Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қаласы, №2орта мектеп.
«Өрлеу» ОҒҚ.
Тақырыбы: «Шәкәрім Құдайбердіұлы және ислам діні»
Жас зерттеуші: Ембі қаласы №2 орта мектебінің 11 орыс.кл. оқушысы Подольская Анна.
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары.
Секциясы: этномәдениетану.
Жетекшісі: Эльвира Магауевна Курантаева .
2013 жыл.
Ембі қаласындағы №2 орта мектебінің 11 орыс класс оқушысы Подольская Анна Ивановнаның ғылыми жобасына қатысты берілген
ПІКІР.
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы және ислам діні.
Ислам дініне қатысты соңғы уақытта көтеріліп жүрген мәселелер жан-жақты тиянақтауды қажет етеді. Шәкәрімнің шығармашылығы арқылы ислам дінімен танысу барысында, оқушы ислам дінінің мейрімділікке, адамгершілікке, тәртіпке шақыратынына көзі жетті.
Ғылыми жоба 3 тараудан тұрады. Зерттеу барысында оқушы Шәкәрімнің дін туралы шығармаларын басты назарға алды.
Өзге ұлт өкілі ғылыми жобаны мемлекеттік тілде қорғағаны көңіл аудартады.
Жұмыс қойылған талаптарға жауап береді, сондықтан қорғауға жіберуге болады деп ойлаймын.
Мектеп директоры: М.М.Данагулова.
Жетекшісі: Э.М.Курантаева.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты:
Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне шолу жасап, оның шығармалары арқылы ислам дінімен танысу.
Зерттеу мерзімі: 2013 жыл.
Зерттеу кезеңдері:
І. Даярлық кезеңі:
А) Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мәліметтерді баспасөз беттерінен іздеу,кітаптар оқу,танысу.
Ә) Ақынның ислам діні туралы шығармаларына шолу жасау.
II. Тақырыпты зерттеу:
А) Шәкәрімнің өмірімен танысу.
Ә) Ойшыл ақынның ислам діні туралы шығармаларымен танысу.
Б) Ислам дінімен танысу.
В) Жұмысты жинақтау,зерттеу нәтижесімен өзіндік ой-пікір,ұсыныстар айту.
III. Жұмысты қорғауға әзірлік кезеңі:
А) Қосымша материалдар,баннер әзірлеу.
Ә) Жұмыс негізіне баяндама жұмысын дайындау.
Жұмысты орындаудағы әдіс-тәсілдер:
Зерттеу жұмысында мәліметтер жинау, Шәкәрімнің ислам діні туралы ой-пікірлерімен танысып, ғылыми негізде талдап көрсетуге талпыныс жасадым.
Жұмыстың құрылымы:
- Кіріспе.
- 3 тараудан тұратын зерттеу бөлімі.
- Қорытынды.
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспеде: Тақырыптың өзектілігі мен мақсат-міндеттері,оның орындалу жолдары туралы сөз болды.
Зерттеу бөлімі: Ойшыл ақынның туралы шығармаларымен танысу арқылы ислам діні туралы мәліметтер алу.
Қорытынды: Мұхаммед пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: бидғаттан сақтаныңдар,себебі әрбір бидғат –адасу.
Кіріспе.
Менің аты-жөнім Подольская Анна.Қорғайтын ғылыми жобамның тақырыбы: «Шәкәрім Құдайбердіұлы және ислам діні».
Мақсатым: Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне шолу жасап, шығармалары арқылы ислам дінімен танысу.
Ғылыми- зерттеу жұмысының өзектілігі: Шәкәрім ислам дініне жаңалық еңгізуден аулақ болуға шақырған.
Ғылыми- зерттеу жұмысының жаңалығы: ойшыл ақынның айтқан сөздері Пайғамбарымыз
Мұхаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен алынған.
Зерттеудің барысы 3 кезеңнен тұрады.
Зерттеудің бірінші кезеңінде ақынның өмір жолы зерттелді.
Зерттеудің екінші кезеңінде ойшыл ақынның ислам діні туралы «Мұсылмандық шарты» кітабымен таныстым.
Зерттеудің үшінші кезеңінде жиналған деректер негізінде баяндама жазылып, қосымша материалдар даярланды.Зерттеудің жұмысындағы қолданылған әдістер жинақталып, жүйеленді.
Зерттеу бөлімі.
Эпиграф ретінде Ш.Құдайбердиевтің «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлең жолдарын алдым.
“Көнбеймін дінді теріс бұзғаныңа,
Сопының бара қойман құрбанына.”
Шәкәрім Құдайбердіұлы
(1858-1931)
Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Атасы Құнанбайдың, соңынан ағасы Абайдың тәлім-тәрбиесін алады. Өзінің «Мұталғанның өмірі» атты ұзақ өлеңінде бес жасынан ауыл молдасынан сабақ алып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Сөйтіп, өз бетімен орысша үйренеді, ғылым-білім жолына түседі.
Шәкәрім Гетені де, Пушкинді де өзіне жақын тартқан. Ол Абайдан көп үлгі-өнеге алған, оны ұстаз тұтқан. Ойшыл ақын Аллаһты тануға шақырады. Дін бұзушыларды қатты сыңға алады: «Көнбеймін дінді теріс бұзғаныңа, сопының бара қойман құрбанына».
Шәкәрім өзін өмір бойы Толстойдың шәкіртімін деп санаған.
Өкінішке орай ақынның 1931жылдан бастап өмірі аса ауыр халде өтті. Бірсыпыра жұрттың Шәкәрімнің шыққан әлеуметтігінің тегі үрейлендіреді.Ал оның өшіккен жаулары байлар мен молдалар, олардың құйыршықтары оны «шоқыншы» деп атап сандарын шапалақтады.Асыра сілтеудің салдарынан ақын ел ортасынан аулаққа кетуге мәжбүр болады.Шығыс тауларының тыныш бір қойнауында Шәкәрімнің оқшау үйі, жазу столы, шағын кітапханасы болған.Жалғыз досы қағаз бен қалам ғана еді.Бандылармен байланыста болды деген жала жабылған ақын түрмеге де қамалады,бірақ айғақтың жоқтығынан одан босатылды.Елден оқшау жатса да ақынның әуре-сарсаңы біте қоймады.Бұған кінәлі сол кездегі асыра сілтеу саясатын қолданушылар еді. Ел ортасынан аулаққа кеткенде қарт ақын басқа бөтен оймен кеудесіне кек сақтап кеткен жоқ.
Мен кеттім сендер елде қойдың қалып
Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып
Елу бес жыл жинаған қазынамды
Оңашада қорытам ойға салып, —
деп өзінің оңаша кету мақсатын ашық түсіндіреді. Ол елсіздегі қорада жалғыз жатады. Бар шаруасын өзі істейді. Жалғыз досы қалам мен қағаз ғана еді.Шығыс тауының қойнауында орналасқан оқшау үйінде ақынның жазу үстелі, шағын кітапханасы болған.
«Әйел, бала-шағасынан безіп, елсіз қорада Л.Толстойша бөлініп тұрып жатыр» деп қанқу сөз таратқан қайсыбір кісілерге жауап ретінде ақын:
«Кейбіреу безді дейді қатынынан,
Туысқан, бауыр бала жақынан.
Қаңғырып, Толстойша өлер дейді,
Шатасып қартайған соң ақылынан,
Мен болсам Толстойдай арманым жоқ,
Шатасып ақылымнан қалғаным жоқ.
Сырымды білетұғын сендер емес,
Өлейін деп елсізге барғаным жоқ», —
дей келіп, осыған орай өз басының арман-мұңын да ортаға жайып салады.
2 октябрь /қазан/ күні Шыңғыстаудан банда қууға шыққан Абзал Қарасаратовтың отряды аз адаммен аңға шыққан Шәкәрімді кездестіреді. Басқадан бөлініп өзінің залалсыз адам екенін білдірмек болған Шәкәрімді отряд екі дүркін атады.Ақын осылай дүниемен қоштасады. Бұл сұмдық оқиға 1931 жылы 2 октябрь күні болған. Сөйтіп Шәкәрім ақын 73 жасында жазықсыз оққа ұшқан.
Шәкәрім беделі күшті әрі еліне сыйлы адам болған. Сондай керемет кісінің атағы мен абыройын кейбір көреалмаушылар қызғанғаннан атты ма кім білсін?! Бірақ жетпіс жастағы қарт бандыны қалай басқарады?! Шолақ белсенділер соны еш ескермеген. Мұнда жай ғана «сыныққа сылтау керек болған» сыңайлы. Солайша өтірік жаламен Шәкәрім 1931 жылдың 2 қазанында 73 жасында оққа ұшқан. Қаныпезерлер ол кісінің сүйегін қайбір арулап қойсын?! Денесін жерге де көмбей, құрқұдыққа тастай салған.
Жалпы, ол кісінің өліміне Қарасартовтың қатысы бар екендігі көп айтылады. Қарасартов сол кезде НКВД бастығы болған. Сондай-ақ біраз деректерде Қарасартовтың қарамағында болған ұлты башқұрт Халитовтың оқ атқандығы айтылады. Қайткен күнде де, біз қажының дәл кімнің қолынан қаза тапқанын біле алмаймыз. Ол әсіре кеңесшіл НКВД қызметкерлерінің оғынан қаза тапты. Ақынның өлімі сол адамдардың мойнында. Шәкәрім қазасының құпиясын зерттеп, түрлі болжамдарын алға тартып жүрген зерттеушілердің де тұжырымы осыған саяды.
Шәкәрімді көре алмаған әсіре кеңесшілдер ол өлген соң да тыныш отырмаған. Олар қажының ақталуына кәдімгідей қарсылық көрсеткен. Шәкәрімнің атын атауға тыйым салынып, шығармалары көп жылдар бойы жабулы жатқаны, ақын туралы сол кезде айтылса, тек оғаш, кате пікірлер ғана айтылып келгені белгілі. Сонда да Шәкәрімнің өлен-жырларын, дастандардын жаттап, жадында сақтап, айтып жүрген адамдар аз болған жоқ.
1958 жылы КСРО прокуратурасы оны атына кір келтіретін деректердің жоқтығына байланысты толықтай ақтады. Алайда сол баяғы шолақ белсенділер бұл ресми мәліметке мойынсұнғысы келмей, жоғарғы жақтарға арыз жазып жүріп, шығармаларының насихатталуына тосқауыл болды. Бұл тосқауылдарға қарамастан, шығармаларына халықтың сұранысы артып, Шәкәрім баяғы абырой-беделімен ұлтқа қайта оралды.
Шәкәрім тарихпен де айналысқан. «Меккенің де, Мединенің де тарихтарын ақтардым», — дейді өзі. Бұл саладағы басты еңбегі – «Шежіре»
Шәкәрім түйеқарын өсімдігін қайнатып, қойылтып, оған ашудас қосып, қолдан сия жасай білген, өзі сол сиямен жазған.Ол төрт тілге жетік болған: орыс, араб, түрік, парсы.Шәкәрім өз тұсындағы құсбегі, мерген, аңшы болған.
Зият әкесі Шәкәрім Құдайбердіұлына арнап «Сілбі» поэмасын жазады. Поэмада Зият әкесінің қапыда жендеттер қолынан жазықсыз оққа ұшқанын, әкесінің көкірек көзі ояу, шебер сөздері «Шөлдеген жанға еді бал» деп замандастарын білім мен ғылымға жетелеген жаратқан иенің жолын жөн көрген, қажы екенін айтып, ораза, зекетін, намазын қалдырмайтын адал жан екендігін бейнелейді.
1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкәрім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған.
«…және аятта: «Ей, мұсылмандар, пайдаланыңыз берген адал ырзығымнан», — деген», «Хадис: «Адал уәдесін бұзбаған иманның белгісі», — деген, «…адам өзін-өзі танымақ деген, жаратқан иесінің құны екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ».
«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық,»-дейді ақын.
Акынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге көзқарасындағы бірлік-біртұтастықты танытады.Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім жаратса –Тәнірі сол» дейді.
Тәніріні іздеу, жаратқан Аллаға сену-ақиқатты іздеу, адалдыққа ақылмен жету деп түсінеді. Ақынның ойшылдығың оның дүние-болмыстың терең сырларын тауып-білуге құмарлығын, мысалы, дүние қалай жаралған деген мәселеге айрықша көніл қойып, тиянақты жауап іздеп, сол арқылы «ен түпкі жаратушы-мінсіз Ие» деп түйіндеуінен айқын аңғара аламыз.
