұят емес
Төмендегі сөздерді қатыстырып мақал-мәтел жаз
Ер, денсаулық, тіл, адам.
5. Ойтолғау
1-қатар «Білімсіз күнің жоқ»
2-қатар Өзің қалаған мақал бойынша ой қорытындысын жазу
3-қатар Сурет бойынша мақал-мәтел жазу.
6. Кім тауып оқиды?
1. Кітап – алтын қазына.
2. Дәнді шашпа, нанды баспа.
3. Әр сөздегі жаңа сөз жасап тұрған дыбыстарды қоссаң мақал шығады.
Кім — өкім Ара – арқа
Желі – желін Су – ысу
Кен – кене Қора – қораз
Елік – ерлік Қылық – ықылық
Мал – амал Баға – балға
Мүше – мүшел Аяқ – таяқ
Ана – дана Кит – киіт
Ақ – ақы Жеке – желке
(Өнер алды – қызыл тіл).
7. Кім тапқыр?
1. Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсінетары креді).
2. Күлме кімге? (досыңа)
Келер басыңа.
3. Қар жана ма?
(Қалауын тапса, қар жанар).
4. Ашу не, ақал не?
(Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос).
5. Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау неге тоймайды? (ұйқыға)
6. Талаптыға не жауар? (нұр)
Мұғалім: Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?
Отан, туған жер
ерлік, батырлық адамгершілік
Мақал-мәтелдердің
ынтымақ, бірлік тақырыптары еңбек
жан-жануарлар достық тіл
Сабақты бекіту
Мұғалім: Сонымен, балалар, мақал-мәтелдер дегеніміз не екен?
Халық даналығының айнасы
Халықтың ұрпағына Өмір сүру ережесі
өсиеті Мақал-мәтелдер
Халықтың ұрпағына өсиеті
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
Үй тапсырмасы: Мақал-мәтел бойынша сурет салу, сирек кездесетін мақал-мәтелдер жазу.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау