Қожахметова Мақбоза Төлеңдіқызы
М.Қозыбаев атындағы № 23 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы:
«Қазақ халқының қонақжайлығы және қайырымдылығы. »
Мақсаттар: І. Білімділік: 1). Әрбір оқушының өздігінен білім алуға үйрету және оқыту.
2). Оқушылардың «Етістік» сөз табынан есімше категория бойынша алған білімдерін еске түсіріп , тиянақтау.
ІІ. Дамытушылық: 1). Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру, өз ойын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету.2). Оқушының тілді қарым- қатынаста қолдану арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3). Қазақ халқының тұрмыс- тіршілік жөнінде жаңа мағлұматтар беру, этно- мәдени мағлұмат беру. 4). Қайырымдылық, қайырымсыздық қасиеттерді салыстырып, оқушылардың пікірлерін ортаға салу.
ІІ. Тәрбиелік: 1), Халықтық салт-сана мен халықтық тәлім – тәрбие беру. Өз халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікірлесу, білім дағдыларын қалыптастыру.Қойылым жасау.
Сабақтың әдісі: әңгіме әдісі, талдау әдісі.
Қолданылатын технологиялары: дамыта оқыту технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы, өздігінен даму технологиясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Көрнекіліктер: Қосымша мәтіндер. Интерактивтік тақта. Грамматикалық кестелер.
МАБ-қа дайындық жасау. Электрондық тест № 10.
Презентация « Есімше түрлері»
Келесі сабаққа үйдің тапсырмасы: 1). Қонақ туралы, қайырымдылық туралы мақалдарды жаттау, мағынасын ашу. 2). «Қонақжайлық» жаңа мәтінбойынша диалог жасау. 3). Есімше түрлеріне 5 сөйлем құрастыру және синтакситстік талдау жасау.
Электрондық тестті орындау.
І. Үйдің тапсырмасын тексеру.
«Қонақ туралы» мақалдар. «Қайырымдылық» туралы мақалдар.
1. Қонақ келсе, құт келер.
2. Құтты қонаққа – тәтті тамақ.
3. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
4. Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – жұт.
5. От жағылмаған үй – қора,
Кісі келмеген үй – мола.
6. Қонағын сыйласа төрге щық дейді.
7. Қонақ келсе , ет пісер,
Ет піспесе, бет пісер.
Тапсырма: Бұл мақалдың мазмұнын ашу.
ІІ. СБҚС түрлерін қайталау. Синтаксистік талдау. (тақтада)
Кәртішке № 1. СБҚС. Синтаксистік талдау жасау.
Бәрі көлге бармақ болып, Айбала шай қоюға кірісті.
Кәртішке №2. СБҚС сөйлемге синтаксистік талдау.
Жауын көп болғандықтан, биыл егін бітік шықты .
Кәртішке № 3. Сөз құрамына қарай талдау .
Қонақжайлық, қайырымдылық, құрметтейді, мінезіндегі, алғыстары, сыйластықта
ІІІ. Мақалдар: «Қайырымдылық, қайырымсыздық туралы»
1.Жақсыға қылған жақсылық
Өміріңде тозбайды.
Жаманға қылған жақсылық
Бір күнгідей болмайды.
2.Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді.
(Корова не понимает ласки, дурень уважения)
3.Өзім асыраған күшігім, өзімді қапты.
4.Су ішкен құдығыңа түкірме. (Мағынасын ашу)
Тура мағынасында айтсам, суды құдықтан аламыз, ішеміз.
Ауыспалы мағынада айтса, былай деп ойлаймын:
Мысалы, бір үйге қонақ келсе, немесе жиі келетін бір адам болсын.
Сол үйде өз үйінде сияқты тұрады, оны отбасы мүшесі деп санайды.
Бірақ бір қиын сәтте көмек сұрасаң, ол көмектеспейді, уақытым жоқ, деп айтады. Немесе бір жағдаймен тез кетіп қалады. Көп уақыт көрінбей кетеді. Ал оған керек кезде ештеме болмағандай тағы ұялмай келеді.
Ондай адамнан аулақ жүру керек.
ІҮ. Қосымша мәтінмен жұмыс. «Қонақжайлық» мазмұндау.