“Ноқтасыз оймен тексердім,
Бояулы діннен сескендім.
Дін шатағын көп көрдім,
Қатесін сынап тергенде.
Іздедім, таптым анығын
Тастадым ескі танығын.
Хақиқат нұрдың жарығын
Жарылды жүрек көргенде”–деп «Үш анықта» өзінің негізгі мақсатына жеткендігін де айтып өтеді.
«Тау бойындағы ой» деген өлеңінде дөнгеленген жердің күнді айналып жүретіні көзбен көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегені айтады:
Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау!
Қайырлы түн болсын деп үнсіз айтып,
Күн кеткен соң, түн келді қараңғылау!
Құранға келетін болсақ: «Расында түн мен күннің ауысып келуінде және Алланың көктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде әрине сақтанатын ел үшін дәлелдер бар» (Юнус сүресі,6аят)
«Ей, жастар, қалай дейсің бұл дұние ?» деген басқа да өлеңінде Шәкәрім дүниеде таңғаларлық нәрсе өте көп, алайда бәрінде де заңдылық, қисын бар деген пікір айта келіп, «себебі толымдының ісі толық» дейді. Яғни, бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса, жаратушының кұдіреті де шексіз деген мағына туады:
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?
Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?
Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,
Мақсұт, білім, ой шықты мұнан неге? – дейді.
Өнер – білім, ғылым үйрену мәселесін ойшыл ақын халықтың мүддесімен, биік адамгершілік, әділеттілік, махаббат, адал еңбек ете білу, талаптылық, жігерлілік секілді қасиеттерді үлгі тұтады. Бұл қасиеттер мейірімділік, имандылық арқылы толысып, жетілетінін атап айтады.
Адамдық борышың
Халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.(Ш.Құдайберді.Өлеңдер219-б.)
Шәкәрім қажының 1911 жылы«Мұсылмандық шарты» деген еңбегіне тоқталатын болсақ, жазушы бұл кітапта мұсұлманның бес парызын оқырманға жетік түсіндірген.
Мұмылманның бес парызы.
- шахада;
- намаз;
- закят;
- ораза;
- қажылық.
Мұхаммед пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді. Жетпіс екі тобы Отта, ал біреуі Жәннатта болады». Сахабалар: «Ол құтылған топ кімдер?», — деп сұрақ қояды. Бұған пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар, мен және менің сахабаларым ерген нәрсеге ілескендер», — деді. Бұл хадис бірнеше сахабалардан жеткен.
Ойшыл ақын «Арақ, мастық, жар, жан, шатақ, иманның шешуі» атты өлеңінде қазірге кездегі дінді бұрмалаушылардың халін анық жазған. Діннің ғажайып білгірі Шәкәрім осыған дейін айтылған ойларымызды қуаттай отырып, мәселенің түп мәнісін – шатақ діндердің пайда болу жолын соқырға таяқ ұстатқанай қылып ашып береді. Барлығы, – дейді Шәкәрім, – шатақ иманнан, яғни ақиданың дұрыс болмағанынан дейді. Және бұл ша-
тақ иманның пайда болуына тәпсіршілер (Құранды түсіндірушілер) кінәлы дей отырып, діннің қадірі қашып, адамзатты шошыта бастаған рухани ахуалды дәл бағамдап, түп-тамырын дөп басып айтып береді.
Құранның шын мағынасын шатақ ұғып,
Молдалар маған қоймақ кәпір деп ат.
Ақылыңа сынат да дәлел айтқан
Құраннан табылады талай аят.
Құран сырын ұға алмай бұзса-дағы,
Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат
Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне
Дін десе тұра қашты есті азамат.
Бар обалы олардың тәпсіршіде,
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол қатені түзеткен әлімдер көп,
Соның сөзін оқысам боламын шат.
(Ш.Құдайберді.Өлеңдер215-б.)
«Дін» деген өлеңінде Шәкәрім:
Жер жүзіне қарасам,
Неше түрлі халық, бар,
Дін, иманын санасам,
Мыңнан артық, анық бар.
Сол көп дінде шешу бар,
Ол шешудің арты бар.