Ертеден-ақ қазақтардың болмысының бір негізі – қонақжайлық болған. Қазақтың үйіне күн демей, түн демей тіпті бейтаныс адам да қонаққа келе алған. Оны – құдайы қонақ деп атаған. Оған аса зор ынтасын білдірген. Немесе қой сойып, немесе сыбағалы ас берген.Қазақтың дәстүрлі қонақжайлығы туралы біздің даңқты жерлестеріміз Сәбит Мұқановтың , Иван Петрович Шуховтың шығармаларында жазылған. С.Мұқанов өзінің өмірбаянында «Өмір мектептері » трилогиясында былай жазады: «Жылына бір рет туыстар бір – біріне қонаққа жиналады. Бұл кездесулерге өте салтанатты жағдай жасалады. Кедей отбасынан қонаққа тек бір-ақ кісі бара алған. Себебі басқаларының мінетін аты болған жоқ. . Көлдің жағасында жайлау құрылады. Қонақтарды күткен адамдар қонақтарды әр үйге таратады.
И.П. Шухов өзінің «Отмерцавшие марева » повесінде қазақтардың қонақжайлығы туралы таңырқай жазады. «Мен көшпенділердің ауылын тұңғыш рет көрдім. Біздің станичтік байырғы көршілеріміздің бейбіт көшпенділердің жазғы еркін өмірі менің жаныма ұнады. »
Оқушылардың өздік жұмысы
Қонақтардың түрлері.
Қазақтарда қонақты жолына қарай бөлген:
Арнайы қонақ –арнап шақырылған қонақ, ол силы қонақ.Оған мал сойып қарсы алған. Құдайы қонақ – кездейсоқ келген қонақ (случайный) .
Қыдырма қонақ – алыстан келген ағайындарын іздеп қонақ. Олар жүруге, кетуге асықпаған қонақ.
Қылғыма қонақ — қай үйде болса да, тамақты аңдып, шақырусыз келетін қонақ.
Қазақтар былай дейді: Ұнамсыз қонақ келсе,
Ішіңді басып жатып ал.
Ұнамды қонақ келсе,
Мал сойып күтіп ал.
Оқушы
Шай берудің мәні әр елде әр түрлі. Мысалы, Қазақстанның көптеген аудандарында пиалаға шайды қонақ риза болсын деп толтырып құяды.
Ал оңтүстікте күн шыжып тұрғанда шай тез суысын деп 2-3 жұтымдай ғана береді.
Қазіргі кезде дастарқан мәзірі көптеген сыртқы өзгерістерге ұшырады. Бірақ көне заманнан бері қонақжайлық заңы жоғалған жоқ.
Бүгін дастарқан басында тек қазақтар ғана емес, көп ұлтты республикамызда өмір сүріп жатқан орыстар, украиндар, татарлар, өзбектер, немістер, ұйғырлар, кәрістер т.б. де жиналады. Қазақтармен ондаған жылдар қатар өмір сүріп, олармен қайғысын, нанын, қуанышын бөліскен туысқан халықтар қазақ халқының тұрмысына , мәдениетіне әсер етті.
Бауырсақ туралы .
Ү. Өзара сөйлесу. Үйде дайындаған диалогтарды айтқызу.
1) «Қонаққа бару»
2). Қожайын – Қонақ
ҮІІ. Қосымша мәтінмен жұмыс. Оқу, мазмұнын айту.
«Қонақты қарсы алу, күту рәсімі»
Қонақ атпен келгенде, аттан түспей сұрайды: Үйде кім бар?
Егер ол таныс адам болса. Ол қысылмайды, аттан түседі, үйге кіреді.
Үй иесі былай дейді: «Төрге шығыңыз! Жоғарлатыңыз! Төрлетіңіз!»
Үйде ата – анасы болмаса, балалары қонақты қарсы алады. Оған қол беріп, сәлемдеседі. «Ассалаумағалейкум!» , сосын киім шешуіне көмектеседі және төргк қонақты отырғызады.
ҮІІІ. Пікірлесу. Қонақ келгенде қалай қарсы аласыңдар?
Өз сөздерімен айту.
ІХ. Мақалдар: «Қайырымдылық, қайырымсыздық»
1. Жақсыға қылған жақсылық
Өміріңде тозбайды.
Жаманға қылған жақсылық
Бір күнгідей болмайды.
2. Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді.
(Корова не понимает ласки, дурень уважения)
3. Өзім асыраған күшігім, өзімді қапты.
4. Су ішкен құдығыңа түкірме. (Мағынасын ашу)
Х. «Қайырымдылық» деген жаңа мәтінді оқып шығу. Соңында мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Қазақ халқының мінезіндегі ең жақсы қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. Қайырымдылық – қазақ халқының аса қымбатты дәстүрі.
Қайырымсыз адамдарды жек көрген. Оларды өз ертегілерінде , аңыздарда, өлеңдерінде күлкі етті. Мысалы, Алдаркөсе қайырымсыз, сараң байларды күлкі етеді.
1930 жылдары Ресейден, Украинадан, Кавказдан Қазақстанға мыңдаған адамдар, отбасылар жер аударған. Қазақ халқы оларға үлкен қайырымдылық жасады. Елде ашаршылық болды, бірақ қазақтар өз үйлеріне қабылдайды. Бір ұзім нанды бөліп жеді. Солай өлімнен құтқарды. Орыс, неміс, украин, шешен, қарашай, корей, түрік, т.б. ондаған мың өкілдері аман қалды. Бүгінде олар Қазақстан халқын құрап жатыр. Олардың қазақ халқына алғыстары шексіз.
Отбасындағы қайырымдылығы – балаларға үлгі. Олар да қайырымдылықты жасауға үйренеді. Сонда ғана олар сыйластықта өмір сүреді.
Қайырымдылықтың түрлері көп. Тұрмысы мұқтаждарға материалдық көмек көрсету, мектептер салу, мешіттер салу, ақындарға, әншілерге қолдау жасау, жетім балалар үйіне қайырымдылық акцияларға қатысу т.б. әрекеттер болады.
Сұрақтар:
1. Қазақ халқының мінезіндегі ең жақсы қасиетінің бірі не?
2. Қайрйымдылық ол не?
3. Қандай кейіпкер сараң байларды күлкі етті?
4. 1930 жылдары қай елден мыңдаған адамдар жер аударды?
5. Бүгінде Қазақстанды қандай халықтар құрап отыр?
6. Отбасындағы қайырымдылық жасағанда, балалар өзіне не алады?
7. Өзара қалай өмір сүреді?
8. Қайрымдылықтың түрлері қандай? (мектеп салу, мешіт салу, жетім балалар үйіне қайырымдылық акцияға қатысу т.б.)
Мұғалім: Балалар, қайырымдылық жасауды тек қана адамға жасау керек пе?
ХІ. Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ» табиғатпен байланысты әңгіме бойынша шағын көрініс жасалады.
«Таза бұлақ» Автор: Ы. Алтынсарин.
Жүргізуші: Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан. Айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары. Бұлақтың үстіне төгіліп тұр. Суы мұздай салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың су ағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!
Манағы 3 жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң, жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
Саудагер:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн- түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара- бара кеңейіп, үлкееді. Бұған бөтен бұлақтар құйылады. Сөйтіп бұл бұлақ үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам тынбай қызмет қыл, ешқашан жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайыпмұратыңа жетесің, деп білемін.
2-нші жолаушы мүсәпір басын шайқап.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жігіт айтты: Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді; бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді.
Бұлақ күні –түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, бұлаққа қарасақ, күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз. Көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін.
ХІІ. Бүгінгі кездегі отбасындағы кездесетін қайырымсыздық туралы әңгімелеу. «Ана жүрегі» клип бойынша пікірлесу.
Оқушылар өз көзқарасын білдіреді.
ХІІІ. Қорытынды жасау.
Балалар, бүгін біз ең қажетті қазақ халқының дәстүрі туралы және адамгершілікпен байланысты мәселелелерді қозғадық. Бүгінгі сабақ сендерге үлгі болсын. Болашақта тек қана қайырымдылық жасаңдар, адамгершілік қасиеттерден айырылмаңдар. Әке-шешелеріңді ешқашан тастамаңдар.