Адасқанға кешу бар,
Кешудің де шарты бар.
(Ш.Құдайберді.Өлеңдер216-б.)
Раббымыз Аллаһ “Тахрим” сүресінің 8 аятында: “Әй, мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар…”.
Тәуба мына үш жағдайды қамтуы керек:
1) адам ондай күнә жасаудан бас тартуы керек;
2) сол жасаған күнәсі үшін өкінуі керек;
3) ондай күнәні ендігәрі қайталамауға бекем бел байлауы керек.
Ақынның « Кешудің де шарты бар» деп осы жағдайларды айтқандай.
Шәкәрім ақынның:
«Әлемдегі діндердің түп мақсұты
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар», -деп жырлағанындай тарихқа қарасақ, жалпы адам баласының бір пікірде тоғысқан мәселесі — осы ақыретке деген сенімі. Адам Атадан бастап жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарлар Ұлы Жаратушының барлығы мен ақыреттің еш күмәнсіз хақ екендігін жар салса, жүрегі нұрланған күллі ғалымдар мен ұлы ойшылдар бұл сенімге бекем иланып, мына жалған уақытша өмірлерінің ағысын сол бір мәңгі өмірге қарай реттеп, бағыт түзеп ғұмыр кешкен. Міне, осы ұлан-асыр тарих пен осыншама заңғар тұлғалардың ақырет турасында бір пікірде болуы — ақыреттің хақ екендігін білдіретін басқа дәлелдерге жүгінуді қажет етпейтіндей қуатты дәлел.
Ақынның: Дін тазасын діннен ізде,
Дін шатағын сынға сал.
Анық айна өзіңізде,
Айда ақылды қаттырақ.
деген сөздерінен, халықты имандылыққа ұйуға, ұлттық құндылықтарымызды түсінуге, ақылға ерек-
ше мән беріп, не нәрсені болса да терең пайымдап түсінуге, ойланбай, азғырғанға ермеуге шақыра-тынын аңғарамыз.
Қорытынды:
Шәкәрім өлеңінің әр шумағының «Бір Аллаға сыйынған арам өлмес» деген тармақтан басталуы кездейсоқтық емес. Шәкәрім поэзиялық шығарма-
ларында адалдық, имандылық жолын қашан да шамшырақ етіп отырған.
Еліміз тәуелсіздік алған соң, халқымыз имандылық жолына қайта бет бұрып, бірте-бірте рухани жаңғыру жолына түсуде. Ендігі мақсат Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ұлтымыз жайлы «қазақ кең пейіл, адами құндылықтарды бағалайтын, адам баласының бәрін бауырым дейтін кемеңгер халық» деген аталы сөзін ұстана отырып, дін мен ғылым, мәдениет пен өнерге аянбай тер төккен рухани ірі тұлғаларымыздың бай мұраларын зерделеп, жұртымен қайта қауыштыру. Сондай-ақ, Елбасымыздың: «Біз — тегіміз түрік, дініміз — Ислам екенін ұмытпауымыз қажет. Ол үшін Қасиетті кітап — Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек», — деген парасатты сөзі әр мұсылманның жүрегінен берік орын алуы тиіс. Оның: «Біз суннит (Пайғамбар жолын ұстаған) мұсылмандармыз және осы жолдан айнымауға тиіспіз» деген сөзі Мұхаммед пайғамбардың (оған
Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бидғаттан сақтаныңдар,себебі әрбір бидғат — адасу»,-деген сөзімен үндеседі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1)Айтбаева А. Шәкәрiм Құдайбердiұлының дiни-этикалық көзқарасы: Автореферат / Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi.- Алматы, 1996
2)Оразбек М. Ақындық тұлға табиғаты ( Шәкәрiм, Мағжан,Сұлтанмахмұт ): Зерттеу.- Астана: Фолиант, 2002.- 152 б (Отырар кiтапханасы)
3)Тiлеуханова А.Т. Шәкәрiм шығармаларындағы шеберлiк пен таным бiрлiгi: Автореферат Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ.- Алматы, 1995.- 25б.
4) Шәкәрімтану мәселелері VІ (2,5 бб,.)
5) Сәтбаева «Шәкәрім Құдайбердіұлы»Алматы;1990
6) Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі.